«Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш
16.09.2022
635
0

Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағарту­шылық, демократтық бағытты ілгері жал­ғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсын­ұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жылына орай «Ұлт­тың ұлы ұстазы» тақырыбында Алма­ты қаласының Орта­лықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 кітапханасында «Дәуірдің дара тұлға­сы» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің мақсаты – дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуда көп еңбектенген қайраткердің өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға кеңінен таныстырып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қазақ тілінде оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеуші және зерт­теу негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған ғұлама ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. Сондай-ақ ахметтанушылармен, ақын-жазушылармен сұхбат­тасу арқылы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптеу және оқырман қауымға кеңінен насихаттау болды.
Іс-шара тақы­рыбында аталғандай ұлттың ұлы ұстазының мерейтойлық жиынына еліміздегі еңбегі елеулі азаматтары, қазақ әдебиеті мен өнерінің тұлғалары, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Алаш мұралары туралы ізденуші Әділет Ахметұлымен қатар, Шығыс шертпе күйлерінің белді өкілі, белгілі күйші Аршын Кәсімбайұлы және Қазақ атомобиль жол институтының студенттері мен №205 мектеп оқушылары шақырылды. Іс-шара соңында кітапханашы Айдана Қуантқанқызы кітапхана қорындағы әдебиет­терден ұйымдастырылған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесіне орналастырылған кітаптармен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

Жеңіскүл ЕРМЕКБАЕВА,
Алматы қаласы
Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі
№44 кітапханасының
меңгерушісі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір