Жаңа әдеби сыйлық қаламгерлерді күтеді
Алматылық ашық әдебиет мектебі және қазақстандық «Дактиль» онлайн әдеби журналы «Шеврон» компаниясы мен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының MakerSpace Expands серіктестігі аясында «Мусагет» қоғамдық қорының негізін салушы Ольга Маркованы еске алуға арналған жаңа қазақстандық Qalamdas әдеби сыйлығын ұйымдастырды.
Qalamdas әдеби сыйлығы қазақ және орыс тілдерінде жазатын дарынды қазақстандық авторларды қолдауға ғана емес, олардың алдағы бірлесіп өркендеуі үшін ортақ шығармашылық кеңістікті қалыптастыруға арналған. Сонымен қатар, әдеби сыйлықтың тағы бір мақсаты – Қазақстанда көркем аударма мен әдеби сынды қолдау және дамыту.
Әдеби сыйлықтың шығармашылық байқауы екі тілде келесі бес аталым бойынша өткізіледі: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Әдеби сын» және «Көркем аударма». Байқауға алғашқы үш аталым бойынша қатысу үшін Қазақстанда тұратын 18-40 жас аралығындағы барлық авторлар өтінім бере алады. «Әдеби сын» және «Көркем аударма» аталымдарында үміткерлер жасына шек қойылмайды.
Байқаудың ашық пен әділ өтуі үшін үміткерлердің жұмыстары автордың аты-жөнінсіз бағаланады, ал қазылар алқасының мүшелері ретінде тек қазақстандық қаламгерлер ғана емес, шетелдік ақын-жазушылар мен әдеби сыншылар шақыртылған.
Байқауға өтінім қабылдау 1 наурызда басталып, сәуір айының соңына дейін жалғасады. Өтінімдер qalamdas.premia@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. 1 шілдеде әдеби сыйлықтың лонг-тізімі, ал 1 қыркүйекте шорт-тізімі жарияланады. Qalamdas әдеби сыйлығы жеңімпаздарының есімдері әр аталым бойынша қазақ пен орыс тілдерінде 2022 жылғы қыркүйек айының соңындағы марапаттау рәсімінде жария етіледі. Әдеби сыйлықтың жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.
Әдеби сыйлықтың ережесі мен қазылар алқасы туралы ақпаратпен https://litshkola.kz/qalamdaskaz/ сайтында танысуға болады.
Qalamdas әдеби сыйлығының ұйымдастыру комитетімен байланыс:
- Ирина Гумыркина, әдеби сыйлықтың үйлестірушісі
- тел.: +7 777 325 37 83