«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жұмысын аяқтады
04.08.2026
29
0

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясындағы алтыншы оқу күні жас қаламгерлер үшін мазмұнды дәрістер мен шығармашылық кездесулерге арналды.

Бүгін қатысушыларға әдебиет, аударма және шығармашылық шеберлік бағыттары бойынша тәжірибелі қаламгерлер дәріс оқыды. Лекторлар қатарында Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, аудармашы Гүлжігіт Соронкулов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов, өнертану кандидаты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі, театртанушы ғалым Амангелді Мұқан, белгілі жазушы, публицист, Қали Сәрсенбай және белгілі әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке болды.
Дәрістер барысында жас қаламгерлер көркем шығарма жазу үдерісі, әдеби ізденіс, ұлттық әдебиеттің бағыттары, аударма саласы жайлы құнды ой-пікірлер айтылды. Лекторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас қаламгерлердің шығармашылық дамуына бағыт-бағдар берді.
Шеберлік мектебі аясындағы сабақтар поэзия, проза, драматургия және әдебиет­тану бағыттары бойынша жалғасуда.

* * *
Шеберлік мектебінің қатысушылары «Жыр мен жүрек» атты поэзия кешіне қатысты А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада «Жыр мен жүрек» атты поэзия кеші өтті. Әдеби кешті жас ақын Әлихан Махаш жүргізіп, шығармашылық жүздесуге ұйытқы болды. Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестікті іске асыруға бағытталған «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының қатысушылары жүрекжарды өлеңдерін оқып, Алматы аспанын жырға бөледі. Жас қаламгерлердің қаламынан туған өлеңдер тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп, әдеби кештің мазмұнын байыта түсті. Шара соңында жоба қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

***
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының жетінші күні жас қаламгерлер үшін тағылымды сапармен жалғасты. Курс қатысушылары қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің мәңгілік мекені мен Кеңсай зиратына барып, қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының рухына тағзым етті.
Жас ақын-жазушылар қаламгерлердің рухына Құран бағыштап, қазақ поэзиясының жауһар жырларын оқыды. Сондай-ақ әдебиет алыптарының өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер тыңдап, рухани тағылым алды Қаламгерлердің мәңгілік тыныс тапқан қасиетті орындарына жас буын өкілдерін Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай бастап барды.

***
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының сегізінші оқу күні мазмұнды дәрістерге ұласты. Бүгін жас қаламгерлерге халықаралық деңгейдегі қаламгерлер мен ғалымдар дәріс оқыды.
Сабақ барысында Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам, әзірбайжан ақыны, эссеист, аудармашы, «Повелья Мораве» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Фарид Хусейн, ғалым, филолог, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан және публицист, жазушы, сыншы Әмірхан Меңдеке өз тәжірибелерімен бөлісті.
Дәрістер барысында әдеби шығармашылықтың қыр-сыры, қазіргі әдеби үдеріс, тіл мен сөз өнерінің маңызы, аударма саласы және қаламгердің кәсіби ізденісі туралы кеңінен сөз болды.
Жас авторлар оқытушылардың ой-пікірлерін тыңдап, шығармашылық бағытта құнды тәжірибе жинақтады.
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» аясындағы дәрістер әдебиеттің әртүрлі бағыттары бойынша жалғасуда.

***
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясында Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам жас қаламгерлерге дәріс оқыды. Дәріс барысында қаламгер көркем шығарма жазудың ерекшеліктері, әдеби ізденіс, шығармашылық жауапкершілік және жазушының қоғамдағы орны туралы ой бөлісті. Сондай-ақ проза мен драматургия саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас авторларға қаламгерлік жолға қатысты құнды кеңестер берді. Кездесу барысында қатысушылар Еркін Азамның шығармашылық әлемі, әдебиеттегі бағыт-бағдары жайлы сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы жас қаламгерлердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және әдеби байланыстардың нығаюына үлкен ықпал етуде.

***
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы аясында әзірбайжан ақыны, эссеист, аудармашы, «Повелья Мораве» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Фарид Хусейн жас қаламгерлерге дәріс оқыды. Дәріс барысында ақын қазіргі поэзияның бағыттары, көркем ойлау, шығармашылық ізденіс және аударма өнерінің ерекшеліктері туралы ой қозғады. Фарид Хусейн әдебиеттің халықтар арасындағы рухани байланысты қалыптастыратын маңызды құрал екенін атап өтіп, өз шығармашылық тәжірибесімен бөлісті Дәріс кезінде жас авторлар ақынға сұрақтарын қойып, поэзия, әдеби байланыстар және қаламгерлік шеберлік туралы мазмұнды пікір алмасты. «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» аясындағы дәрістер жас қаламгерлердің білімін арттырып, шығармашылық дамуына үлкен мүмкіндік болып отыр.

***
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының тоғызыншы оқу күні мазмұнды дәрістерге ұласты.
Дәрістер кезінде жас қаламгерлерге әдебиеттегі ізденіс, шығармашылық шеберлік, көркем ойлау, авторлық стиль және заманауи әдеби үдерістер туралы құнды ойлар айтылды.
Сабақ барысында Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам, әзірбайжан ақыны, эссеист, аудармашы, «Повелья Мораве» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Фарид Хусейн, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов және жазушы Ырысбек Дәбей өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қаламгерлер өз дәрістерінде әдебиеттің жауапкершілігі, сөз өнерінің табиғаты, ұлттық болмыс пен көркем туындының байланысы жайында ой қозғап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Жас жазушылар өзара пікір алмасып, әдебиет әлеміндегі жаңа бағыттар мен ізденістер туралы талқылау жүргізді.

Қазақстан Жазушылар одағының
баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір