«Рухани жол»
29.01.2016
1269
0

1Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай Абай, Шәкәрімтану ісімен үзбей шұғылданып келе жатқан әнші-сазгер, ақын-қаламгер, ұстаз-филолог, қолөнер шебері Арғынбек Ахметжановтың «Рухани жол» атты төрт томдық шығармалары оқырманға жол тартты. «Рухани жол» еңбегі 65 ән-романстан тұрады, оның 45-і Абай өлеңдеріне, екеуі Шәкәрім өлеңдеріне арналып шығарылған.

Абай, Шәкәрім ән-дастан мұрасын, Абай тәлімін, автордың ән-романстарын қамтитын бұл еңбек – құнды деректері­мен, айтар ойының кеңдігімен, ғылы­ми­лы­ғымен бағалы.
Мәдени мұра жас ұрпаққа, Абай, Шә­кәрім рухани әлеміне қызығушылар мен зерт­теушілерге, жалпы өнерсүйер қауым­ға арналған. Мұражайдың негізгі қорын­да Абайдың әндерін орындаушы ән­ші­лер­дің ән-күй таспалары сақталған. Жыл сайын мұражайдың қоры жаңа құнды деректермен, бағалы жәді­гер­лер­мен то­лығуда. Бүгінде Абайдың музы­калық мұрасы, қазақ музыка зерттеу ғы­лы­мында жеке сала болып зерттелуде. Осы айтыл­ғандар мұражайда хакім Абайдың ән-күй мұрасын заманауи техника көмегімен насихаттауға жақсы мүмкіндік береді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір