Алакөлде баскетболдан жарыс өтті
20.11.2021
469
0

Бүгінгі күні ауданымызда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар игі істер мен спорттық-мәдени іс-шаралар өткізілуде. Осы орайда, аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 9 бен 11 сынып оқушылары арасында баскетболдан аймақтық жарыс өткізілді. Додаға Үшарал қаласындағы №1 орта мектебі, С. Иманасов атындағы орта мектебі және Үшарал қазақ гимназиясынан үш команда қатысты. Әр кездесу тартысты өтті.

— Оқушылардың белсенділігі өте жоғары. Спортқа деген ынта-жігерлері басым. Жалпы, жарыс жоғары дәрежеде өткізілді. Алдағы уақытта әлі де үлкен жарыстар болады деп үміттенеміз–дейді, №1 ОМ-нің денешынықтыру пәні мұғалімі Құмар Мұқашев.

Тартымды да тартысты өткен қыздар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды С. Иманасов атындағы ОМ, ІІ орынды №1 орта мектебінің командасы иеленсе, жүлделі І орынды Үшарал қазақ гимназиясының құрамасы иеленді.

—Командамыз жақсы ойыншылармен толықтырылған. Құрамамызды білікті жаттықтырушылар Құмар Бахытханұлы және Меруерт Бейсенбайқызы дайындайды. Бүгінгі ойын өте қызықты болды. Біздің қарсылас командаларымыз да осал емес екен. Бірақ, біз команданың ауызбіршілігімен жеңіске жеттік–дейді, №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Шалқарқызы.

Жеңімпаз атанған командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілетін болады.

#Qazaqstan30
#qazaqstan30jyl

Касиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір