ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
18.11.2022
266
0

17 қараша күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, сазгер, сатирик, атбегі, марқұм Қажытай Ілиясұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Бұл үй ақынға 1989 жылы «Ара-Шмель» журналында қызметте жүрген кезінде Қазақстан Орталық Комитеті тарапынан берілген еді. Қ.Ілиясұлы соңғы сапарға осы үйден аттанған.

Жиынның салтанатты ашылу рәсімін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, ақын Бақыт Беделхан жүргізді.
Тақтаның ашылу барысында Қ.И.Сәтбаев атындағы Политехникалық зерттеу университетінің профессоры, академик Лұқпан Сыдықов, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, ақын Кәмнұр Тәлімұлы, тарихшы ғалым Арман Жұмаділов, Алматы қаласының мәдениет басқармасының өкілі Арман Халбеков және сықақшы ақынның жары, ғылым докторы, профессор Руда Зайкенова сөз сөйлеп, естеліктер айт­ты. Тақтаны Л.Сыдықов пен К.Тәлімұлы ашты. Дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман Қ.Ілиясұлының «Арман-ай» әнін орындады.
Бұдан ке­йін­гі іс-шара ақынның жары Р.Зәйкенова қызмет атқаратын Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде жалғасып, Қ.Ілиясұлының «Әдебиет» баспа үйінен жарық көрген жеті томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Тұсаукесерде ақынның әріптестері, өнер, мәдениет, ғылым өкілдері ыстық ықыластарын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір