СПОРТ ПЕН ӨМІРДІ ҮЙЛЕСТІРГЕН…
15.12.2022
348
0

Жуырда «Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж» ұжымы мен қаламыздағы №20 кітапхана ұйымы бірлесе отырып «Спорт – менің өмірімде» атты жиын өткізді. Спорт шебері, жаттықтырушы Медеу Ерманұлымен және Испания қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, колледжіміздің 1-курс студенті Мурсал Нұрбекпен кездесу жиналған қауымға ерекше әсер етті.

Кештің мақсаты – белгілі бір мамандықта білім алып жатқан оқушыларымыз бен студенттерімізді спорт майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алмасуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға және сол жолда тиянақты да саналы білім алып жұмыс жасауға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.


Кездесу кеші барысында білім алушылар қонақтарға спортқа қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасып, толымды жауап алды. Арнайы жастар арасында бокстан өткен Әлем чемпионатынан үзінді бейнеролик көрсетіліп, қонақтарымыз өздерінің спорттағы қызықты әрі қиын кезеңдерін еске алып, тәжірибелерімен бөлісті. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің басшысы Еркін Қазыбаев кеш қонақтарын Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Айгерім КАРШАЛОВА,
Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір