Халық үніне құлақ асатын аудан
15.10.2021
493
0

Әрбір адам немесе басшы мен мемлекеттік қызметші бүкіл болмыс-бітімімен адал, әділ, турашыл, таза болып, нақтырақ айтқанда өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқармайынша қоғам түзелмейді, елдің дамуы алға жылжымайды.
Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілетті жететін қызметкердің айналысып отырғаны белгілі.
Жемқорлық қылмыстары көбіне пара алу жер телімдерін бөлуде, субсидия беруде теріс мақсатты көздеу, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджеттік қаражатты ұрлаумен байланысты болып жатады.
Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Айта кетейік, мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының
116-тармағын орындау мақсатында аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелердің, яғни аудан әкімі аппаратының, 15 ауылдық округ пен 13 бөлімнің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Аудан бойынша «Мобильді ауыл» жобасын жергілікті елді мекендерде, «WhatsApp мессенджері» арқылы, мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мекемелер, жергілікті полиция қызметкерлері, салық қызметкерлері, аурухана қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары және тағы басқа мекеме қызметкерлері онлайн форматта халықпен тікелей байланыс орнатып, мазалаған сұрақтарын, туындаған мәселелерін тікелей жауап беруге арналған арнайы топ құрылып, топтың құрамына ауылдық округ әкімдері, қоғам белсенділері енгізілді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік органдардың жұмысын ашықтық пен жариялылыққа бағдарлап, көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында аудан бойынша Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты, Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты, Басши ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері, Қарашоқы, Панфилов, П.Дутов, Күреңбел, Қосағаш, Сарыбастау, Ы. Алтынсарин, Сарыбұлақ орта мектептері «Open Space» форматына, 71 мемлекеттік мекеме басшылары бірінші қабатқа көшіріліп жұмыс жасауда. Аудан орталығы мен ауылдық жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында 14 билборд орнатылып, тұрғындардан түскен арыз-шағымдарға арналған 25 жәшік және «Жетісу адалдық алаңы» арнайы жобасы аясында аудан бойынша халық көп шоғырланған жерлерге сенім телефондары орналасқан 80 плакат ілінді. «Адал көмек» жобасын іске асырып, әлеуметтік желіде онлайн түрде тегін құқықтық кеңестер беру мақсатында бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен 41 тікелей эфир ұйымдастырылды.

Раушан Бисембекқызы,
Кербұлақ ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір