«Ауылым — алтын бесігім»
20.10.2021
605
0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс көлемінде ауылдық мәдениет үйлері арасында «Ауылым — алтын бесігім» атты байқау биыл Алакөл ауданына қарасты Ынталы ауылдық мәдениет үйінде өз жалғасын тауып, жоғары дәрежеде аталып өтті.

Айта кетерлігі, еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты байқау онлайн форматта өткізілінген.

Іс-шараға ат басын бұрып сыйлы қонақ ретінде келген әділқазылар мүшелерін ауылдың ақ жаулықты әжелері қазақи дәстүр-салтымыз бойынша шашу шашып, ыстық ықыласпен қарсы алды.

Шара шымылдығы ақ салмайлы ауыл ақсақалының батасымен басталып, қазақтың ұлттық ойындары «Алтыбақан» және «Көкпар» бәйгелерімен тартысты жалғасты.

Артынша әділқазы алқалары Ынталы ауылдық округінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны және мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс жоспарларын назарға алды.

Сонымен қатар, байқауға келген аудан азаматтары Қазақстан Республикасы жас суретшілер, Еуразия дизайнерлері және Әлем халықтары жазушылар одағаның мүшесі, аудандық маслихат депутаты, Ынталы ауылдық округінің тумасы, ұлағатты ұстаз, Қадірсұлтан Нүсіпқанның жеке көрмесін тамашалады.

Жиын соңы ауыл азаматтарының дайындаған шығармашылық бағдарламасымен жалғасын тапты.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір