Тілді қыйнау халықты қыйнауға жатпай ма?
25.07.2022
1535
0

ҚР Ғылым және жоғары білім міністірі Саясат Нұрбек мырзаға ашық хат

Құрмет­ті
Саясат мырза!

Жаңа құрылған міністірлік пен қызметің құт­ты болсын! Үмітім өте зор.
Алайда Сіз де басқаларға ұқсап, тәуелсіздік үшін күрес әлдеқашан айақталды деп ойласаңыз, қат­ты қателесесіз. Ол күрес күн сайын, сағат сайын жүріп жатыр. Өкінішке қарай, сол күресте тіліміз тек жеңіліп келеді. Оның басты себебінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі іністійтұтының басшы ғалымдарының Ахмет Байтұрсынұлы іліміне кері бағыт ұстап отырыуында. Егер оларға жала жауып отырсам, мені жазалаңыз; егер оларды қолдасаңыз, халық алдында, баспасөз бетінде қолдау себебіңізді түсіндіріп жауап беріңіз!
Алдымен Ахаңа – Ахмет Байтұр­сынұлына – соңғы ірет жасалған бір қастандыққа қалай күуә болғанымды байандайын. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасы болатын. «Мектеп» баспасынан бір кітәп шықты, сонда қазақтың алғаш әліппесін жасаған Ахмет Байтұрсынұлы деген бір сөйлем бар екен, ұзамай Қазақ ССР Баспа Кәмійтетінің төрағасына фійлологыйа ғылымдарының бір доктарынан дереу арыз түсіпті. Сол арыз бойынша, «Мектеп» баспасының деректірі, менің курстас досым Жарылқасын Нұсқабаевтың мәселесі қаралды. «Халық жауының» атын мадақтап жазғаны үшін, деректірді орнынан алыу керек деген ұсыныс айтылды. Қалай дегенмен, төраға әділет­ті кісі еді марқұм, қатаң сөгіспен мәжілісті жапты. Ұзамай Ахаң ақталды, әлгі арыз жазған ғалым дереу Ахаңның шығармаларын жарыйалауға «Мектеп» баспасына алып келді. Бұл – мен анық білетін, өзім басы-қасында болған оқыйға. Сол кезде осы оқыйғаның ізімен «Көрінбейтін көсеу» ат­ты әңігіме де жаздым.
Елдің, тілдің тәуелсіздігі үшін күрес әлі жүріп жатыр деп сондықтан айтып отырмын.
Енді елдің көбі білетіндей әндерді айтыудан бастайық.
Қыйыуадан шауып,
Қыйсынын тауып, –
деп әндетеді Абай. Ал біз болсақ,
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып, –
деп жазамыз.
Бәрінде де айтылып әрі естіліп тұрған «ы» дыбысы жазылмайды. Сонда бұл әнді нотаға қалай түсіріуге болады? Естіліуінше ме әлде жазылыуынша ма? Жазылыуынша айтсақ, ән бұзылады. Себебі сөздің бұуын жігі (қы – йы – уа – дан) дұрыс ажыратылмайды (қи – уа – дан), төрт бұуынның орнына үш-ақ бұуын жазылады, екінші сөзде бұуын саны бірдей болғанмен, дыбыс саны бірдей емес: қый – сы – нын, қи – сы – нын. Ахаңның айтыуынша, естіліп тұрған дыбысты жазбайтын қағыйда қазақ тілінің табыйғатына қайшы. Сонда қалай, Ахаңның айтқаны қате ме? «Қыйсын» деп жазыу неге қате, «қисын» деп жазыу неге дұрыс? Айқындап түсіндіріп беріңізші? Дұрыс жазылмаған сөзді қалайша дұрыс оқыуға және дұрыс айтыуға болады? Оның қандай құпыйа заңы бар?
Бұл текті сөздер баспасөз бетінде быжынап жүр: сійпат­тама (мұны қалай оқыу керек, «сыйпат­тама» деп пе, «сіпат­тама» деп пе?, дидар (дійдар ма, дыйдар ма), дихан (дыйхан ба, дійхан ба) рухани, сиқыр, қиыр, сиыр, тиын, т.с.с.
Көріп отырсыз ғой, мұндай сөздің шегі де, шеті де көрінбейді, толып жатыр.
Тағы бір халық әнін айтып көрейік.
Дійірменнің тасындай шыр айналған
дүнійе-ай!
Осылай айтамыз, бірақ былай
жазамыз:
Диірменнің тасындай шыр айналған
дүние-ай!
Тіліміздің ұлт­тық табыйғаты
зорлықпен бұзылып тұр.
Қазақтың өзін, тілін жақсы көретін, жақсы білетін азамат ретінде Сіз неге, не үшін, қандай қәжет­тілік үшін бұл сөздердің бұзылып тұрғанына жауап бере аласыз ба? Сөздің дұрыс айтылыуын, бұуын үндестігін қамтамасыз ете алмаған қағыйданы неге қолданып келдік, неге қолдана бермекпіз? Тілдің ұлт­тық табыйғатын біржола бұзып бітіріу үшін бе?
Бүйтіп Ахаңның ақыйқат қағыйдасын жасанды ережемен бұза отырып, оны «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» деп тұуғанына 150 жыл толыуына орай қалайша қымсынбай мадақтап жатырмыз?
Шаба айтатын тағы бір әнді қайырып көрейік.
Қыз кетеді ұрыуға,
Амал жоқ мойын бұрыуға, –
дейді. Оны былай жазып жүрміз.
Қыз кетеді руға,
Амал жоқ мойын бұруға.
Біз «ру» деп жазып жүрген сөздің тегі – «ұрық». Осындағы естіліп, айтылып тұрған «ұ» мен «ы» дыбысының неге жазылмайтынын Сіз қалай түсіндіресіз? Дәптердің, кітәптің бетін үнемдеу үшін бе? Бізге сонда дәптердің беті қымбат па, тіліміздің ұлт­тық табыйғатын сақтау қымбат па?
Еленаның бір әнін айтып көрсек, тағы айтылыуы бір басқа, жазылыуы бір басқа сөзге тағы жолығамыз:
Өмір деген кездесіу мен қоштасыу.
Ал біз «кездесу», «қоштасу» деп жазамыз.
Бұлайша бұзылып жазылатын сөздің де қыйсабы жоқ: жаңарту, жақсару, даму, күресу, оқу, жасалу, тазару, жүру, келу, асыру, бөлу, тоқу, шіру, т.с.с.
Қазақ сөздерінің табыйғатын бұлайша бұзып жазыу 1940 – жылы орыс әліпбійіне негізделген жазыуға көніуіміз себеп болғанын бәріміз де білеміз. Ол әліпбійдің ең негізгі зорлығы – қазақ тілінде бұрын-соңды болмаған «и» әрібін қазақ әліпбійіне енгізіуі. Ол «и» орыс тілінде тек жіңішке дауысты дыбысты белгілесе, қазақ тілінде жұуан дауыстыны да «ый» деген екі әріптің орнына, жіңішке дауыстының орнына да жүретін (іи) әмбебап әріп болды.
1929 – жылғы латын әліпбійінде ол әріп (и) болған жоқ. Ол әліпбійді сынаған Құдайберген Жұбанов «коммунист» сөзін қазақ тілінің табыйғатына салып, әр саққа құбылтпай, орыс тіліндегі қалпын сақтап жазыуды ұсынған-ды («Қазақ тіл білімінің мәселелері», Алматы, 2013, 270 – бет, «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» мақала 1930 – жылы жазылған»).
Қ. Жұбанов бұл пікірін тереңдетіп, «ы», «й» және «і», «й» әріптерінің орнына бір ғана орыс тілінің «и» әрібін, ал «ұ» мен «у» және «ы» мен «у» әріптерінің орнына бір ғана «у» әрібін жазыуды ұсынды (Қ. Жұбанов «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Алматы, 2013. «Проект казахского алфавита», 38 – бет).
Осы пікірді қолдаған қазақ ғалымдары емлемізге 1957 – жылдан бастап «орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады» деген («Түбір сөздердің жазылыуы» 2 – бап) қағыйда кіргізді.
Кеңес өкіметінің озбыр сайасаты мәжбүрлеген сол қағыйдадан Н. Уәлиев бастаған Тіл білімі іністійтұтының ғалымдары әлі де бас тартпай, қайта одан ары тереңдетіп, латын әліпбійіне көшіу кезінде де көлденең тартып отыр. Ал ол қағыйда Ахмет Байтұрсынұлы мен Халел Досмұхамедов негізін қалаған емле іліміне, йағный қазақ тілінің төл табыйғатын сақтау және үндестік заңын басшылыққа алыу қағыйдасына мүлдем қайшы.
Тіпті ол Қ. Жұбановтың өзі жазған «Буын жүйесінің маңызы» деген мақаласындағы (1934 – жыл, «Ауыл мұғалімі» жұрналының 2 – саны) пікіріне де жүз пайыз қайшы.
Ол мақаласында ғалым: «Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сыйақты морфология негізін де ұға алмайсың, Буынды білмесең, сөз екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының дыбыс сырына қана қоймайсың, буынды аңғармасаң, «ажармен сөйлеу», «әсерлеп оқу» сыйақты сабақтарды да дұрыс алып бара алмайсың; буын жағына қатаң болмасаң, өлең құрылысының негізімен дұрыс таныс бола алмайсың.
Қысқасы, буын жүйесін жақсы білмей тұрып, ана тілі сабағын басқаруға болмайды», – дейді (сонда, 298 – бет). Одан ары тағы анықтай түседі. «Буын жүйесі қай тілде де белгілі орын ұстамақ. Әсіресе қазақ тілінде оның маңызы өзгеше, айрықша, өйткені қазақ тілінің өркендеу сатысы – буыншыл кезеңнен дыбысшыл кезеңге ауысып болмаған дәуірде тұр… «үндестік заңы» дейтініміз – дыбыстардың осы ымыраласыуы болатын» (сонда, 298 – бет).
Қ. Жұбановтың мұндағы пікірлері Ахаң мен Халекеңнің пікірлерімен толық үндес. Және бұлар оның алдыңғы пікірлерінен кейін жазылған. Сондықтан біздің ғалымдар оның сайасат­тың ығымен айтылған пікірлерін емес, қазақ тілінің табыйғатын қорғап жазған пікірлерін басшылыққа алыулары тійіс еді. Өкінішке қарай, бәрі керісінше болып отыр. Соның нәтійжесінде, қазақ тілі қалыптасқан өзіндік заңы жоқ, ұлт­тық ерекшелігі мен табыйғаты жоқ, өзге тілдің заңдылығына бағынған және сол бодан емленің ықпалымен ұлт­тық болмысынан бірте-бірте алыстап бара жатқан тілге айналып барады. Ал Ахаң мен Халекеңнің іліміне сүйенсек, қазақ тілінің өзіне тән ұлт­тық табыйғаты бар: ол – жалғамалы тіл, ал ол тілдің негізгі әрі қасійет­ті заңы – үндестік заңы. Ол не деген сөз?
Ол – әр сөз түбірден тұрады, оған қосымшалар жалғаныу арқылы дыбыс пен дыбыс, бұуын мен бұуын, сөз бен сөз үндесіп байланысады, құбылады, жаңа мағынаға ійе болады деген сөз. Қысқасы, тіліміздің табыйғаты жалғаныу мен үндесіуден тұрады. Мысалы: тау – лар – ға, мал – шы – лар – дың, кісі – лік – ті, т.с.с. «Тау» деген – түбір сөз, жұуан дауысты бұуын, оған жалғанып тұрған «лар» деген көптік жалғауы да жұуан дауысты бұуын, оған жалғанып тұрған септік жалғауы «ға» да жұуан бұуынды. Үндесіп жалғаныу деген – осы. «Тау» түбіріне қосымша «– лердің» деп те, «тар – дың» деп те жалғана алмайды. Өйткені үндестік заңы бұрыс жазыуға да, бұрыс сөйлеуге де жол берілмейді, сондықтан ол заңды Халекең қазақ тілінің әрі «негізгі», әрі «қасійет­ті заңы» деп бағалаған. Сонда негізгі, қасійет­ті заңды басшылыққа алмаған емлені Сіз қалай бекітесіз, қалайша құптайсыз, Саясат мырза? Ондай қыйанатқа қалай қолыңыз барады? Бұл ғылымның жалған, тілімізге жат ғылым екеніне көзіңіз жетпей ме?
Түбір сөздегі дыбыстар ешқашан жоғалмайды дейді Ахаң, ол тек қосымша жалғанғанда не қатаң, не ұйаң дыбысқа өзгеріуі ғана мүмкін. Мысалы: дос – тың, дос – ы, дос – тар немесе көк – шіл, көк – і = көгі, бақ – ша, бақ – ы = бағы, т.с.с.
Ал енді Н. Уәлиев тобы ұсынып отырған емле бойынша, түбір сөздің кей дыбысы, қосымша жалғанғанда, мүлдем түсіп қалады да, тағы бір жаңа түбір пайда болады. Бұл – үлкен сорақылық. Тіл білімінің дыбысталыу (фонетика) саласына бұдан артық зыйан келтіретін жағдайды ойлап табыудың өзі тым қыйын. Мысалы: «оқы» деген сөзді дыбысталыу тұрғысынан талдап көрелік. Оқы – түбір сөз, өйткені бұл сөз одан ары мағыналық жағынан бөлшектенбейді, ал дыбысталыу (фонетикалық) жағынан үш дыбыстан тұрады, үш әріппен жазылады. Енді бұл сөзге «у» жұрнағын жалғасақ, етістіктің тұйық райы жасалады: «оқы + у = оқыу. Ал, қәзіргі емле бойынша, бұл сөзді «оқу» деп жазып жүрміз. Сонда бұл сөздің түбірі – «оқ», қосымшасы – «у» болып тұр. Осы өтірікті бүркемелеу үшін, амал жоқ, «оқу» сөзін түбір деп санаймыз. Былайша айтқанда, алдыңғы өтірікті жабыу үшін, тағы бір өтірік айтыуға мәжбүрміз. Тұйық рай жасайтын жұрнақ тек «у» деп, үшінші өтірік айтып жүрміз. Шындығында, тұйық райдың «–ыу», «– іу» деген де жұрнағы бар: жет +іу = жетіу, бас + ыу = басыу. Ал «у» жұрнағы тек түбір дауысты дыбыстарға айақталғанда ғана жалғанады: сөйле + у = cөйлеу, байла + у = байлау, бійле + у = бійлеу, т.с.с.
Көрдіңіз бе, бір өтірік қағыйда тағы бірнеше өтірік қағыйданы тұудырып тұр. Мұндай тілімізге тек зыйаны тійетін жалған ілімнің жолын өзіміз кеспесек, кім бізге кесіп береді?
Тәуелділікке дағдыланып, бодан­дыққа бой үйретіп, рұухы сөніп қалған халыққа айналғымыз келмесе, бұл жалған, жаңсақ ілімнен латын әліпбійіне көшіу кезеңінде бас тартып, тіліміздің Ахаң айтып, Халекең қоштаған табыйғый төл заңына ден қойыуымыз міндет. Өйтпесек, іштен мүжіген жегі құрт ақырын-ақырын бой үйретіп, түбі жеп бітеді. Мұны түзеу де, «қойшы!» деп, қолды біра-ақ сілтеу де Сіздің мойныңызда. Бірақ жүз жыл бойы орыс тілінде басқарылып келе жатқан біздің мемлекет­те мұндай өзгерісті жасай салыу аса, тым қыйын. Алайда ұлтың үшін ұлы іске бел бұуа алмасақ, несіне ұлы болып тұудық; халқымыз қыйын кезге тап келгенде, қасқайып, қарсы шыға алмасақ, несіне қазақ болып тұуамыз? «Мен бұқтым, жат­тым,
Сен бұқтың, жат­тың, Кім істемек қызмет?!» –демеп пе еді ұлы Ахаң?!
Өзіңіз ойлаңызшы, «оқыу – шы» деп дұрыс жазғаннан не бүлінеді, «оқушы» деп, түбірді жасырып, өтірік жазғаннан не ұтамыз? Ештеме ұтпаймыз, бірақ бүкіл емлеміздің негізі быт-шыт болады. Жалған ілімге жол ашамыз.
Екі дыбысты бір әріппен белгілейтін «я», «ю», «ц» секілді орыс әріптерінен бас тартқанда, «ы» мен «й», «і» мен «й» секілді төрт әріптің орнына жүретін орыс тіліне тән «и» әрібінен неге бас тартпай отырмыз?
Біресе дауысты дыбыс, біресе дауыссыз дыбыс болып құбылып, «ы» мен «у», «і» мен «у», «ұу», «үу» секілді сегіз дыбысты бір өзі белгілейтін, орыс тілінде тек дауысты дыбысқа жататын «у» әрібінің емлесін неге тіліміздің табыйғатына сай дұрыстамай жүрміз? Мұны ғалымдар жөндей алмаса, енді кім жөндемек? Сіз де, біз де, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» деп үндемей жүре береміз бе? Сонда не үшін, кім үшін үндемейміз: халық үшін бе, өзіміз үшін бе?
«Қазақ тіліндегі дауыс екпіні не соңғы, не соңғының алдындағы бұуынға түседі деген Ахаңның қағыйдасы да қәзір айдалада қалды. Өйткені «қиын» деген жазылыуда дауыс екпінін, қанша зорласаң да, не «қи», не «ын» деген бұуынға түсіре алмайсыз. Сондықтан бұл сөз дауыс екпіні түспейтін сөзге айналып, ғалым Қ. Жұбанов айтқан бұуын заңдылығын өрескел бұзып тұр. Соның салдарынан бұрын қазақ жақтырмайтын жыпылдап, зыпылдап, тіпті ешбір бұуынға дауыс екпінін түсірмей, тасырлатып быдық сөйлеу қәзір радыйо мен теледыйдардың басты дәстүріне айналды. Нанбасаңыз,
«Россия – 24» арнасын тыңдаңыз да, дереу «Хабар – 24» арнасын тыңдауға ауыса қойыңызшы. Екеуіндегі сөздердің дауыс ырғағы бірдей. Себебі қазақ тілі өзінің ұлт­тық ырғағынан алыстап, басқа тілдің дауыс ырғағына көшіп барады. Бұрын «жеті – і», «сегі – із», «тоғы – ыз» деп, соңғы бұуынды созып сөйлесек, қәзір «же – еті», «се – егіз», «то – оғыз» дейтін болдық.
Халел ағамыз: «Дауысты дыбыс – тілдің жаны, дауыссыз дыбыс – тәні», – деп еді, «ы», «і», «ұ» секілді дауысты дыбыстарды орыс тілінің емлесіне ыңғайлап, көптеген сөзде оларды жазбайтын болдық. Сөйтіп тіліміздің тәні мен жанын өзіміз қыйнап келеміз. Және соны «тілімізді дамытып жатырмыз» деп мақтан етіп жүрміз. Шындығын айтсақ, тіліміз «ай дейтін ажасы, қой дейтін қожасы» жоқ, ажасы да, қожасы да латын қәрпі мен жаңа емлені жасаушы ғалым Нұргелді Уәлиев ініміздің тобы болып отыр. Ахаңның қәзіргі замандағы басты қарсыласы – осы ғалым. Ал, менің біліуімше, бұл ініміз – жаңсақ ілімді жақтаушы. Нанбасаңыз, оның докторлық дійсертатсыйасын оқып көріңіз, 1993 – жылы қорғапты, ол – Ахаң мен Халекеңнің ақталғанына он бес жыл өткен кез. «Қазақ грамматикасы мен орфографиясының негіздері» деп аталады, ғылымый жетекшісі – Рәбиға Сыздықова.
Өкінішке қарай, тіліміздің онда ешқандай негіздері айтылмайды. Онда қазақ тілінің жалғамалы тіл екені, сондықтан оның «грамматикасы мен орфографиясының негіздері» сол табыйғатына сай болатыны жайында жарты ауыз зерт­теу жоқ, ал оның негізгі заңы – үндестік заңы – тұуралы түк те айтылмайды. Тілдің негізгі ұлт­тық ерекшелігі талқыланбаған жерде қандай «негіздері» айтылады деп ойлайсыз? Жалғамалы тілдің бүкіл өзгерісін жасайтын қосымшалар (жұрнақ, жалғау) жайында жарты сөйлем де жоқ. Тек «сау» деген сөзде үш фонема (дыбыс), үш әріп бар: 3х3, ал «күлу» деген сөзде төрт дыбыс, үш әріп 4х3 деген «статыстика» ғана бар. Дыбыс пен әріптің неге сәйкеспейтіні (4Х3) тұуралы бір сөз де жоқ. Шындығында, жалғамалы тілде ондай сәйкеспеушілік мүлдем болмауға тійіс.
Өзіңіз ойлаңызшы, «кие», «ие» деп жазып отырып, оны оқыушыға қалайша «кійе», «ійе» деп оқы деуге болады? Олай оқый алмаған оқыушы қәйтіп дұрыс сөйлей алады? Өз тілімізді өзіміз осылай құртып отырғанымызды Сіз түсінесіз бе?
«Ауылшарыуашылығы» дегенді бірге, ал «мал шарыуашылығы», «сұу шарыуашылығы», «балық шарыуашылығы», «қой шарыуашылығы»
дегенді бөлек; ал «қолғап» деп, бір түбірді өзгертіп; «көкөніс», «шекара» деп, ешбір түбірді өзгертпей;«қарағаш» деп үндестік заңына бағындырып, ал «Сары ағаш», «Сары Арқа» дегенді бағындырмай («Сарарқа», «Сарағаш» демей), ешбір ережесіз жаздырып жүрген ғалымдар қазақ тілінің табыйғатын қаншалықты біледі деп ойлайсыз?
«Қыйнамайды абақтыға жапқаны,
Қыйын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен,
Өз ауылымның ійт­тері
кеп қапқаны», –
демеп пе еді Ахаң?!
«Абақтыға жабатын», «дарға асатын, ататын» кеңес өкіметі болса, «өз ауылымның ійт­тері» кім деп ойлайсыз? Сіз бен біз соның ішінде кетпейікші!
«Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін», – деп, еліміз бен тіліміздің болашағын қағыйдалап кеткен ұлтымыз­дың ұлы ұстазын қашанғы біз тек сөзбен дәріптеп, іс жүзінде айтқанын жүзеге асырмай жүре бермекпіз? Осыған кім жауап береді? 150 жылда да бір ойланбаймыз ба?
Емлені өз тіліміздің ұлт­тық ерек­шелігіне сай жасау орысқа да, ағылшынға да, қытайға да қарсы әрекет емес. Ол – тек өз тіліміздің мүдесін, келешегін қорғау.
Ұзын сөздің қысқасы, мен неге мұны Сізге ашық хат арқылы айтып отырмын. Тіл мәселесі көтерілгеніне көп жыл болды, Білім міністірі араласпай, бірақ үн-түнсіз Н. Уәлиев тобы жасаған жаңа емлені қолдап, сол арқылы Ахаң мен Халекең негізін қалаған ұлт­тық тіліміздің ұлт­тық ерекшелігін сақтайтын емлеге қарсы бағыт ұстанды. Соның салдарынан, Қ. Жұбанов айтқандай, бұуынды жақсы білмегендіктен, «емлені де білмей», «сөз тұудырыу» мен «сөз түрлендіріуді де» білмей, «ажармен сөйлеу» мен «әсерлі оқыудан» да, «сөз сазынан» да айрылып, алайда бұл емленің тілімізге ешқандай зардабы тійіп жатпағандай жүріп жатырмыз.
Халық тілінің тағдыры Сіздің қолыңызда әрі мойныңызда. Ұрпақ алдындағы барлық жауапкершілікті Сіз алыуға тійіссіз. Пірезійдентке де мұны Сіздің дәлелдеуіңіз, түсіндіріуіңіз – әрі мемлекет­тік, әрі ұлт­тық, әрі азамат­тық жауапкершілік.
Біз ешкімге «өрік» дегенді «урюк» деп жазба дей алмаймыз. Онымыз сол халықтың ұлт­тық ерекшелігіне қол сұғыу болады. Бізге де ешкім «архив» дегенді «мұрағат» деп жазба дей алмайды. Өйткені біздің тілде «и» әрібі жоқ, сондықтан оған өз тілімізден балама табыу – өз міндетіміз. «Мый» деп жазып «ми» деп оқыу (үш дыбыс) (екі әріп) біздің дәстүрде жоқ. Есіңізде болса, алғаш латын әліпбійіне көшеміз деген әңгіме шыққанда, біздің тіл ғалымдары: «О! Енді «Бір дыбыс – бір әріп» қағыйдасына көшеміз!», – деп, құуана жар салған болатын. Бірақ көп ұзамай-ақ солықтары басылып, жүндері жығыла қалды. Өйткені ол қағыйда Ахаңның қағыйдасы еді. Оған ашық қарсы шығыуға батпай, тек орыс тілінен енген екі дыбысты бір әріппен белгілейтін бірер әріптерді ғана жойыумен тынды. Халықты да, ғылымды да, алдап отырған, осындай «жаңа емлені» Сіз де, шынымен, шынайы ғылым санайсыз ба?
Орыс тілі арқылы қаптап еніп жатқан жат сөздерді өз тіліміздің табыйғатына сай қабылдап отыратын «Термін» деген бөлімді Тіл білімі іністійтұтының қабырғасынан жедел ашқаныңыз жөн деп ойлаймын. Оған қәжет­ті қаржыны «Тіл – қазына орталығын жабыу арқылы табыуға болады. Қазақ «Бій екеу болса, дау төртеу болады» демей ме, ол орталықтың тілге көмегі тіймегеніне көзіміз жет­ті ғой.
Кеңес заманында орыс әліпбійінің ықпалымен өзгерген, бұзылған тілімізді табығый қалпына қайтадан келтіріу үшін, әріпті емес, емлені өзгертіу керек, міністір бауырым! Ғалымдарды соған жұмылдырыңыз! Бұл – менің жүрегімді жарып шыққан тілегім. Өйткені бұл мәселе «Ананы жақтасам, ананың көңілі қалады; мынаны жақтасам, мынаның көңілі қалады», – деген немесе не өліні, не тіріні жақтайтын жағдай емес, тек халықты, тек халық тілінің табыйғатын жақтайтын жағдай.
Сәлеммен, жазыушы ағаң Бексұлтан Нұржеке – ұлы, ҚР Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тілі мен әдебійетінің оқытыушысы.
Алматы қаласы

 

 

Нұржеке – ұлы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тілі мен әдебійетінің оқытыушысы

ЕСКЕРТУ: Мақала автордың жазу емлесін сақтай отырып жарияланды

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір