ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘҢІРДІҢ СЫЙЫ
20.12.2021
15915
0

Бабалар аңсаған азат күннің туғанын көру – ерекше  сезім, әрине. «Ол –  мынадай сезім» деп жай сөзбен жеткізе алмаспын-ау. Әлі күнге дейін ол сезім бойымызда, қанымызбен біте қайнасып, осы ұғымды естіген сайын жан дүниемізді тебірентетіні соның дәлелі.  Қаншалықты жаттанды естілсе де, расында Тәуелсіздігіміз – Тәңірдің  сыйы.

 Қай ел болмасын, аяғына тік тұра бастағанда өтпелі қиыншылықтарға, мезгілсіз дағдарысқа тап болуы заңды. Біздің жап-жас мемлекетіміз де егемендік алған алғашқы шағында ол кезеңнен айналып өте алған жоқ. Десе де, Елбасының «алдымен – экономика, содан соң – саясат» деп ұстанған стратегиясы бізді өрге жетеледі. Ел басына күн туғанда қандай жағдайды да  жұдырықтай  жұмылған халықпен бірге көрдік, бірге тұрдық, бірге өстік.

Тәуелсіздік маған осы елдің азаматы ретінде, шығармашылық адамы ретінде де барлық мағынадағы еркіндікті сыйлады. Бүгін жеткен жетістігім, шыққан биігім – соның  жемісі десем, артық айтқаным емес.

Жалғас ТОЛҒАНБАЙ,

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры

директорының шығармашылық істер жөніндегі орынбасары,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір