«Robotek» автономды көлік құру бойынша жаңа жобаны аяқтады
Панамадағы Дүниежүзілік робототехника олимпиадасындағы жетістіктерінен шабыттанған астаналық «Robotek» мектебінің оқушылары жаңа танымал жоба – автономды көліктің үлгісін жасады.
Панама қаласынан оралған соң «Әлемді байланыстырамыз» стратегиясы мен WRO-2023 жаһандық жетістіктерінен шабыттанған «Роботек» оқушылары жаңа жобамен жұмыс істей бастады. Бұл шынайы уақытта оңтайлы қозғалыс траекториясын өздігінен құрастыратын машинаның оқу үлгісі. Робот қазір «Altel» ұялы байланыс операторы жүзеге асырып жатқан 5G – деректерді берудің жоғары жылдамдықты технологияларына сәйкес жасалған.
Жаңа жыл қарсаңында құрамында Батырхан Бәйтереков, Марат Казкенов, Вагиз Дисембаев, Жанарыс Капаров, Аңсар Сауырбаев бар елімізге және әлемге танымал, табысты ұжым жұмысын қорытындылады.
– Біздің көлік жолдың нақты жағдайына жақын, арнайы сынақ алаңындағы жарыстарға арналған. Робот автономды, кескін 5G арқылы беріледі», – деп атап өтті жобаның ғылыми жетекшісі Владимир Усольцев.
2023 жылы Дүниежүзілік робототехника олимпиадасының «Әлемді байланыстырамыз» тақырыбы цифрлық технологиялардың инфрақұрылымы мен логистикасына арналғанының символдық мәні бар.
– Бүгінгі күні «Robotek» бірнеше бағытта жұмыс істейді, соның ішінде тәжірибелік зертхана ретінде, нақты іске асыруға бағытталған танымал жобалар жасалады. Digital-бағыттың қарқынды дамуы міндетті түрде цифрлық технологиялардың инфрақұрылымы мен логистикасының тиісті деңгейін, инженерлік шешімдердің креативтілігі мен тиімділігін талап етеді. Бұл кең-байтақ аумағы бар елімізде бұл өте өзекті, – деп атап өтті «Robotek» бас директоры Санжар Шалқарбеков.
«Connecting the World» тақырыбы 2024 жылы халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырған беделді Robotek Grand Tournament шарасында басты тақырыптардың бірі ретінде жоспарланған. АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің жас робототехниктері Астанаға келуге дайын екендіктерін растады.