Елеусіз қалған есімдер
04.12.2015
977
0
710881_1929981759_____________________2015Жетісу өлкесінің тарихында елеусіз қалған есімдер баршылық. Ғалым, тарих ғылымдарының докторы Айткүл Махаеваның «Жетісу: Елеусіз қалған есімдер» атты кітабына Абайылда бидің өмір жолы негізінде құралған құжаттар мен материалдар жиынтығы еніпті.


Жетісу өңірінде отарлық саясатқа қарсы көтерілістің басы-қасында жүрген Абайылда бидің ғұмыры сол заманда өмір кешкен халық  тарихының бір бөлшегі секілді. Сәмен батыр мен Диқанбай бидің ұрпағы, 1928 жылы тәркілеуге ұшыраған Абайылда Келгенбайұлының өмірі мен азаматтық ұстанымы туралы құжаттар легі берілген жинақтың негізгі мақсаты – Жетісу тарихында өзіндік із қалдырған тұлғаның елдік, бірлік, ынтымақ жолындағы еңбегін жалпақ жұртқа таныстыру.
ПІКІР ҚОСУ