ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
10.12.2022
175
0

Кеше Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығының қорытынды жиыны өтті. «Ғұлама мұрасы – халық қазынасы» атты дөңгелек үстел аясында 12 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.

Шығармалар жинағының тұсауын ҚР ЖООҚ Президенті, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы, ҚР ҰК директоры Бақытжамал Оспанова, А.Байтұрсынұлы атындағы ТБИ директоры Анар Фазылжанова кесті.
Ұлт Ұстазының шығармаларын оқырмандарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отырған аталмыш жиынын үйлестірушілер – 12 томдық шығармалар жинағын шығарушы тараптың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» ОӘҒЗО және Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі.
«Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы модераторлық еткен шарада А.Байтұрсынұлының туыс ұрпақтары, ахметтанушы ғалымдар, Ұлт Ұстазының мұрасын насихаттаушылар мен БАҚ өкілдері қатысып, А.Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерт­теу орталығының директоры Райхан Сахыбекқызы баяндама жасады.
Жиын соңында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым ісі жөніндегі орынбасары Рүстем Қайратұлы мен ғалым-хатшы Толғанай Махамбетәли қоғамдық белсенділерге Алғыс хат, Торғайдан жеткен мерейтойлық марапаттар табыстады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір