Алғыс айту күні қарсаңында Алакөлде жалғызбасты ана баспаналы болды
02.03.2022
262
0

Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылының тұрғыны Рая Алиева құны 2 млн.теңгені құрайтын пәтерді жалғыз басты ауыл тұрғыны Жұлдыз Рахметоваға тарту етті.

Баспана кілтін ауыл әкімі Қ.Қабдылдаев табыстап, тұрғынның қуанышымен бөлісті.

«Әр отбасы басында баспанасы болса, бақытты. Бүгін менде, осы бақытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен Рая ханымға, аудан басшысылары мен барлық азаматтарға алғысым шексіз»,– дейді үй иесі Жұлдыз Рахметова.

Бүгінде ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған жандар алакөлдік жомарт жанды барша азаматтарға алғыс білдіреді.

К.АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір