ҚазҰУ-да куратор-эдвайзерлердің қысқы мектебі
19.01.2021
111
0

ҚазҰУ-да 11 жыл бұрын пайда болған куратор-эдвайзерлердің қысқы мектебі жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Биылғы жылы мектептің семинарлары онлайн форматта өтті және университеттің 16 факультетінің барлық кафедраларының куратор-эдвайзерлерінің басын біріктірді.

             Әр түрлі секцияларда сөйлеген семинарлардың спикерлері өз баяндамаларын студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстың психологиялық аспектілеріне арнады. Сонымен, қысқы куратор-эдвайзерлер мектебінің аясында, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент З.М. Садвакасова «Куратордың студенттермен жұмысындағы тұлға тұрақтылығының психологиясы» тақырыбында практикалық бағыттағы вебинар өткізді, онда адамның психологиялық тұрақтылығы, ойлаудың әсері мен басқару механизмдері, эмоционалдық фон ашылды. Кураторлар «Адам денесі» әдісімен танысты. Психологтар «тәуекел тобынан» арнайы студенттерді қалай анықтауға және студенттер тобының эмоционалды фонын байқауға болатындығын түсіндірді. Сондай-ақ, адамның барлық деңгейдегі психологиялық жағдайы және «өзінің эмоционалды фонын басқара алмаудың» салдары қарастырылды. «Психотравмалардың тізімі» жаттығуының мысалын қолдана отырып, әр куратор өзінің жеке тәжірибесінен ситуация мен эмоциялар арасындағы байланысты талдады. Жағымсыз факторларды уақытында анықтауға және ондай студенттерге міндетті түрде психологиялық қолдау көрсетуге баса назар аударылды. Қатысушылар сонымен қатар «Студенттердің мотивациясы мен ерікжігерін дамыту: қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі дамыту технологиялары» тақырыбын тыңдап, талқылады, семинардың жаттықтырушысы А. Мыңбаева болды. Тренингтер барысында басты рөл әртүрлі мамандар мен бөлімдер арасындағы командалық ынтымақтастық механизміне жүктелді. Кураторлар мен мамандар тек кураторлық сағаттарды ғана емес, сонымен қатар олқылықтарды немесе қайшылықтарды жою, ең бастысы – психологиялық тұрғыдан тұрақты және күйзеліс жағдайына дайындалған тұлғаларды тәрбиелей отырып, студенттердің танымдық жүгін байыту мақсатында кездесулер мен мастер-кластарға шақырады және ұйымдастырады.

Мақала жолдаушы: Maulet B.

ПІКІР ҚОСУ