ОЙЛАЙТЫНЫ АТАТЕК, АНА ТІЛІ
05.11.2021
3261
12

Ойлайтыны Ататек, Ана тілі

(Мереке Құлкеновке)

Білемін, Хақ тағала сүйенішің!
Сонда да өртенеді, күйеді ішің, –
Өйткені Бөкен бидің ұрпағысың,
Өйткені Махамбеттің жиенісің.

Білемін, үміт – ұзақ, арман – қашық.
Сонда да кезің жоқ қой қалған жасып.
Тиеген соңғы жүкті қара нардай
Келесің маңғаз жүріп, маңғаз басып.

Аспайсың, шалқымайсың, тасымайсың.
Анау сөз, мынау сөзге қажымайсың.
Итерсін өңменіңнен өсек-жала
Бәрібір бүгілмейсің, жасымайсың.

Білемін, қайраттысың, қуаттысың.
Білемін, нұр себетін шуақтысың.
Опырып жілігіңді жіберсе де
Қайта тұрып кететін сияқтысың.

Жаныңа жоламайды аласалау,
Білемін, керек сені дара санау.
Түбіт-сынды жүрегің,
Сонда-дағы
Оңашалау жүресің, оңашалау.

Өз-өзіңнен отырып түнересің,
Шешім таппай тұйыққа тірелесің.
Сондай кезде ұмтылған біреулерді
Бір-ақ қағып ұшырып жібересің.

Асуларың алдыңда алатұғын,
Асуларың алдыңда жанатұғын.
Ызғырықтай ысқырған бұл заманда
Ойлайтының Ататек, Ана тілің.

Білемін, Хақ тағала – сүйенішің!
Сонда да өртенеді, күйеді ішің, –
Өйткені Бөкен бидің ұрпағысың
Өйткені Махамбеттің жиенісің!

Темірхан МЕДЕТБЕК,
ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері

Жазушы – өз заманы мен қоғамының хатшысы

Әлемдік әдебиет данышпандарының бірі А.С.Пушкиннің: «Нағыз жазушы кешені не ертеңді емес, бүгінді жазуы керек», – дейтін бір пікірі бар. Біздіңше, бұл арада әйгілі орыс ақыны: «Егер сен шын жазушы, шынайы суреткер болсаң, естігеніңді емес, өз көзіңмен көргендеріңді, өз жүрегіңнен өткізгендеріңді жаз, өйткені естігенің өтірік болуы мүмкін, ал көзіңмен көргендерің ешқашан ақиқаттан аластамайды» деген ойды меңзеп отырса керек. Ал болашақты жазу хақында айтпағы: «Қанша әулие, көреген болсаң да, күні ертең не болатынын сен қайдан білмексің, ол тек екі дүниені тұтас жаратқан бір Құдайға ғана мәлім екенін ұмытпа» дегені шығар.
Бұның бәрін айтып отырған себебіміз, шығармашылығын біз сөз еткелі отырған Мереке Құлкенов – А.С.Пушкиннің осы бір көркемдік, философиялық концепциясына адал жазушылардың бірі. Ол тек өз көзімен көрген, өз жүрегімен сезген өз заманының шындығын ғана жазады. Содан болуы керек, оның көптеген шығармалары жалғандықтан ада, өмірдің өзіндей күрделі әрі сезімге бай. Сондықтан да ол сомдаған кейіпкерлердің психологиялық контенттері оқырмандарды қапысыз сендіріп, оларды жаңа рухани ізденістерге бастайды.

Серік АСЫЛБЕКҰЛЫ,
жазушы, драматург, филология ғылымдарының докторы

Бүтін бітім

Мереке Құлкеновке асып-тасу, жалпаштану, жалпақшешейлену жат. Алабөтен сырбаздығын, сыңғырлап тұратын серілігін, келісіп тұратын кісілігін, қажет жерінде кішірейе кететін кішілігін, қысқасы, қазақ баспасөзінің берекесі екенін де сезіп, білгелі қашан. Ол қай басылымға барса да бағын ашты. Өзін де, өзгені де биіктетті.
Ол – академик Қабдолов айтқандай, екіге жарылмайтын бүтін бітім. Бүтін бітім, бүтін болмыс болмағаннан ғой, кей жазғандардың жауын жаумай су болып жүретіні, қазан ұрмай қаралағыш, қарау болып жүретіні. Сірә, бүтін бітім кісіге Тәңірі берген талантты былай қойғанда, біліммен, зейінмен келетін болар. Сырт көзге тәкаппар, асқақ көрінетін Құлкенов – жүрек жібі жіңішке жан. Олай дейтінім, ол жанашыр болған, оның демеуін көрген әріптестер аз емес. Талантты адамды бағалауға келгенде кейбір талантты ағаларымыздың таланты қасақана ашылмай жатады. Ал Құлкеновтің адами таланты бұл мәселеге келгенде жарқырап көрінеді. Адам ретінде талантты болу да әркімнің маңдайына жазылмаған. Әдетте, бойыңызда аздаған кісітанығыштық қасиет болса жетіп жатыр, Мерекенің мектебінен өту міндет емес. Бұл мектеп туралы өнебойыңды жылытып отыратын бір қоңыр әуенге басып, қалам тербей беруге болады. Түйіп айтқанда, ол мектептің алып бара жатқан алабөтен сыры жоқ. Ол оның өзі, әлгінде айтқандайын, екіге жарылмайтын жан дүниесі.

Қали СӘРСЕНБАЙ,
«Ана тілі» газетінің Бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Іскер қалыбын жоғалтпаған азамат

1994 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітіріп келгенімде әдебиеттің бұрынғы жер мен көкті орап алған мәртебесі түсе бастаған өлара кезең болатын. Жұрт жаппай күнкөріс қамына байланған. Әдебиетті місе тұтпайтын бейдауа қоғам, шығармашылықты атымен керексіз санайтын психология қалыптасып үлгерген. Алматыда қазақтан енді шығып жатқан бизнесмендердің дәурені жүріп тұр екен. Әйткенмен жадымда жалақысы мардымсыздығымен таңбаланып қалған бұл мезет менің ұғымымда үлкен әдебиеттің бағы қайтты дегенді әсте білдірмейтін.
Жұмыс іздеп «Жалын» журналының бас редакторы Мереке Құлкеновке телефон соқтым. Редакцияға барып көзбе-көз жолығудың орнына телефон арқылы ақпарат біле қойғым келгені. Мереке аға сөзге келместен: «Келе ғой, жұмысқа аламын» дегені.
«Жалын» журналында қызмет атқарған уақытта ешқашан Мереке Әбдешұлының бастық болып, қабағы түйілген сәтін көрген жоқпын. Үнемі қабағы ашық, іскер қалыбын жоғалтпайды, қысы-жазы жадырап, шаттанып жүретіндей оң әсер қалдырады. Бұл ретте жазушы Мереке Құлкенов өзінің ертеректе жарық көрген повесіндегі Шаттық атты кейіпкерін еске салатыны анық. Мереке ағаның тарапынан өзіме деген тілектестікті, рухани қамқорлықты көріп келемін. Тіршілікте замандас адамдардың бір-біріне деген шынайы сыйластығына ештеңе жетпейді. Жақсы адамдармен кездесу игілік. Арада қанша жыл өтсе де сол редакцияда қызметтес болған Гүлзина Мұқашевамен достығымыз үзілген жоқ.
Мереке Құлкенов – қазақ азаматтық қоғамының өсіп-өркендеуіне шынайы атсалысып отырған беделді азамат. Тәуелсіздік рухымен бірге енген құбылыс – ұлттық полиграфияда «Өлке» баспасынан жарық көріп жатқан әдебиеттер тізімі өте кесек әрі тиянақты, кітап сапасы өте жоғары. Жазушы Мереке Құлкенов басқарып отырған «Өлке» баспасы Қазақ елінің руханият қазынасына, өзін-өзі танып зораюына үлкен олжа салып жатыр.

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА,
жазушы

Қазақты жанындай жақсы көреді

Белгілі жазушы Мереке Құлкеновпен ең алғаш рет досым Есенғали Раушанов таныстырып еді. Онда мен Шымкент шаһарында тұратынмын. Бірде Есенғали екеуі Шымкентке келді. Жаз мезгілі болатын. Күн қайнап тұрды. Ыстық. Үшеуміз Оңтүстік өңірді араладық. Шардараның суына шомылдық. Қазығұрттың тауына шықтық. Бабайқорғандағы біздің қарашаңырақта асықпай жатып қымыз іштік. Мереке ағамның сабырлы мінезіне, жүріс-тұрысына, әр сөзін ойланып айтатын ерекше жаратылысына қарап: «Менің Асылханыммен құрдас екен. Төреханымдай жігіттің төресі екен. Сол екі ағаң аман болғанда ғой, асқар таудай болып тұратын еді ғой», – деп шешемнің көңілі босады… Сондықтан болар, жазушы Мереке Құлкеновті іштей ерекше жақсы көремін. Құрметтеймін! Содан бері арада қаншама жылдар өтті… Біз аға-іні болып сыйласып кеттік. Мереке ағамызбен талай сапарларда бірге жүрдім. Жолаушыны жол сынайды ғой. Сыр берген сәтін көрген жоқпын. Қашан да сырбаз, салмақты. Ойлы. Баяғыда шешем айтқандай, ағамыз жігіттің төресі ғой. Екі сөйлемейді. Қазақты жанындай жақсы көреді. Кісіні сыртынан ғайбаттамайды. Досқа – дос, дұшпанға – қатал, кесіп сөйлейді. Турап тастайды. Жанындағы достарын сатпайды, сатылмайды. Сенімді. Екі сөйлегенін көрген жоқпын. Жазушы «Жібек жол», «Таңғы самал», «Үрей», «Халел Досмұхамедовтің өмірі мен қызметі», «Қазақстан», т.б. прозалық және публицистикалық шығармалардың, «Махаббат мұнарасы», «Жәңгір хан» пьесаларының авторы. Мереке Құлкенов – өзімен қатарлас қаламгерлерден ерте есейіп, қоғамды толғандыратын тақырыптарға қалам тербеген жазушы. Кеңес одағы кезінде, сонау сексенінші жылдары жазылған «Үрей» әңгімесі арқылы аз ұлттың тағдыры мен рухының таптала бастауына, келеңсіз оқиғалардың өріс алуына қарсылық білдіре отырып жазу – сол заманда мүмкін емес еді! Мазмұны шағын болғанмен «Үрейдің» көтерген жүгі ауыр еді…
Жазушы Құлкенов – сырттай қатал көрінгенмен, жаны нәзік адам. Талантты ақындарды жақсы көреді. Талғап оқиды. Қолдап жүреді. Иә, ағамыздың қолынан қашан көрсең, кітап түспейді. Пойызда, перронда, ұшақта болсын сөмкесінен оқитын кітабы үзілмейді. Қолы қалт еткенде кітап оқып отырады. Әлем классикасын терең біледі. Көңілденсе, оқыған кітаптары туралы өз пікірлерін айтып отырады. Ағамыздан үйренеріміз көп. Талғамы зор. Кірпияз. Жақтырмағанын ашық айтады. Көңіліңе, бет-жүзіңе қарамайды. Мереке аға бастап, Қадыр ағамыз, Есенғали бар бәріміз – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарын алғаш аралаған сапарларым есімде… Қаройдағы Махамбеттің басына алғаш рет барғандағы сәтім, Оралдағы Қасым, жан досы Абдолла Жұмағалиевпен талай шарлаған «Шаған» өзенінің жағасындағы күндерім есіме түседі. Сол ардақты ағамыз жетпіс жасқа толыпты. Баяғыда Есенғали екеуі Шымкентке келгенде, біз бозбала, бұл кісі шаштары қап-қара жас жігіт еді. Сол шаштары түгел ағарып кетіпті. Уақыт өз дегенін істемей қоймайды. Алдыңда ағаларың аман жүрсе, қуанасың! Аман жүріңіз, жан аға!

Қасымхан БЕГМАНОВ,
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

ПІКІРЛЕР12
Қонақ 06.11.2021 | 14:22

жақсы азамат

Қонақ 07.11.2021 | 10:36

«Ойлайтыны тек қана жүзі, руы» десеңдер, сенер едік. Шынын айтсаңдаршы. Өтірік мақтап не керек?

Қонақ 07.11.2021 | 10:54

Кемелбаева деген жағымпаз қырт

Қонақ 07.11.2021 | 10:55

Өңкей өтірікші мүмкін кіләссік деп айтарсыңдар ұры алаяқты. Екіжүзді сұмырай

Қонақ 07.11.2021 | 10:56

Жексұрын топас мансапқор, маңқа

Қонақ 07.11.2021 | 13:04

Жазушыдан садаға кеткір Пәризаның аяғын жалаған көсемсымар итырық

Қонақ 07.11.2021 | 13:10

Айгүл Кемелбаева, сіз қателесіп отырсыз. Мереке Құлкенов — жазушы емес. Сіздің жерлесіңіз Гүлсім Мұқышева — жазушы. Мақтасаңыз, жерлес апаңызды мақтаңыз. Өтірікшілерге қосылмаңыз.

Қонақ 07.11.2021 | 15:03

Кемелбаева өтірікші жағымпаз, шыли бңреудің көтіне кіріп қыстырылып жүреді қатын басымен

Қонақ 07.11.2021 | 15:05

Қасымхан өтірік мақтамаш. Қолынан кңтап түспейт деп қояды миына қонбаса оқығаны кімге керек бұл кещщенің

Қонақ 07.11.2021 | 15:07

Қали сәрсенбай қателесесің нағыз жалпақшешей жымысқы бас пайдасынан басқа ештеғе ойламайтын кеще осы өтірік көлгірсңме жалпақтап

Қонақ 07.11.2021 | 15:15

Серік Асылбек Пушкинді қорлама бұған сен де өтірік айтып алжиын дегенбісің бейшара малғұннан кіләссік жасап не керек қойсаңшы оқушыны адастырмай тым болмаса бірер рет шындықты айтсаңшы сорлы болмай көп көрім жазушы деп жүрсе ылғи қырттардың ішіне кіріп алып малтаңды езіп отырсың саған бұл жараспайды доқтыр басыңа басы орнында болса мәгистір де бұның қалтұршык екенін біледі студенттеріңе де өстіп өтірік айтамысың

Қонақ 08.11.2021 | 11:39

«Жалын» журналы қандай еді! «Ана тілі» газеті қандай еді! Екеуін де Мереке Құлкенов құртты. Қазір бұл журнал мен газет оқылмайтын болды.
Осы Мереке Құлкеновтің әдебиетте несі бар? Түк көрмеген десе, түк көрмеген. Түк жазбаған десе, түк жазбаған. Бұл өзі Жазушылар одағына қалай кіріп алған?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір