Кербұлақ ауданының экономикалық өсім қарқыны тұрақты
04.10.2021
409
0

Аудан жұртшылығы ауыз толтырып айтылар қуанышқа бөлейтін, әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы салынып жатыр. Аудан халқы үшін жағымды жаңалықтардың бірі – «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында салынып жатқан Өнер мектебі. Бір ауысымда 50 орынға есептелген, яғни күніне 300-ге жуық жас талантты балаларды қамту мүмкіндігі бар. Өнер мектебінде көркемдік сыныптар, фортепиано, қобыз, домбыра, баян және би студиясы бар.

Сондай-ақ, техниканың соңғы нұсқасы бойынша жабдықталған 100 орындық акт залы да бар. Бұл өнер мектебі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта алатын алғашқы нысан болатынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының бастап берген «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Сарыөзек ауылындағы 40 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы және 50 жеке үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған үйлер әкімдікке үй кезегіне тіркелген азаматтарға, соның ішінде алдымен көп балалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға реттілігі бойынша табыс¬талады.
Сонымен қатар, бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру мақсатында ауданда 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешені, 1 орталық әскери спорт клубының спорт кешені, 98 жазықтық құрылғылар, 39 спорт зал және 8 жапсарлас спорттық залдары ашылып, жалпы 147 спорттық нысан халыққа қызмет етуде.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы Раушан Бисембекқызы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір