Қазақстандық жастар Азия чемпионатында 7 медаль алды
30.05.2025
48
0

Сингапурде өткен көркем гимнастикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл жарысқа Алматы олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысып, 4 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Олардың арасынан жеке бағдарламада Ақмарал Ерекешева доп және лентамен сайысқа түсуден чемпион атанса, шеңбермен екінші орынға тұрақтады.
Ал топтық жаттығуда ел құрамасы булава және шеңбермен сайыста жеңіс тұғырына көтерілді. Командалық сайыста қазақстандық гимнастшылар екін­ші орын алды. Бұл жолы Ақмарал Ереке­шева, Айғаным Рысбек, Ксения Ши­молина, Томирис Вахлова, Анастасия Чащина, Әлия Бақытқызы, Евгения Вендиревская және Елизавета Егорова сынға түсті.
Сондай-ақ алты спортшыдан құрал­ған топтық жаттығулардағы көп сайыста Ксения Шимолина, Томирис Вахло­ва, Анастасия Чащина, Әлия Бақыт­қызы, Евгения Вендиревская және Елизавета Егоров 2-орын алды.

Наурызғали Дінмұхамед,
Абылай хан атындағы
ҚазХҚ және ӘТУ
журналистика факультетінің
1-курс студенті 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір