Әуезовтану әлемі
05.07.2022
558
0

29 маусымда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «М.Әуезов шығармашылығының халық­аралық маңызы» атты халық­аралық конференция болып өтті.

 

 

Алғаш болып сөз алған Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов қазақ руханиятындағы Әуезов феномені туралы жан-жақты сөз қозғады. Бұдан кейін АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Сэвидж Кэролайн, ТҮРКСОЙ-дың Бас Хатшысы, жазушы, драматург Сұлтан Раев, Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова, Қазақ­стан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын-академик Бауыржан Жақып, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Президенті Эльдар Қонаев құттықтау сөз сөйледі. Негізгі баяндаманы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов жасады. Бұдан кейін Қазақстан Халқы Ассамблеясы Түркімен мәдени орталығының директоры Гүлнар Аннакулиева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілев, т.б. баяндама жасады. Халықаралық конференцияда сөйлеген сөздер жинақталып, кітап ретінде басылып шығады.

Абзал СҮЛЕЙМЕН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір