«ЖҰЛДЫЗ» ЖУРНАЛЫ, №1, 2016
22.01.2016
9758
3

Жулдыз-2016-1Журналдың жаңа нөмірінен кезінде қазақ поэзиясына құбылыс болып келген көрнекті ақын Тұрсынзада Есімжанұлының топтама өлеңдерін, бүгінгі жас ақындардың көшбасшысы болып жүрген Сағыныш Намазшамованың бір шоғыр өлеңдерін және Ерлан Жүністің «Мәңгілік ел. Нараду» атты деректі-метафизикалық дастанын оқи аласыздар.

«Мен – өлгеннен кейін атағым шыға­тын адаммын» деп атақты француз жазушысы Онере де Бальзак өзі айтқан­дай, «Суреткерлер туралы» деген ой-тол­ғауын­да терең пәлсапалық-психология­лық толғам жасайды». Жазушы – адам жаны­ның инженері» дегенді осындайда айтса керек. Бальзактың пайымы күллі оқыр­ман­ға арналғанымен, қаламгер­лер­ге де керек дүние екенін оқығанда барып көз жеткізесіз. Қанағат Жұмашев­тің «Қа­зақ тілінде қандай мәдениет жа­салды?» деген мақаласында жарты ғасыр бойы әдебиеті­міз бен мәдение­тімізде, өнерімізде түк тындыр­мағаны­мыз­ды, ауылшылдық індетінен арылмай кел­генім­ді дерек-дәйекке сүйене отырып дәлелдеп береді. Дулат Тұран­тегінің жа­ңа романының аты – «Өкпек жел». Кешегі соғыстан кейінгі сұрқай тір­лік, бақыт­сыз балалық автор­дың өмір­баяны болып өріледі. Ескір­мей­тін есте­ліктер осы шығармада жиі көрініс береді. Дәу­рен Қуаттың шағын әңгіме­сінде діні бөлек, тілі бөлек, құдай айдап қазақ да­ла­сының бір түкпірінде өмір сүрген Абрам атты жебірей қарттың өз Отанын жүрегіне ұялатып, өмірінің со­ңын­да еліне келуін пайғамбарлар туралы аңыз­дармен тұздықтап нанымды суреттейді. Әмина Құрман­ғали­қызы­ның «Әлпеш ана», «Жолымбет ата», «Тойбазар атам», «Бақтыжан», «Қара­көзайым – Бибі қыз» деген романның тарауларында аңыз-әңгіме, бастан кешкен тағдырлары көр­кем тілмен шынайы суреттеледі. Ке­ше­­гінің адамдары текті­лігімен, ірілі­гі­мен көз алдыңызға келеді. Қара­қал­­­пақ  жазушысы  Мұрат­бай Ны­за­нов­­тың «Өлім  ал­дын­дағы  ит­тің шері» деген әңгі­месінде адам­­дар­дың қаты­гездігін, зы­миян­дығын, зина­қор­­лы­­ғын иттің көрген-білгені ар­қылы жеткізетін өзге­ше туынды саналады. Бұдан ары өзбек  жазу­шысы Насыр Фазы­ловтың қазақ қалам­герлері туралы қызықты әңгіме­лері, Қадыр Жүсіптің Жұмекен Нәжіме­де­новтың «Тамыр мен жапырақ» дас­та­ны­на талдауы; Жеңіс Баһа­дүрдің был­­тырғы  жылдың ортасын­да өмірден өт­кен белгілі ақын Тұр­сынай Оразбаева туралы және Ораз Қауғабайдың «Қо­наев­тың 12 қасиеті» деген эсселерін; ақын Кәдірбек Құны­пия­­ұ­лының  бір топ па­родияларын оқисыздар.

 

ПІКІРЛЕР3
Нұрай 29.01.2017 | 08:05

Сәлеметсіздер ме!
Мен Сіздерден бір нәрсе сұрасам рұқсат па?
Сіздердің журналдарыңызда мақала сайысы өтеді екен, және де бұл сайыс Евразиялық Ұлттық Университетінің қатысуымен өтеді екен. Сол жайында мәлімет айтып жібересіз ба?

Жазира 04.05.2018 | 17:47

Сәлеметсіздер ме! Сіздерден бір нәрсе сұрайын деген едім. Сіздердің журналдарыңыздағы мақала Т.Медетбектің 2008№1 2009№2жылғы Алтын көпірліктер деген мақала керек еді қайдан алуға болады? Айтып берулеріңізді өтінемін!

Аноним 05.09.2019 | 18:21

Жұлдыз журанлының атбегілікке қатысты басылымы кімде бар?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір