ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚТЫҢ ТОЙЫ ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
06.02.2024
566
0

23 қаңтар күні Алматы облысы Талғар қаласының орталық Мәдениет үйінде «Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толу мерейтойына орай оқырмандармен кездесу өт­ті.

Жиынды Талғар аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту басқармасының бастығы Фарида Бегенбаева мен Тұздыбастау ауылдық мәдениет үйінің директоры Мұратбек Сарбасов ұйымдастырды.
Жұртшылықпен жүздесуге «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, жазушы Дәурен Қуат, бас редактордың орынбасары – жауапты хатшы Дархан Бейсенбекұлы, газет қызметкері Еркін Жаппасұлы, басылымның ардагерлері, ақындар Әбубәкір Қайран, Болат Шарахымбай қатысып, басылымды алғаш жарыққа шығарушы әдебиетіміздің алыптары, әр кезеңде басшылық жасаған қаламгер тұлғалар туралы әңгіме өрбітіп, қашан да еліміздің жоғын жоқтап, барын жарқырата жариялау­мен келе жатқан «Қазақ әдебиетінің» тарихын қысқаша баяндап берді.
Жиын барысында тыңдармандарды дәстүрлі әнші, Дәнеш Рақышев мектебінің түлегі, республикалық конкурстардың жеңімпазы Айдын Әбдіманап тыңдармандарды әнмен сусындат­ты. Жиынды басылымның бас редакторы қорытындылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір