96-маусым: кадрға іліккен «сахна сәттері»
08.10.2021
417
0

Фото өнерінің театр үшін де алатын орны қашанда ерекше. Қазақ театрларының қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында музей бөлімі бар.

Театрдың музей қорында (1968 жылы ашылғаннан бері) осы уақытқа дейін жұмыс жасаған кәсіби фотографтар түсірген тарихи жәдігер фотолар өте көп сақталған. Фото өнері – асқан төзімділік пен қырағылықты талап ететін сала. Бұл шеберлер суреттің сапалы әрі әдемі шығуына мән беріп қана қоймай, актердің ішкі толғанысы мен мінезін объектив арқылы дәл жеткізген. Әрбір фотоның астарында үлкен мағына мен терең мән бар. Театрмызда ұзақ уақыттан бері ерешк ықыласпен еңбек еткен үш фотографқа ерекше тоқталғым келеді.
Белгілі фотограф , КСРО журналистер одағының мүшесі, халықаралық фото көрмелердің жүлдегері – Қалиқұмар Қабдешұлы 1974ғ1993 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында фототілші қызметін абыроймен атқарды. Қалиқұмар ағамыз театрда еңбек еткен жылдары Республикалық, одақтық, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері атанды.


Екінші кәсіби фотографымыз – халықаралық фото көрмелердің жүлдегері Рафат Бегишев 1999-2014 жылдар аралығында театрымызда қызмет атқарды. 2003 жылдан 2013 жылға дейін театрдағы 50-ден астам қойылымды суретке түсірді. М.Әуезов театрының фотоархивін жинап, театр мен киноның белгілі қайраткерлерінің фотоальбомдарын және басқа да баспа басылымдарын жасауға қатысты.


Үшінші кәсіби фотографымыз – Ардақ Төлебай Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Қазіргі кезде ағаларының дара жолын жалғастырып жатқан жас маман. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бастауымен келген көрерменге театр музейінің «Сахна сәттері» атты көрме ұсынудамыз. Мұнда 96 жылдық театр тарихындағы фотографтар Қалиқұмар Қабдешұлы, Рафат Бегишев және Ардақ Төлеубайлардың еңбектерін көрсеткіміз келеді. Бұл жобаның мақсаты – қазақ театр өнерінің қазынасындағы фотосуреттердің үлкен бөлігін театр тарихымен байланыстыра таныстыру. Сонау театр қалыптасқаннан бастап, тұпнұсқадағы фотобаяндар, театрдың шарықтау кезеңі және қазіргі заманауи фотографтардың еңбегі көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар жоба арқылы қазақ фотопленкасының техникалық, сапалық даму процесіне, заман талабына сай қаншалықты өзгергеніне зер салуға мүмкіндік тумақ. Өнер майталмандарының, сахна сұлуларының түрлі эмоциясы мен қызықты сәттерін тамашалау, көне және жаңа суреттер топтамасынан сирек кездесетін үздік кадрларды көру, көрерменді ерекше сезімге бөлейтіні сөзсіз. Жоспарланып отырған бұл көрменің бұрын соңды болмаған форматта ұсынылуы көпшілікті қызықтырмай қоймайтыны анық.

Наргиз ТАМАБЕКҚЫЗЫ,
М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма
театры музейінің жетекшісі

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір