ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ ШЫНДЫҒЫ БЕДЕРЛЕНГЕН ЖИНАҚ
20.12.2022
283
0

Алматы қаласындағы Жазушылар кітапханасында ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, алаштанушы-ғалым, публицист, философия ғылымының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Азаттық аңсаған» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Автор «Азаттық аңсаған» деректі хикаятында Қазақстандағы Саяси репрессия тақырыбын өзек етіп алған. Еңбекке репрессия тұзағына түскен бүтіндей бір Айтмұрзаевтар әулетінің тағдыры арқау болған. 1937-1938 жылдардағы репрессияның қанды шеңгеліне іліккен Шамақан Жәлік Айтмұрзаевтың басына түскен қасіреттің зардабын балалары, немерелері мен шөберелері де көргендігі әсерлі баяндалған. Ақсақалдың үшінші ұрпағы – 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы – Құрманғазы Айтмұрзаевтың қилы өмірі де жинақта жан-жақты ашылған. Сондай-ақ автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты мағлұматтарды да нақты деректермен дәйектейді, желтоқсандық қаhарман – кейіпкерінің болмысын ашуға ұмтыла отырып, Желтоқсан көтерілісінің беймәлім қырларын баяндайды.
Кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған – кәсіпкер, белгілі меценат, ұлтжанды азамат, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы қаhармандардың бірі, кітап кейіпкері Құрманғазы Айтмұрзаевтың досы Нұрлан Есқалиев. Үш бөлімнен тұратын жинақ жастарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, жалпы көпшілік оқырманға арналған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір