Қаламгер рухына құрмет
15.07.2025
212
0

Абай облысының рухани астанасы — Семей қаласында көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің құрметіне арналған ескерткіш тақтаның салтанат­ты ашылу рәсімі өт­ті.

Шараға Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық мәслихат депутат­тары, жазушының туған-туыстары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанат­ты жиында сөз сөйлеген облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков Медеу Сапаұлының қазақ әдебиеті мен ғылымына сіңірген еңбегін ерекше атап өт­ті.
– Медеу аға – елге адал қызмет еткен ардақты азамат. Ол академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын көркем тілмен өрнектеп, бүкіл әлемге танытқан қаламгер. Жазушының «Планета Сатпаева» ат­ты еңбегі Қаныш Имантайұлының есімін шетелдерге таныт­ты. Бұл – бір адамның емес, бүкіл ұлт­тың мерейі. Бүгін ашылып отырған ескерткіш тақта – ел құрметінің, халық алғысының белгісі. Бұл шаңырақта жазушының талай туындылары дүниеге келген, – деді Шалқар Байбеков.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір