NIS & National Geographic Qazaqstan  «Photocamp-2021»  өз жұмысын аяқтады
09.06.2021
47
0

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінде бір апта бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық зияткер оқушы мен жетекшілер NIS  пен National Geographic Qazaqstan бірлесіп ұйымдастырған «Photocamp-2021»  жобасында әйгілі журналдың жаттықтырушыларынан  дәріс алып, фотосуреттің қиял әлемінің қыр-сырын үйренді, біліктіліктерін арттырды.

Шығармашылық фотокамптың  соңғы күні Флоридамен (АҚШ) тікелей қосылудан басталды. Жоба қатысушылары үшін  National Geographic 2020 жылы қабылдаған зертеушісі, жаратылыстану пәнінің оқытушысы Али Прессел вебинар өткізді. Экологиялық ғылымдар мұғалімі National Geographic-тің 2020 жылғы зерттеушісі болып   оқушыларды  түрлі жобаға тартып және таза ауада оқыту арқылы ғылымды   үйретуге бағытталған инновациялық жұмысы үшін шақырылды.

Али Прессел вебинарды «You are Explorer» тақырыбына арнады және өз мектебінде жүргізген зерттеу жобалары туралы әңгімеледі. Жаратылыстану пәнінің мұғалімі жергілікті флора мен фауна, табиғи ескерткіштерді зерттеуде фотобейнеу тиімді құралдардың бірі екенін айтты.  Оқытушының фотосуретке деген құштарлықты сүйікті іске айналдырып,  жетілдіріп, шеберліктің шыңына  жеткен жағдайда National Geographic-тің бір бөлігі болуы әбден мүмкін деген   сөздерін вебинар тыңдаушылары  үлкен ықыласпен қабылдады.

Али Прессел оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің электронды мекен-жайымен бөлісті:

— Біз сіздердің мектептеріңізбен ынтымақтастық құруға  әрқашанда ашықпыз. Жобаларды талқылау үшін онлайн кездесулер ұйымдастыруға болады,  және сіз тұратын жерді зерттеу арқылы жаратылыстану, география ғылымы төңірегінде бірлескен жобалық жұмыс жүргізсек  біздің оқушыларға да, сіздерге де пайдасын тигізері анық», — деп қорытындылады вебинарды  National Geographic Emerging Explorer-2020. 

  Фотокурс аясында National Geographic Казақстан тренерлерінің оқытуымен қатар  әйгілі журналдың танымал фотографы  Герд Людвигтің шеберлік сабақтары өтті. 
Калифорниялық фотошебер бір апта бойы тренинг-дәріс өткізді, өзінің фото әлеміне жасаған алғашқы қадамдары туралы баяндап, үздік жұмыстарын көрсету арқылы фото түсіру ерекшелігімен таныстырды. Оқушылар алған теориялық білімді Герд Людвигпен Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында, мектеп аймағында практикалық жұмыстарда жетілдіре түсті. 

— Оқушылар өте терең сұрақтар қояды, олардың академиялық дайындығы, мақсаткерлігі сезіледі. Көптеген балалар өз дағдыларын көрсетті. Олар, әрине, фотосуреттер жасау теориясы туралы түбегейлі білімге ие», — деді әйгілі фотограф.

Фотокамп жұмысының соңғы күні қатысушыларға «Фотоөнер» сертификаттарын тапсыру рәсімімен аяқталды, онда National Geographic Қазақстан тренерлері, National Geographic фотографы Герд Людвиг, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ , Алматы қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ директоры Гүлмира Бақытбекқызы Мүнкеева  құттықтау сөздерінде  жаңаша жоба оқушылардың шығармашылығына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір