БАЛ ТІЛДІ БАЛҒЫНДАРҒА
21.12.2023
191
0

А.Жақиянова – жыр жинақтарымен, көркем публицистикалық шығармаларымен республика оқырмандарына кеңінен таныс қаламгер. Алтыншаш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу балалар кітапханасы» айдарымен жарияланған «Балаларға арналған үздік поэзия» номинациясының «Балалар әдебиетінің үздігі» атағын жеңіп алған.
Биыл Алматыдағы «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС-нен мемлекеттік бағдар­лама бойынша жарық көрген «Апа, сені сағындым» – ақынның балғын жүректілер­ге арналған прозалық шығармалары. Ақындық пен ұстаздықты қатар алып жүрген автор ұзақ жылғы педагогикалық еңбегі барысында бала психологиясының қыр-сырын ашуға бағытталған аналық, әжелік көңілінен ақтарылған әңгімелерін топтастырыпты. Жас оқырманның түсінігіне лайықталып жазылған тәрбиелік мәні бар оқиғаларға құрылған шығармалары тілге жеңіл, ойға қонымды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір