ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК
01.04.2022
246
0

Патигүл МАХСАТОВА, ақын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын зор қызығушылықпен тыңдадым. Бұл жолғы бағдарламалық Жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылынан кейінгі Жаңа Қазақстан құрудың іргетасы екендігімен халыққа үлкен әсер қалдырды. Жолдауда Президент, қандай жағдайда болмасын, мемлекетіміздің тұтастығын, еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін, ең бастысы, береке-бірлігімізді, татулық пен тұрақтылықты сақтауымыз керек екендігіне ерекше мән берді.
Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан құру жағдайында еліміздің дамуына арналған бұл маңызды Жолдауы елдің саяси жүйесін жаңғыртуға арналғанымен ерекшеленеді. Жолдауда суперпрезиденттік басқарудан бас тарту, парламенттің рөлін нығайту, Мәжіліс депутаттарының санын азайту, соның нәтижесінде елдегі этностар өкілдеріне жоғары палатадан орын беру, сайлаудың әділеттік жолмен өтуін бекіту, дауыс беру тәсілдерін жаңа технологияларға негіздеп жаңғырту, саяси партияларға мүмкіндік беріп, тіркеу шегін азайту, Ата заңға өзгертулер енгізу, төртінші билік саналатын бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік беру, мемлекет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты нығайту, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы сияқты өте маңызды, халықты үміттендіретін мәселелер туралы айтылды. 
Қазақстан халқына нұр шашқан, бірліктің, тату­лықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі Наурыз қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ұсынылған саяси реформалар елдің, халықтың болашағы үшін жасалып жатқанын, бұл тапсырмаларды жұрт болып жұмылып жүзеге асыруымыз қажет екенін жақсы түсінеміз және қолдаймыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ең бастысы – еліміздің егемендігі!» – деп айтқандай, ел тәуелсіздігі, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтарды сақтап қалу үшін әдебиет қазынасын келешек ұрпақты қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелейтін, бірлік, достықты нығайтатын шығармалармен байытып, Жаңа Қазақ­стан құру жолында қажырлы еңбек етуге дайынбыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір