АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА – «NATIONAL GEOGRAPHIC ҚАЗАҚСТАН»
22.01.2016
1319
0

01 January mukaba.inddЖуырда «National Geographic» журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты. Бұл мемлекеттік тілде таралатын тұңғыш шетелдік басылым болып отыр. Журналдың бірінші беті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылық ұжымға жолдаған арнайы құттықтау хатымен ашылған.

Онда Елбасы: «Мен әлемге әйгілі ба­сы­­лым­ның Қазақ жерінде, қазақ тілінде жарық көруін ана тіліміздің халықаралық деңгейдегі тағы бір жетістігі деп бағалай­мын», – дейді. Сондай-ақ, Мемлекет бас­­шысы Ұлы Даладағы айшықты табиғат пен шежірелі тарихты, кең байтақ Қазақс­тан­ның туристік әлеуетін дәйекті деректермен баяндап, әлем жұртына жан-жақ­ты насихаттау – еңселі елдіктің белгісі еке­нін атап өтеді.

Басылым алғашқы  санынан-ақ елі­міз­де­гі маңызды экологиялық проб­ле­ма­ларға на­зар аударып отыр. «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп аталатын мақалада ға­ламшарымыздың ең үлкен су қоймасы, Орталық Азияның маңызды стратегиялық нысаны – Арал теңізінің жай-күйі баян­дал­ған.

«National Geographic Қазақстан» жур­на­­лының негізгі мақсаты – экологиялық мәселелермен қатар, еліміздің қайталан­бас сұлу табиғатын, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің алуандығын насихаттау. Сондай-ақ, қазақстандық ға­лымдар мен зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне ақпараттық қолдау көрсету. Осы мақсатта журнал ұжымы биыл еліміз бойынша бірқатар зерттеу экспедициялары мен фотокөрмелер ұйымдас­тыр­мақ.

«National Geographic» журналының та­рихы сонау 1888 жылдан басталады. Қазір әлемнің 38 тілінде 80-нен астам елге таралады. Бір қуанарлығы, ол Орта Азия аймағы бойынша бірінші болып Қазақс­тан­да жарық көріп отыр.

Қосымша мәліметтер бойынша:
8 (7172) 68 00 78.

Электрондық пошта: info@nat-geo.kz.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір