Қазақстан Жазушылар одағының Мәлімдемесі
15.01.2016
1720
1

Jazushilar_uyi_1_2Қазақстан Жазушылар одағы Парламент депутаттарының бесінші шақырылымындағы Парламент Мәжілісін таратQып, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдайды.
Қазақстан қастерлі тәуелсіздігінің 25 жылдығына ауқымды жаңғыртулар арқылы қадам басып отыр. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін жаһандық дағдарыс жағдайында сақтап қана қоймай, еселей түсу үшін, Елбасының «Бес институттық реформасының» Ұлт Жоспарын табысты жүзеге асыру үшін бізге тың көзқараспен, тың қуатпен жұмыс істейтін Парламент керек.
Мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізу бүгінгідей жауапты сәтте халқымыздың бірлігін бұрынғысынан да нығайтып, Елбасының сындарлы саясатын мүлтіксіз жүзеге асыру жолында ұйыстыра түсетін бірегей қадам болмақ.
Шешім қабылданған жағдайда таңдау жасау – Қазақстан халқының құзырында.
Ұлы Дала Елі әлемдік экономикалық дүрбелеңнен де дін аман өтіп, «Қазақстан–2050» стратегиясының мақсаттарына жетіп, «Мәңгілік Ел» боларына Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, шығармашыл азаматтары кәміл сенеді.
Қазақстанның Жазушылар одағы еліміздің барша азаматтарын баянды болашақ үшін халық қалаулыларының бастамасын қолдауға шақырады.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретариаты.

ПІКІРЛЕР1
Тогжан 19.01.2018 | 21:56

Саламатсыздар ма! Мен баска кимге жазарымды билмедим. Жазушылар одагынын Абай.кз сайтында сурак-жауап деген жок екен. Интернетте, китап дукендеринде казак тилинин тусиндирме создигин мулдем таппадым. Казак-орыс, казак-агылшын создиги бар, ал тусиндирме создиги жок. Казак тилинде коп колданбайтын, ески создер коп кой, магынасын билмей жатамыз. Улкен кисилерден сурауга тура келеди. Биз билмесек, балаларымыз коп создин магынасын типтен билмей калады гой! Бул создин ар уйдин столында болу керек кой. Казакша китаптар кобине политикага ауып кеткен сиякты, публицистика, биреудин омирбаяны, хроникасы т. б. баланын емес менин ишим пысады. Неге осыны филологтар, лингвисттер осыны колга алмайды?

ПІКІР ҚОСУ