Шыңғысхан тақырыбы және «антиқазақ» стратегиясы   
12.05.2021
4132
5

Жуырда «Қазақ әдебиеті» газетіне белгілі тарихшы Әлімғазы Дәулетханның «Шыңғысхан: дәлелсіз ойлардан қашан арыламыз?» атты мақаласы жарық көрген болатын. Онда Шыңғысхан тарихын зерттеуде көптеген ағаттықтар кетіп жатыр, әсіресе, ұлы қағанды қазақ қылу, оның ішінде белгілі бір руларға телу белең алды, бұл шын тарихты бұрмалау дегенге саятын ой айтылған еді. Газеттің поштасына шыңғысхантанушы Тілеуберді Әбенайұлынан көлемді мақала келіп түсті. Газетке жариялауға көлемі өте ұзақ болғандықтан, қысқартпай, сайтқа беріп отырмыз. Көп жылдан бері Шыңғысхан тарихын зерттеп жүрген Тілеуберді Тыныбайын Шыңғысханды қазақ, оның ішінде жалайыр деп атап көрсетеді әрі оған өзінің тарихи дәлелдерін келтіреді. 


Кеше, 2021 жылы 16 сәуірде Марал аға Ысқақбайұлы (жазушы, мемлекет қараткері) мен Қайнолла Зейноллаұлы Қасенов (инженер-ғалым, лауазымды тұлға) мырза менің ватсабыма «Жас Алаш» газетінің «09.04.2021, 09:09» саны туралы сілтеме жолдапты. Ашып қарадым, абзал ағаларымның құрметі үшін оқып шықтым. Екеуінде де «Қазақстанды Шыңғыс ханның елесі кезіп жүр» деген бір «мақала» екен. Осы мақала дәл сол күні «Қазақ әдебиеті» газетіне де «Шыңғыс хан: дәлелсіз ойлардан қашан арыламыз?» деген атпен шығыпты.  Шындығына келсек, ол – мақала да емес, ойдырма өсектер мен мақсатты арандатулардың қойыртпағы, «антиқазақшыл» тобырдың шыңғысхантану, алаштану ғылымына қарсы лаңы болып шықты.

Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Шыңғысхантанушы, шығыстанушы, аудармашы.


Тарихшы Әлімғазы Дәулетхан

ӘЛІМҒАЗЫНЫКІ НЕ БАЙБАЛАМ?

Мен «авторды», Әлімғазы Дәулетхан мырзаны екі түрлі жағдайға байланысты сырттай танимын. Әуелі біріншісін айтайын. «Қазақстан» телеарнасының «Көкпар» бағдарламасында Шыңғысхан туралы пікірсайыс болды (2008 ж.), сонда оңбай жеңілгені әлі есімде. Біз жақта әйгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалихан аға Ысқақұлы, тарихшы, лингвист ғалым Сарқытбек аға Шора, аса талантты, ұлтжанды ақын Әмірхан Балқыбек ініміз болды. Бәріміз де түпнұсқалық, сенімді тарихи құжаттық деректерді маржандай тіздік. Сөзіміздің дәлелді болғаны соншалық, қарсыластарымыз бет қарай алмады. Қызараққа басқан Әлімғазы Дәулетхан мырза пышақтың қырындай ғана аударма кітәпшаны (өзінікі емес) шошаңдатып, «Құпия шежіре» деген міне, мынау, «түпнұсқасы» менде деп соқты. Ол кісінің Шыңғысхан тақырыбынан ештеңе білмейтінін, онымен қоймай, жалпақ жұртқа өтірік айтудан ешбір шімірікпейтінін сонда байқап қалдық.  

Сосын бұл тарихи құжаттың түпнұсқасы шартты түрде «元朝秘史» (Үйән чау ми шы) деп аталатынын, ол моңғолша емес, пішік (иероглиф) жазуында болғанын айтып, қарсыласымның уәжін толықтай терістедім. Сонымен бірге қолжазбалық үлгіде бес том, баспалық үлгіде екі том екенін, көлемі мың беттің үстінде болатынын нақ-нақ қадап айтып аудиторияға түсіндірдім. Сондай-ақ ғылымға оның үш түрлі нұсқасы белгілі екенін, олардың барлығында да мәтіндер өзара қабаттасқан үш жеке форматта, ерекше үлгіде жазылғанын да баяндап өттім. Сол сәтте студия бізді ду-ду қолдап кетті. Кей кісілер толық нұсқасы аударылу керек екені туралы ұсыныс та көтеріп жатты. Бірақ бұл істі қолға алып жатқанымды айтпай, іркіп қалдым. Өйткені «олардың» юань (ақша) төңірегіне топтасқан қомақты тобыр екенін сезетінмін. Анда-санда өзара «ырылдасып» қалғандарымен, көлденең өткен кісіге жабыла немесе ұтылай ұмтылатын.

Қытай ақыны Ли Бай

ЕЛІБАЙДЫ НЕГЕ ЕЛГЕ ЖОЛАТПАДЫ?

Енді екіншісін айтайын. Әлімғазы Дәулетхан мырза, Елібай (Ли бай / 李白) тақырыбына қарсы «тіркелмеген» қозғалыстың да белсенді өкілі, «еңбек сіңірген қайраткері». Сол тақырып төңірегіндегі кісілерге дәлелсіз, дәйексіз килігіп, жеке бастарына соқтыққаны, етектерінен тартып, балақтарынан алғаны да есімде қалып қойыпты. Мұндайлардың «антиқазақшыл» тобыры үшін бір ғана қағидат бар, ол – қазақтану, алаштану ғылымының дұрыс жолға қойылуына барынша кедергі жасау. Қазақта ешқашан мемлекеттілік болмағанын «дәлелдеу», түрік халықтарының бірлігін жоққа шығару. Керісінше оларды «құл» етіп көрсету. Сол үшін Шыңғысханды – «моңғол», шүршітті – «қытай», ал қазақты – солардың меншікті боданы, құлақкесті құлы етіп көрсетуге жандарын салады. Олардың айтуынша, Қазақ даласы да бізге тән емес екен. Бәріміз Моңғолиядан ауып келген берекесіз тобыр, қырық темірдің қылауы, «түркілескен моңғол» екеміз-мыс. Аталмыш тобырдың тәуелсіздік жылдарында Шыңғысхан тақырыбына қалам тартқан дарынды мамандарды «әуесқой» деп өсектеуінің мәнісі сонда. 

Әлімғазы Дәулетхан мырза сияқтылар арандатушылыққа ағып тұр. Керісінше қулықтарына да құрық бойламайды. Елібай тақырыбына жанталаса қарсы шыға, оны «рушылдық», «жүзшілдік» деп қаралай тұра, Мекемтас аға Мырзахыметұлын жағаттай қалысты. Әрине абыз ағадан «толық адам» болуды үйренгісі келмегендері анық. Жақсының тасасына кіру арқылы өздерінің «антиқазақшыл» кеспірлерін күлегейлегісі келген болар. Шын мәнінде Елібай тақырыбы да, түрік, қазақ тарихтану ғылымы үшін өте маңызды. Айталық, әл-Мәсуди (X ғ.) Елібай шыққан Таң әулетін (唐朝), «Қаратаң» деп жазады. Әрі оларды Орта Азиядан барған түріктер ретінде сыйпаттайды. Олар да біз сияқты, Нұқтың (ғ.с.) Яфес атты баласынан, оның Әмір (Әмүр) деген әулетінен тарайды. Арғы аталары Настартас, Айса дөң, Айса нән деген кісілер болған (316 – 318-абзацтар). Аты-жөндерінен де түрки антропонимика анық байқалып тұр. Демек бұл тақырыпта да түрік тарихының терең жасырылған қазынасы бар. Әлімғазы Дәулетхан мырзалар Шыңғысхан тақырыбына қарсы бола тұрып, Марал аға Ысқақбайұлын да төңіректегісі келгені бар. Бірақ көпті көрген абыз ағамыз ондай «бұралқыларды» алыстан танып, маңына да жолатпады. Оқырманға енді түсінікті болған шығар. Әлімғазы Дәулетхан мырза мен оның «антиқазақшыл» тобыры, тек түрік жұртына, қазақ халқына пайдалы тарихи тақырыптарға ғана кедергі жасайды. Керісінше оған қарсылардан астыртын қолдауларын аяп қалмайды.   

Ісжүзінде шындық бұл «антиқазақшыл», арандатушы, өсекшілер айтып жүргеннен мүлде басқаша. Шыңғысхантанушылардың барлығы мемлекетке, халыққа танымал тұлғалар. Мысалы, мен өзім туралы айтсам, Алаш ұлысы және Шыңғысхан әулетіне қатысты барлық дерлік түпнұсқа құжаттарды зерттеп, аудару арқылы көлемі жиырма томнан асатын монографиялық еңбектер және ғылыми мақалалар жазған, нағыз кәсіби тарихшы, тәжірибелі маманмын. Сол еңбектерім үшін 2014 жылы ҚР ҰҒА Құрметті академигі деген аса жоғары ғылыми атаққа ие болдым. 2015 жылы, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында бірінші дәрежелі сыйлықтың иегері болдым. 2020 жылы Ұлттық Ассамблеяның төсбелгісімен марапатталдым. Одан да ертеде, 2004 жылы халқаралық «Заман-Қазақстан» гәзетінің марапатын, 2005 жылы «Қазақстан Авторлары» Қоғамының сертификатын алдым. Осындай заңды құжаттарды елемей, басқалардың Қазақстанға, халқараға танылған нақты ғылыми еңбектерін, алған ресми ғылыми атақтарын қалағанынша жоққа шығара салатындай құзыретті Әлімғазы Дәулетхан мырза мен оның тобырына кім берді екен? Әлде жұрттың «битке өкпелемесін, иттен безбесін» біліп, дәнігіп алғансыздар ма? Гәзетке жазылған есім-сой сіздікі болғанымен, айтылған арандатушы ойлар сізге ғана тиесілі емес екені бесенеден белгілі. Сондықтан бұған елеусіз қарауға болмас. Шыңғысхан тақырыбына қарсы тұруда бұл «антиқазақшыл» тобыр, негізінен мынадай үш түрлі айла қолдануда: бірінші, тақырыпты «кәсіпқолар» мен «әуесқойлардың» тартысына айналдыру; екінші, тақырыпты «рушылдық», «жүзшілдік» деп қаралау; үшінші, қисынсыз әңгімелерді әдейі кірістіру арқылы тақырыптың қадірін кетіру. Соңғы кезде бұған плагиат қосылды. Әрі осылардың барлығы арам мақсат, арандатушы жоспарлар негізінде біртұтас жасалуда.  

Аса құрметі оқырман, бұл түйінге алда тағы да тоқталамыз. Енді «автор» мырзаның тарихи шындықты бұрмалап, оқырманды алдауға бағытталған негізсіз өтіріктеріне, арандатушы өсектеріне толығырақ тоқталып, ғылыми тұрғыда тойтарыс жасап өтелік.

 

КӘСІПҚОЙ ӨСЕКШІЛЕР НЕГЕ КӨП?

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз: «орда шежірешілері жазып қалдырған жазба дерек те жоқ» — деген жосынсыз, тарихи шындыққа қарсы өтірікті қалай айттыңыз? Қалың мамандардан, қарайған халықтан ұялмайсыз ба? Бүкіл дүниежүзі және тұтас Қазақстан тарихшылары тегіс білетіндей, Шыңғысхан және оның әулеті – адамзат тарихындағы артына ең көп жазба құжат қалдырған ұлттық, әлемдік билік жүйесі болып табылады. Мысалы, «Тарих-и жаһангушай» (екі томдық, 1260 жж.), «Жәмиғ ат-тауарих» (төрт томдық, 1310 жж.), «Шыңғыс қағанның қузауыры» («Құпия шежіре», екі томдық, 1240 жж.), «Үйән (Юань) тарихы» (15 томдық, XIV ғ.), «Жаңа Үйән (Юань) тарихы» (15 томдық, XIX ғ. Кы Шау-мин (柯劭忞 / О сю ман) жағынан реттелген нұсқа). Оның сыртында қазақтың меркіт тайпасынан шыққан Тоқта Мажартайұлы қатарлылар жазған Ляу (辽), Жин (金), Сұң (宋) әулеттерінің толық жылнамасы бар. Әсіресе «Сұң тарихы» («宋史») пішік (иероглиф) жазуындағы жылнамалардың ең көлемдісі саналады. Демек Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз айтқандай «жоқ» емес. Құдайға мың шүкір, Шыңғысхан әулеті туралы түпнұсқа құжаттар өте көп әрі олар барынша кемелді сақталған. Қайта сізде және сіздің «антиқазақшыл» тобырыңызда соларды не түпнұсқадан, не аудармадан оқып, зерттейтіндей ынта да, білім де жоқ. Керісінше қазақ халқына қарсы, рушылдықты қоздыратын «деректерді» ойдан ойдырып, жоқтан жонып табуға шеттеріңізден шеберсіздер. Сырт көз мұндай қылықтарды «жай» фальсификация немесе «үйреншікті» трайбализм деп ойлап қалуы мүмкін. Ісжүзінде оның артында қазақтың ұлттық рухын жою, ұлттық бірлігін ыдырату сынды империялық саясаттың қатерлі жоспары, пасық миссиясы тұрғаны анық. Әлімғазы Дәулетхан мырза, құрметті «кәсіпқой кандидат», сіз – сондай «миссионердің» өзі болмасаңыз да, адал жақтаушысы екеніңіз мәлім.    

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз және сіз «сияқты», бірақ бетперде киген тағы бір-екеуің барсыздар. Сіздер, шын мәнінде «кәсіпқой тарихшы» емес, кәсіпқой өсекшіге, кәнігі арандатушыға айналып кеткенсіздер. Өздеріңіз «әуесқой» деп атайтын тарихшылардың соңына кісі салудан, жүрген-тұрған жерлеріңізде оларды ғайбаттаудан, жалалаудан жалықпайсыздар. Әрі білместікпен емес, біле тұрып істейсіздер. Өте жіңішкелікпен жасалған жымысқы жоспарға сай селбесе қимылдайсыздар. Дәл сіз деп айтпай-ақ қояйын, сіздердің «адамдарыңыз» арасында телефон тыңдау, теле дорағыш (телесуфлер / 提词器) арқылы бопсалау, арандатумен шұғылданатындар да бар. Сіздердің қазақ тарихтану саласындағы арандатуларыңыз жат күштер жағынан ешқашан қостаусыз, қолдаусыз қалған емес. Сіздер Шыңғысханды «моңғол» десеңіздер, ана жақтағылар «Қазақстанда 14 млн моңғол бар» деп жар салуда. Сіздер кезіндегі шүршітті – «қытай» етіп көрсетсеңіздер, олар қазақты – Чиң патшалығы (清朝) тұсынан «өздерінің отары» санайды. Сіздердің сол аздырушылықтарыңыз өз «жемісін» беріп те үлгірді. Қазір біраз шәкірттеріңіз Қазақ хандарының атасын – ұлы Шыңғысханды «моңғол», «жауыз» деп қарайды. Олар Қазақтың ұлы Абылай ханы «Қытай» патшаларымен мәмілегерлік қатынаста болған деп санауда. Ісжүзінде ол кездегі патшалықтың титулдық халқы мүлде басқа, шүршіт (манчжур) еді ғой. Ал Қытай билігі Абылай ханнан бір жүз отыз бір жыл кейін, 1912-жылы ғана құрылғанынан шәкірттеріңіз әлі бейхабар. Сөйтіп «бұрын шыққан құлақтан (қазақтан) соңғы шыққан мүйізді (қытайды) оздырып» жүрсіздер. Бұлардың бәрі, әншейін «жаңылыс» емес. Шын мәнінде Қазақ мемлекеттілігіне, ұлттық бірлігімізге қағылып жатқан қатерлі сыналар болып табылады. Сондықтан да олардың кейбір ұшқары зиялылары бізге территориялық талап қоюда. Өйткені шүршіт пен қытай екеуін «біреу» деп өзіміз «мойындадық».     

Онымен қоймай, өздерің перде артында тұрып алып, елім деп келген Зардыхан аға Қинаятұлын дұрыс зерттеу бағытынан жаңылтып тындыңыздар. Ұлтқа, мамандыққа адал біраз кәсіби тарихшыларды да Шыңғысхан тақырыбына қарсы арандатпақшы болдыңыздар. Енді Мәмбет аға Қойгелдиев пен Қошығара Салғараұлы ағамызды бетке ұстай қалыпсыздар. Біле-білсеңіздер, бұл абыз ағаларымыз – сіздердің Ғарасат майданында төбелеріңізге ұстайтын құрбандық терілеріңіз емес. Қайта олар – Алаштың адал ұлдары, Қазақтың ғұлама тарихшылары. Екі ағамыздың да атақ-даңқын бұрыннан білем. Құтты құзырларымен елге келгелі жақсы таныспын. Қойшығара ағамыз кітабыма алғы сөз жазып беріп, тарихтану ғылымында бағым ашылуына медеткер болды. Еңбектерінде, сұхбаттарында менің Шыңғысхантану саласындағы көзқарастарыма үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ал Мәмбет ағамыз да бетімнен қағып көрген жоқ. Қайта маған ғылыми атақ берген абыз академиктердің арасында ол кісі де болды. Өйткені біз де сол кісінің кемесіненбіз, алаштану бағытында жүзіп бара жатқан інілерінің біріміз.

 

«ӘУЕСҚОЙЛАРДЫҢ» ЖАЗЫҒЫ ҰЛТ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕГЕНІ МЕ?

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер мұнымен де шектеліп жүрген жоқсыздар. ШЫҢҒЫСХАНТАНУ, яғни алаштану ғылымын «кәсіпқойлар» мен «әуесқойлардың» «бақталастығына» айналдырып жібергілеріңіз келіп, көп тірәштандыңыздар. Бірақ оларыңыздан түк те шықпады. Қайта біздің еңбектеріміз арт-артынан жарияланған сайын, сіздердің өтіріктеріңіз, алаяқтықтарыңыз пәш бола түсті. Сіздер, өздерңіз айтқандай, «қытайтанушы», «шүршіттанушы» (манчжуртанушы) емессіздер. Шындығында, «ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап, түнде таққан» жолбике, өзге идеологияның қолшоқпарысыздар. Сол кеспірлеріңіз кәсіптестеріңіз арасында, күллі ел-жұрт алдында барған сайын әшкере болуда. Біз болсақ, Құдайдың қуатында, қазағымыздың қолдауында, адал еңбегімізбен алты ашалқа әйгілі болдық. Ау Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздің: «қошеметшілерінің қолпаш-мадақтарына мастанып, том-том тарихсымақтарын базарлап, Қазақстанды шарлап жүр» — деп шала бүлінгеніңізге қарағанда, бұл шындыққа өзіңіз де, тобырларыңыз да әбден көз жеткізген сияқтысыздар. Демек қасиетті отанымыздағы қазақтану, алаштану ғылымының ағысына сіздердей «антиқазақшыл» шөп-шалаңдар ешқашан кедергі жасай алмасы осыдан-ақ айқын көрініс табуда.       

Әлімғазы Дәулетхан мырза, бізді қоя салып, ендігі ашуыңызды тұтас азамзат ұлық тұтқан ғұлама тарихшы, жылнамашы ғалымдардан алайын дедіңіз бе? Мына бір: «Он мыңдаған шақырымдық шалғайда жатқан, ұлы даланың шет пұшпағына да аяғы тимеген жалдамалы араб, парсы жазармандарының жазғандары неліктен бірден-бір ақиқат ретінде қабылдануы керек?» — дейтін орынсыз өтірікті, негізсіз былжырақты қайдан таптыңыз? Оны қандай ар-ұятыңызбен айттыңыз (әрине, сіздерде ондай нәрсе бар болса)? Адамзат тарихтану ғылымына өлмес үлес қосып кеткен ұлы ғұламалдардың, Алаш тарихына мыңдаған жылдық өшпес шамшырақ жағып кеткен кемеңгер тұлғалардың аруақтарын қалай қараладыңыыз?! Шыңғысхан әулетінің орда тарихшысы, «Тарих-и жаһангушайдың» авторы Атамәлік Жөбенейдің (1226 – 1283 жж.) атасы Мұхеммет шахтың орда ұлығы болған. Яғни оның атамекені – Каспийден Таласқа дейінгі аймақ, Қазақ даласы болып табылады. Өзі өкімет жұмысымен Иранға кетсе де, осынау ұлы жылнаманы жазу үшін, автор Шыңғысханның атамекеніне, Мөңке қағанның ордасына екі мәрте келеді. Онда айлап, жылдап жатып тарихи зерттеу жүргізеді. Сіз болсаңыз: «Он мыңдаған шақырымдық шалғайда жатқан…» — деп, жақынды алыстатасыз. Ойыңызды әбден түсіндік. Аралықты Ұланбатырмен салыстыра межелеп тұрсыз. Әйтпесе, Қазақия мен Иран Каспий бойында қиылысып жатқанын кім жоққа шығармақ. Елбасының сөзімен айтқанда, олар біздің «Атырау аймаластырған ағайынымыз» ғой. Сіз болсаңыз, әдейі айдалаға лағасыз. Қазақ тарихына қатысты ап-анық деректі көмескілендіруге, бұрмалауға қасақана ұрынасыз.

Ал «Жәмиғ ат-тауарихты» жазған Рәшид-әд-дин (1247 – 1318 жж.) қатарлы ғалымдарға келсек, оларды Қазан (Ғазан / 1271 – 1304 хх.) ханның тікелей өзі ұйымдастырғаны тарихи құжаттардан белгілі. Үшбу жылнамашы ұжым Тұран мен Иран, Қытай мен Үнді, Ұрым мен Қырым, Арабия мен Мысыр жерлеріндегі барлық құнды жазбаларды ордаға алдырады. Сондай-ақ білікті тарихшы, ғұлама ғалымдарды да ордаға жинап әкеледі. Сөйтіп олар он жыл бойы зеттеу жүргізеді. Бұл барыста «Алтын қазына» атты орда кітапханасындағы барылық кітаптар мен қолжазбалар сараланады. Онымен қоса жүздеген, мыңдаған тарихи куәгерлерден, танымал шежірешілерден ауызша немесе жазбаша деректер жиналып, бәрі мұқият реттеледі. Сонымен қабат төрт ұлыстағы Шыңғысхан әулетінің жаңа туған нәрестесіне дейін түгел тізімге алынады. Суретшілер маңызды тұлғалардың портретін салса, картографтар аймақтардың территориялық және жолқатынас карталарын сызып шыққан. Ал астрономдар мен математиктер күнтізбе және басқа да уақыт пен кеңістікке қатысты сандық мәліметтерді дұрыс есептеп, жүйеге түсіріп отырады. Сөйтіп «Жәмиғ ат-тауарих» адамзат тарихындағы ең кемелді, энциклопедиялық дәрежедегі жылнама болып шыққаны күллі тарихқа және әлем жұртына аян. Осындай аса маңызды және төтенше элементарлы, бастауыштық деректерден бейхабар болуыңызға қарағанда, Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз аталған түпнұсқа тарихи құжаттардың бірер парағын да ашып көрмегенсіз-ау. Сөйте тұрып түрік халқына, тұтас адамзатқа өшпес еңбек сіңірген ғұлама ғалымдарды, ұлы тарихшыларды бейпіл сөздермен балағаттайсыз. Онымен қоймай, қазақ оқырмандарын мақсатты түрде жаңылтасыз. Қандай кісілігіңізге, қайсы біліміңізге салып бұлай еттіңіз екен.

Осынау түпнұсқалық, энциклопедиялық құжаттардың барлығында Шыңғысханның арғы түбі Оғыз ханнан таратылады. Сондай-ақ олар Сайрам, Талас, Борсық, Ұлытау өңірлерінде жасағаны анық көрсетіледі. Бұлар, қазіргі Шымкент, Жамбыл, Арал, Жезқазған өңірлері екені көпке аян. Ал Оғыз хан – күллі түрік, қазақ халқының ел атасы, түп қағаны екенін әлем біледі. Әлімғазы Дәулетхан мырза, тек сіз сияқты кейбір «кәсіпқой тарихшылар» ғана мұндай бастауыштық тарихи сауаттан мақұрымсыздар. Содан болар, «моңғол», «моңғол» деп мөңірей беретіндеріңіз. Түпнұсқа тарихи құжаттарда, тек ТҮРІК (түрүк), МОҒОЛ (мұғұл) деген этнонимдер ғана бар. Керісінше «моңғол» (монгол) деген сөздер ешқайсысында жоқ. Ал сіздер ұялмастан жоқтан «бар» жасап, оны қазақ тарихына қарсы қойып жүрсіздер. Әлімғазы Дәулетхан мырза, бұларыңыз жасампаздық па, жалғанпаздық (фальсификация) па? Әрине оның жауабын сіз емес, халық береді.  

Түпнұсқа тарихи құжаттар Шыңғысханды – түрік перзенті, оғыз түріктерінің ұрпағы және мұсылман деп атап көрсетеді. Нақтылы айтқанда, Оғыз ханға Аллаға иман келтіру туралы аян түседі де, оны әкесіне білдірмеу үшін бір бөлім түріктерді бастап жеке кетеді. Әкесі Қара хан ұлын өз дінінде ұстап қалу мақсатымен қалған түрік қосынын бастап оған қарсы соғыс ашады. Сөйтіп бұл барыс жетпіс жылға созылған екен. Нәтижесінде Оғыз ханға ұйығандар – Шу мен Бұхараның арасын мекендеген түріктер «ҰЙҒҰР» (ұйғұр), ал одан шығысқа, Моғолстанға қарай маңып (ауып) кеткен түріктер «МАҢҒҰЛ» деп аталады. Алайда «маңғұл» деген сөздегі «ـَ» (фатха, а) харакаты қата түрде «ـُ» (дамма, ұ) болып оқыла беретін болған. Сол себепті ол атаудың емлесі, орфографиясы ресми жарлыққа сай «моғол» деп өзгертіледі. Өйткені түрік тілінде «мұң» жаман мағна,  «қайғы» деген ұғым бергендіктен, адамдар ол сөзден қашқан.

Түпнұсқа авторлары «ұйғұр» атауы туралы, ол түріктің «ұю» (бірігу) етістігінен келіп шыққан деп нақты түсінік береді. Түрік халқының «ұйғыр» (ұйғұр) және «моғол» (мұғұл) этнонимдері, міне, осылай қалыптасқан. Егер Шыңғысхан шынымен «моңғол» (монгол) болса, бұл атаулар «элэгрэх» (ұю), «явах» (маңу) деген сөздерден қалыптасар еді ғой. Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер осындай өте қарапайым ұлттық тарихи, элементарлы этнолингвистикалық сауаттардан да жұрдайсыздар. Сөйте тұрып қай білімдеріңізбен «кәсіпқой тарихшы», «кәсіпқой кандидат» болып жүрсіздер. Өзгенің адал ғылыми еңбегін неге сонша күндейсіздер. Әрине халықтан ұялмайтындар, ұлтқа жаны ашымайтындар бәріне де барады. Сіз де, сондай жолбике, халтурщиктердің біреуі болғаныңыз ба? Бәлкім бірі емес, солардың ең типтік өкілі боларсыз.

Моғолдар (мұғұлдар) келіп қоныстанған сол мекен, үшбу этнонимге байланысты Моғолстан атанып кетеді. Ол – қазіргі Жетісу жері екені көпке аян. Жалпы алғанда, моғолдар қият (қиян), баят (байұлы) деген екі саладан құрам тапқан. Соның ішінде қияттар жалайыр, қоңырат қатарлы ірі арыстардан құралады. Шыңғысхан мен Бөрте ана ата-бабаларының ұзақ уақытқа жалғасқан, тарихи құда-анда болуының себебі, міне, осында – жалайырлар мен қоңыраттардың арғы тектері бір, қоныстары жақын болған. Бұл тарихи деректерді қазіргі өмір шындығы да растай түседі. Қоңыраттар Сыр бойында болса, жалайырдың бір саласы қазірге дейін сырманақ деп аталады. Кейінгі кезде қияттар дулат, керей, найман, уақ (оңғыт) қатарлы таза түрки ру-арыстармен бірге МОҒОЛ (мұғұл) деген ортақ атты түбегейлі иеленіп қалады.

Ал баяттар байұлы, әлімұлы, тана, таз, дөйт (шөмекей) бастаған хақ түрки ру-арыстарымен бірге ТАТАР немесе алшын татар деп аталады. Сәйкесінше олардың мекені Татария деп айтылатын. М. Поло оның Бату әулетіне қараған жағын Батыс Татария, Әлеке (Хулагу) әулетіне тиесілі жағын Шығыс Татария, ал екеуінен жоғарғы Түркістан аймағын «Ұлық Түркия» (Grande Turquie / Grande Turkie) деп жазған-ды. Жылнамаларда татарлардың жерінде екі үлкен теңіз (көл, дәрия) болған деп көрсетіледі. Яғни бұл дерек татар атына біріккен кіші жүздер және басқа да түрки этностар жеріндегі Каспий мен Аралды меңзейді. Рәшит әд-Діннің дерегі бойынша, қағандар татарлардан шыққан заманда тұтас түріктер «татар» деп, ал моғолдардан шыққан кезеңде «моғол» деп аталған. Шыңғысханның Батыс авторлары жағынан бірде татар (тартар), бірде моғол (моал) деп хатталуының мәнісі осында. Яғни олар моғолдың да, татардың да түрік – бір халық екенін өте жақсы білген.  

«Жәмиғ ат-тауарихта» қажетті түсіндірулерден сырт, барлық уақытта Шыңғысхан шыққан халық бастан-ақыр ТҮРІК деп хатталған. Әрі онда моғол тілі, керей тілі – бір тіл деп анық көрсетіледі. Мұны М. Поло да растайды. Ол да арғын тілі, керей тілі, моғол тілі, бәрі – бір ғана тіл деп нақты атап түсіндіреді. П. Карпини мен У. Рубрук Шыңғысхан ордасы татар тілінде сөйлейтінін айта келіп, ұлыс бітікшісі, яғни мемлекеттік хатшы керей арысынан екенін айтқан. Демек татар тілі, яғни кіші жүз тілі де орда тілімен ұп-ұқсас болғаны осыдан-ақ белгілі. Енді мынаған назар салыңыз. М. Полоның әкесі Николас (Nicolas) пен көкесі Маттео (Matteo) Пололар татар тілі мен жазуын Ұрымдағы, яғни Түркиядағы жерлік тұрғындардан үйренеді. Олар Бұхара тұрғындарымен де сол тіл арқылы емен-еркін сөйлесе берген-ді. Ең ғажабы – сол, екеуі Ханбалықтағы Құбылай қағанмен де дәл сол тілде тікелей, ауызекі сөйлескен. Әрі орда қызметінде де сол тілді қолданатын. Яғни Құбылай қаған және оның ордасы Түркия, Орта Азия түріктерімен бір тілде – түрік әдеби тілінде сөйлегені осы арада анық болуда. Ол М. Қашқари заманында «Қақания тілі», кейін «түрки», «түрік тілі» деп те айтылды. Ал қазіргі ғылыми айналыста шартты түрде «Шағатай тілі» деп аталуда. Шындап келгенде, шағатай түрік тілі – Шыңғысхан құрған Алаш ұлысының Мелекеттік тілі болып табылады. Сондықтан да қағанат құрамында болған халықтарға ол терең әсер етті. Орыс қатарлы көптеген ұлттар тілінде, тіпті қытайда да қыруар түркизм сақталып қалғаны кейінгі лигвистикалық зерттеулер арқылы мәлім болуда. Егер Шыңғысхан сіздер айтқандай, «моңғол» (монгол) болса, бұл тарихи дәйек (факті) керісінше болар еді ғой. Әлімғазы Дәулетхан мырза, дәл осы тұста да сіздердің «моңғол» және «ұят» теорияларыңыз тарихи шындыққа жанаспайтыны кезекті рет дәлел табуда. Сіздерден шыққан арсылдақ, шәуілдек үндер біздің өзімізді бір мезет мазалайтын шығар. Бірақ ондай қораш тірліктеріңізбен дәлелді сөзімізді ешқашан жоққа шығара алмайсыздар.

ИЕСІЗ ЛЕПЕС, ЖҮЙЕСІЗ СӨЗ

Ой, Әлімғазы Дәулетхан мырза, өзгеңіз аз болғандай, енді мына бір: «Моңғол үстіртінде көршілес,  аралас отырған түркі-моңғол тайпаларына ортақ ерекшеліктер ретінде  мыналарды атап көрсетер едім» — дейтін өтірікті қайдан таптыңыз? Сосын өзге түгіл, өзіңіз де түсінбейтін «бес критерийді» ортаға қойыпсыз. Соның біріншісінде «Керей-наймандар арасына …» деп бастап, екіншісінде «Олардың күнкөрісі…», үшіншісінде «Екі халық та сәл өзгешеліктерін айтпағанда, киіз үйде, ашық аспан астында өмір сүрді» — депсіз. Сонда қалай? Сізше, керей мен найманның қайсысы – қазақ, қайсысы – моңғол? Айтып отырған «Екі халқыңыз» не? Біз қашан «екі басқа халық» болып едік? Қазақты енді өстіп бөлшектейін дедіңіздер ме? Болмаса сөзіңізде дұрыс жүйе де жоқ. Әлде осының бәрін моңғолиялық оқушылардың үйтапсырмасынан көшіріп алдыңыз ба? Әйтеу «кәсіпқой кандидат» екенсіз. Тым болмаса, сөзіңізде қарапайым жүйе, ойыңызда жай қисын болуы керек еді ғой.

Онымен қоймай, олардың діни нанымы туралы: «христиандық секталарды айтпағанда», «тәңірлік», «аң-құсқа», «аруаққа» сиынды дейсіз. Тағы да әр шөптің басын бір шаласыз. Сөйтіп аласызда, ойда-түсте жоқ: «Екі халық та сәл өзгешеліктерін айтпағанда, киіз үйде, ашық аспан астында өмір сүрді» — деп түйіндейсіз. Сонда сіз айтқан «екі халық», яғни керей мен найман көрінген дінге сеніп, итке, құсқа сиынып, «ашық аспан астында өмір сүрген» бе? Мынадай болғанда, «моңғол» дегендеріңізге өкпелегеніміз де бекер екен-ау. Дәл осы айтқаныңыздай болса, ата-бабаларымыздың кісікиіктен бәлендей парқы болмапты ғой. Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз мына «кәсіпқой» тұжырымыңыз арқылы шовинист, отаршыл елдердің «陋哈萨» (қор қазақ), «野人» (дала адамы, кісікиік) дейтін қорлау сөзін айнытпай «дәлелдеп» тұрсыз. Алайда түпнұсқа құжаттарда керей хандарының намаз оқығаны, найман хандарының «Алла!» деп зікір айтқаны туралы нақты деректер бар («Жәмиғ ат-тауарих», «Құпия шежіре»). Әрине сіздерге тарихи шындық та, қазақ, түрік халқының ұлттық, мемлекеттік тұтастығы да керек емес. Керісінше көрінбейтін «көкелеріңіздің» көңілінен шықсаңыздар, сол – маңызды. Біз мұны, тек, оқырман білсін деп айтып отырмыз. Әйтпесе сайтан жұғысқан жерде адалдық, доңыз жұғысқан жерде алалдық тұрмайтынын жақсы білеміз.

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз тіл, дін, мәдениет, территория тұтастығы жөніндегі жалпыға ортақ ұғымды да түбегейлі мансұқтайсыз. Оны  «Грузин етікшісінің  баласы (орыстың ұлы көсемі) И.Сталиндікі» дейсіз. Сөйтесіз де, тұлан тұтып байбалам саласыз. Мұныңыз қай сасқаныңыз? Сіздерше, қазақта тіл, дін, мәдениет, территория тұтастығы болмауы керек пе? Ұлттық, территориялық тұтастықты дәріптесек, «Сталиншіл» болып кетеміз бе? Тағы да сұрақ. Сізше, Қытайдағы және басқа елдердегі қазақтардың тарихи атамекендері, ұлттық территория емес пе? Өзгені қойғанда, Қытай билігінің өзі бұл тарихи шындықты мойындап келеді ғой. Формальды түрде болса да, ондағы қазақтарға бір автономды облыс, үш автономды аудан беріліп отырған жоқ па? Ұлтық тарихты терең зерттеген, ұлттық тұтастықты жанын сала дәріптеген тарихшы мамандар сіздерге, қалайша «И. Сталин жасап берген өлшемді ұмытпағандар» болып көрінеді?! Көзіңізді ашып қараңыз. Керісінше Қазақ хандарының, Қазақ мемлекеттілігінің атасы Шыңғысханды, қазақтың найман, керей қатарлы арыстарын «моңғол» дегендер, мына сіздер – нағыз сталиншілсіздер. Көкек өз атын өзі шақырмай қалмас-ау.  

Қазақты алатайдай бүлдіріп, бөлшектей отырып, моңғол халқы үшін: «моңғол тайпалары мен түркі  тайпаларын бір-бірінен бөтен, жат халық етіп көрсетушілер де, ұлы қағанды түрік еді деушілер де халықтардың бір-біріне ұқсастықтары мен бөгделігін айырып, ашып тұратын басты өлшемге мүлде назар аудармай белден баса береді» — деп күйінесіз. Түрік халықтарының, қазақ ұлтының дербес, тәуелсіз мемлекеттілігі, ұлағатты тарихы болғанын дерексіз, дәлелсіз түрде жоққа шығарасыз. Керісінше өзіңіз «белден басасыз». Моңғолға сонша телитіндей, тәуелді ететіндей, қазақ, түрік халқында не өшіңіз бар? Азиялық болғанынан басқа, екі халықтан қандай ұқсастық көріп тұрсыздар. Мысалы, қазақтар «бір, екі, үш,.. он…» деп санаса, моңғолдар «нег, хоёр, гурав,.. арав…» деп, мүлде басқаша санайды. Моңғолдардан көрі, бізге Тынық мұхиттың арғы жағындағы үндістердің сан есімдері әлдеқайда жақын. Оны Әділ Құрманжанұлы Ахметов қатарлы полиглот ғалымдар мен Сапар Ысқақов қатарлы саяхатшы мамандар сан қайтара дәлелдеп беруде. Қазақтар «күн», «ай» десе, керісінше моңғолдар «нар», «сар» дейді, тіптен өзгеше. Атап айтқанда, тіл туыстығын көрсететін ең негізгі сөздер, сан есімдер мен аса байырғы зат есімдер оларда біздегіден мүлде басқаша. Қазақтар «сөз», «ауыз» десе, монғолдар «үг», «ам»* дейді, осылардан қандай жақындық көріп тұрсыздар («Қазақша-моңғолша сөздік»,* авт., Бұқат Базылхан, МХР, Ұланбатыр, 1977 ж.)? Әлде сіздердің ауыздарыңыз да «солай» ма? Сосын да қазаққа қарсы өтірік, өсектерді көп айтатын шығарсыздар?!

Қазақтар науқасты күтіп дауалап, мәйтті арулап жерлесе, оларда науқастың белі опырылып, мүрдесі аң-құсқа тасталады. Қазақта қыз баланың пәктігі қорғалса, оларда кегеннің қойнына салынады. Әлімғазы Дәулетхан мырза, өзіңіз айтыңызшы. Осылардан қандай ұқсастық көріп тұрсыз. Сіздің қандай күдігіңіз барын, өзіңіз білерсіз. Әйтеу біз Сигнжап Сэдамбал мен Әлімғазы Дәулетхан «бауырлас», «туыстас» еді дегенге мүлде сенбейміз. Оған жоғарыдағыдай, аса сенімді лингвистикалық, этнологиялық, теологиялық дәлелдеріміз бар. Біз, сіз және перде артында тұрған сыбайластарыңыз сияқты емеспіз. Ешқашан тұрпайы тұжырымға, өсек, өтірікке сенбейміз. Тек ғылыми дәлелге, тарихи құжаттық дәйекке жүгінеміз.                     

Аса құрметті оқырман, қазақ пен моңғолды «туыс» етіп көрсету, «антиқазақшыл» тобырлардың Шыңғысханды «моңғол» жасаудағы ең негізгі тәсілдерінің, қитұрқы жаңылтпаштарының бірі. Жоғарыдағы деректер мен мысалдардан көргеніңіздей, екі халықтың тіл, дін, мәдениет қатарлы жақтарында өте зор алшақтықтар бар. Керісінше ортақтықтар тым аз. Там үйде отырғандар өзара туыс бола бермейтіні сияқты, кигіз (киіз) үйде отыру да – эникалық туыстықтың сөзсіз белгісі емес. Шындап келгенде, көптеген түрік халықтары кигіз үйде мүлде отырмайды. Ісжүзінде тарихи шындық түбірінен басқаша. Өзге де көптеген ұлттар сияқты, моңғолдардың тіліндегі түркизмдер Шыңғысхан әулеті заманындағы түркі тілінің күшті ықпалы барысында кіріккен. Алда айтатынымыздай, мұндай ықпал XVI – XIX ғғ. аралығында жүзеге асты. Яғни бұл процесске Түркістаннан қазіргі ҚХР жеріне, одан Қалқа жаққа барған бір бөлім түрки, қазақи диаспоралар – жалайыр, қоңырат, керей, найман, үйсін, қыпшақ, қаңлы, қайы, меркіт, т.б. текті билік өкілдері тікелей ықпал етті. Алайда қазір олар бұл дүниеде жоқ. Өйткені үшбу түрік нәсілді, ислам дінді жандардың барлығы 1923-жылы МХР қызыл өкіметі жағынан жаппай геноцидке ұшыраған.    

Әлімғазы Дәулетхан мырза, мұндағы: «топографиялық-географиялық, этнологиялық дерек көздері Шыңғыс ханды түрік-қазақ-жалайыр, қоңырат-үйсін еткісі келген жазармандардың қаламына неге ілінбейді?» — сынды сұрағыңызды, ең жақсысы өзіңізге қойып көріңіз. Сосын түпнұсқа құжаттық деректерге құрмет етуді, оларға жүгінуді жақсылап үйреніңіз. Өйткені өсек пен жала тарих ғылымының мәселелерін ешқашан шеше алмайды. Әрине өсекшілер мен жалақорлар да ешқандай «кәсіпқой тарихшы» бола алмақ емес. Дерекке жүгінгіш болсаңыз, әуелі мынаған назар салғайсыз. Жоғарыда да айтылғандай, М. Поло Қырым жақтағы түріктер мекенін «Батыс Татария», Ираннан бергі түріктер мекенін «Шығыс Татария», қазргі Қазақ жерін «Ұлық Түркия» деп хаттаған. Ал «Жәмиғ ат-тауарих» пен «Құпия шежіре» татарлар байұлы, әлімұлы, алшын (алчын), тана, таз, дөйт (шөмекей) қатарлы ру-арыстардан құрам табатынын көрсетеді. Әрине бұл арада біздің кіші жүз бауырларымыз меңзеліп тұрғанын әрбір дені дұрыс қазақ түгел біле қояды. Әлімғазы Дәулетхан мырза, мұны тек сіздер ғана білмей жүрсіздер.

Сырдың төменгі сағасынан арғы түрки этностар, байұлы қатарлы қазақ, түрік рулары тарихта «баят» деп аталса, жоғарғы сағадан шығысқа қарайғы қоңырат қатарлы түрки ру-арыстар «қият» деп аталған. Екеуі де оғыз түріктерінен тарайды. Оның баят саласынан Қорқыт ата, қият саласынан Шыңғысхан шыққан. Демек екі ұлы тұлғаның түбі бір – екеуі де оғыз түріктерінің ұлы перзенттері. Алайда Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер осы тарихи фактіні бұрмалап, татарды – «моңғол», Шыңғысханды – «моңғолдың ханы» деп көрсетесіздер. Тұтас кіші жүзді, ұлы Шыңғысханды моңғолдарға берген соң, жалғыз Қорқыт атаны ғана алып қалып қайтесіздер? Әйтеу «қолдарыңыздан келіп тұр екен», ол кісіні де бере салмадыңыздар ма. Онымен қоймай, «Шыңғыс ханды түрік, қазақ дегеніміз ұят» деп кісімсіп қоясыздар. Сонда қазақ үшін шындықты айту – «ұят», моңғол үшін өтірік айту – «абырой» болғаны ма? Қандай керемет «қағидат», недеген мықты «логика» жасап алғансыздар. Қазақ мемлекеттілігін жоққа шығаруда алдарыңызға қара салмайсыздар-ау?!  

ШЫҢҒЫСХАН – ҚАЗАҚ, ОНЫҢ ІШІНДЕ — ЖАЛАЙЫР

Әлімғазы Дәулетхан мырза, «топографиялық-географиялық, этнологиялық деректерге» өзге емес, өзіңіз назар аударғайсыз. Өйткені П. Карпини де, У. Рубрук те Шыңғысханның ордасы және Қарақорым қаласы Шудан шығысқа қарай, «үлкен судың» (Балқаштың) оңтүстігінде, «биік таудың» (Алатаудың) баурайында деп көрсетеді. Сондай-ақ олар Жошы ханның қарашаңырағы Қойлық қаласында, онда қазір үлкен ұлы Орда хан тұрады деп анық жазады. Ең маңыздысы – сол, бұл аймақ Орған (Organ) деп аталатыны сол құжатта нақты хатталған. Олар Шыңғысханның атамекеніндегі үлкен өзен, яғни ІЛЕ шығыстан, батысқа қарай ағады деп сыйпаттаса, Р. әд-Дін оны «Өнөн» деп атайды. Яғни Алатаудың солтүстігі Орған, оңтүстігі Өнөн деп аталған. Бұл арада Бешбалық қаласының тағы бір аты ІЛЕБАЛЫҚ, яғни Іле бойындағы астана болғанын да ескеруіміз керек. Демек Шыңғысханның атамекені де, астана тұтқан қалалары да, түгелімен Іле өзені алқабында болғаны тарихи шындық. Ал «Үйән тарихы» («元史») мен «Жаңа Үйән тарихы» («新元史») Шыңғысханның атамекенінде Алатау (Алақтақ), Көкшетеңіз (青海子), Алакөл (Алақкөл) деген жерлер бар екенін көрсетеді («本纪» («Әулет шежіресі»), 1, 5-орамдар).

Мұны ежелгі қазақ таришылары да растайды. М. Дулати бабамыз Көкшетеңіздің, яғни Балқаштың оңтүстік жағын Моғолстан, ал одан былайғы жағын Өзбекстан деп ап-анық түсіндіреді. Сондай-ақ онда Іле, Еміл, Нарын, Ертеш (Әрдүш), Шөплік қатарлы өзендердің бар екенін баян еткен (2-кітәп, 68-тарау). Алайда осындай анық дерекке қарамастан, З. Қинаятұлы қатарлы кейбір тарихшылар мұндағы Ертешті Алтайдан бастау алатын Ертіс өзені деп түсіндіреді әрі оны қазіргі Моңғолия жерімен байланыстырады. Сөйтіп Жетісу қазақтарына қатысты тарихи оқиғаларды неше мың шақырымға сүйрелеп, Өр Алтайдың ең шығыс сілемінен ары қарай асыруға тыраштанады. Ісжүзінде мұнда жерді тесіп (ер+теш = жер+тес) ағатын Шарын өзені меңзелген. Осындай ақиқат деректі ашып түсіндірген біздікі «ұят» та, тарихи шындықты неше мыңдаған шақырымға бұрмалап апарып моңғолға телігендердікі «абырой» саналады екен-мыс.

Әлімғазы Дәулетхан мырза, тағы да айтып қояйын, тарихи деректерге әуелі өздеріңіздің құрмет еткендеріңіз жөн болар. Жоғарыда айтылғандай, «Жәмих ат-тауарих» дерегі бойынша, Моғолстан топонимі моғол түріктерінің атынан келіп шыққан. Сонда көрсетілгендей, моғолдар жалайыр, дулат, керей, найман, уақ (оңғыт) қатарлы түрік, қазақ арыстарынан құрам табады. Мұны Ә. Марғұлан зерттеулері де растайды. Осынау академик атамыз моғолдар – Жетісу қазақтары екенін, әсте моңғолдар емес екенін атап көрсеткен. Жылнаманың бірінші дәптер, бірінші кітәбінде осы аталған рулардан шыққан хандар өзді-өз руларына арналған тарауларда таныстырылады. Мысалы, Оңхан «Керей руы» тарауында, Таянхан «Найман руы» тарауында. Дәл сол сияқты, Шыңғысхан да өзі шыққан рудың баянында, «Жарайыр руы» тарауында таныстырылған. Тарихи, шежірелік тарату бойынша, Шыңғысханның арғы түбі Оғыз ханға, яғни оғыз түріктеріне тіреледі. Сосын одан бері қарай сабақталып моғолға, одан қиятқа, одан жалайыр арысына дейін жалғасады. Келесіде жалайыр бірнеше саладан құрам табатыны анықтап айтылады да, оның Шыңғысхан шыққан біреуі өз іштерінен тағы да он ру болып таратылады. Сол онның бірі төре, бірі төлеңгіт болатын (1-дәптер, 1-кітәп, 149 – 150-беттер). Айтып өткеніміздей, оғыздар – түріктердің түптөркіні болса, одан қият пен баят тарайды. Ал Баяттан Қорқыт ата, қияттан Шыңғысхан шыққан. Жалайырға келсек, олар – ежелде де, бүгін де қазақты құрайтын ірі арыстардың бірі әрі бұл көпке аян шындық. Жалайырлар (Йағлағырлар) – Жетісу түріктері екені «Түрік тілі сөздігінде» де анық көрсетілген. Сіздер қайдағы «Моңғолияны» айтып жүрсіздер? Моңғол халқына өздеріңіздің ғана емес, қазақ халқының да ұлттық ар-ұятын сатайын дедіңіздер ме?  

Шыңғысханның түрік, қазақ, оның ішінде жалайыр екенін басқа тарихи құжаттар да растайды. Мысалы, «Жаңа Үйән тарихында» («新元史») Шыңғысхан түрік халқының перзенті екені анық, нақты таратып айтылады. Ол туралы: «Моғолдың тегі, түбі – түрік. Бұл этнонимнің әсілгі нұсқасы маңғұл еді, ол аударма барысында моғол немесе мұғұл болып қалыптасты» — делінген түпнұсқа құжаттық деректер бар («蒙古之先、出于突厥。本为忙豁仑,译音之变为蒙兀儿,又为蒙古» / «本纪» («Әулеттік шежіре»), 1-орам, 1-бет). Сондай-ақ онда: «Шыңғысхан жалайыр Мұқалымен аталас туыс, сондықтан оны әкесі де, өзі де бастан-ақыр қолдады» — деп анық жазылған (Жоғарыдағы құжат, 3-орам). Демек Мұқалының биік мәртебеге жетуінің бір себебі – зеңгір парасаты мен қас батырлығы болса, енді бір себебі – оның Шыңғысханмен қандас, рулас туыстығы болып табылады. Шыңғысханның тағы бір жақын туысы, бірге өскен аталас бауыры әрі саяси бәсекелесі Жамұқа да қазақтың жалайыр арысынан болатын. Мұны Қ. Жалайыр дерегі де растайды. Ғұламаның арғы аталары Сартақ, Саба батырлар Шыңғысханның жақын туыстары болатын. Ендеше өзіңіз де ойлап көріңізші, аталас туыстары түгел жарайыр, яғни қазақ болса, олармен бірге туысқан Шыңғысхан қалай «моңғол» (монгол) бола қалады? Мұндай қарапайым туыстық қарым-қатынасты түсіну үшін, ешқандай да «кәсіпқой тарихшы» немесе «кандидат» болудың қажеті де жоқ. Жай ғана ақыл-естің дұрыс болуы жетіп-асады.  

Осындай өте қарапайым ұғымға да ақылдарыңыз жетпесе, Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер қалай «кәсіпқой кандидат» болып жүрсіздер? Шындығында сіз және бетперде киген әлгі біреулеріңіз, ешқандай да «кәсіпқой тарихшы» емессіздер. Керісінше қазақ тарихтану ғылымына жабысқан масылдың, іштен кемірген жегі құрттың тірлігін жасап жүрсіздер. Сіздердің жазған «еңбектеріңіз», ісжүзінде «көршілеріміздің» отаршылдық, шовинистік идеологиясының сұрықсыз көшірмесі ғана. Тура мағнасында, дәл солай. Ісжүзінде, сіздер тарихтану ғылымына емес, «ерекше міндетке», қазақтың ұлттық бірлігін ыдыратуға мамандандырылған сиятысыздар. Соның арқасында өздеріңізді «кәсіпқой» ретінде көрсетумен тынбай, кәсіби тарихшылардың «қормалы» болуға да ұрындыңыздар. Әрине бастабында оған сенушілер де болған шығар. Дегенмен «іште өліп жатқан иттің» өлексесі мүңкімей, жұрттың жиренішін тудырмай қалмасы анық.

Міне, осындай түпнұсқа құжаттық деректер Шыңғысханның тегі түрік, қазақ, оның ішінде жалайыр екенін жан-жақты дәлелдеп беруде. Қадырғали Жалайыри бабамыз: «Алаш мыңының ағасы – тарақ таңбалы жалайыр» — деп жазған («Маймене мен майсара» тарауы, бірінші абзац). Осынау түпнұсқалық әрі аса құнды тарихи құжаттық дерек бізге екі түрлі тарихи шындықты ашып, айқындап беруде. Біріншіден, Шыңғысхан құрған ұлыстың аты АЛАШ болған. Сондықтан оның армиясы – Алаш мыңы, яғни Алаш армиясы аталған. Өз кезегінде, ол – Шыңғысхан өз қолымен құрған Тоқсан бес мыңдық Ұлттық армияны көрсетеді. Мұны басқа тарихи құжаттар да растайды. Шыңғысхан Сартқұл жорығы алдында үлкен ұлы Жошы ханды өзінің заңды өкілі, яғни мұрагері етіп тағайындаған. Сосын оған «АЛАШ ІДЕ» (Alash ide) деген науғы, қағаннан кейінгі ең мәртебелі титул қайран етеді. Сөйтіп Жошы хан Шыңғысханға өкілетті түрде дербес шешім шығарып, стратегиялық маңызы бар операцияларды тәуелсіз түрде орындайтын заңды мәртебеге ие болған. Ал «Алаш іде», Алаш мемлекетінің иесі деген мағна беретін түрік, қазақ сөзі. Сондай-ақ, бұл – Шыңғысханның төл сөзі болып табылады. Демек үшбу дерек – Шыңғысхан түрік текті, түрік тілді болғанының тағы бір бұлтартпас дәлелі. Сонымен қоса, ол – Шыңғысхан құрған мемлекеттің аты Алаш болғанының да кезекті дәлелі болмақ.

Екіншіден, Шыңғысхан жалайыр арысынан шыққан, сондықтан олар АҒА, яғни титулдық этнос мәртебесін алған. Оны Бичуриннің (1777 – 1853 жж.): «Қияттар дегеніміз – жалайырлар, жоғарғы биліктің иесі солар», Ш. Уәлихановтың (1835 – 1865 жж.): «Моғолдар дегеніміз – Жетенің жалайырлары» — деген сөздері одан ары дәлелдей түседі. Қайталап айтамыз, Шыңғысханның тегі – түрік, қазақ, жалайыр екені, түпнұсқа тарихи құжаттар арқылы жеткен, толық дәлелденген тарихи шындық. Дәл осы арада Ш. Уәлиханов, Шыңғысханның тікелей ұрпағы екенін ерекше ескеруміз керек. Жоғарыдағы төл сөзі, оның өзін жалайыр деп білгенінің нақты дәлелі болмақ. Сондықтан да ол өмірінің соңғы мезгілін қалың жалайырдың ішінде, Алтынемілде өткізген. Тарихи құжаттық деректер мен тарихи шындықтар, міне, осылайша өзара үйлесіп, бір-бірін толықтырып отырады.

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздерде осынша көп түпнұсқа тарихи құжаттарды іздейтін ниет және оны оқып түсінетін білім болмағаны ғой. Бар мақсаттарыңыз, қазақты – қор, моңғолды – зор, жалайырды – құл етіп көрсету ғана. Иелеріңіз алдындағы «парыздарыңызды» солай өтеп жүрсіздер. Осындайда бір ақынның шыбын туралы айтқан:

«Әй деуге де болмасаң,

Сен деуге тіптен толмасаң,

Енді саған не шара,

Қор жаралған бейшара!?» — сынды өлеңі ойға оралады. Дегенмен шыбынды қораш екен деп ызыңдатып қоюға да болмас. Ара-тұра өстіп қағып тастап тұрған жөн.  

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер ол заманда «қазақ болмаған» дейтін тағы бір жалған өсек таратып жүрсіздер. Ісжүзінде, бұл – тарихи шындыққа жатпайтын, бүкілдей ойдырма өтірік. Әл-Мәсуди (896 – 956 жж.) дерегі бойынша, миләдиден мыңдаған жыл бұрын, Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбар заманында «Қазақия» (Qazaqia, Khazaqia) деген атау болған. Қазақ «жоқ» болса, бұл атау қайдан шықпақ («黄金草原» («Алтын дала»), әл-Мәсуди, 947 ж.). Мұны «Хұдұд әл-әлем» («Әлемнің шегаралары») атты, VIII ғасырлық тарихи құжат та растайды. Сол заманда әлемге машһүр «Қазақия» атты территория, онда «Шымкент» атты қала болған. Осынау тарихи дәйектердің барлығын қалай жоққа шығармақсыздар? Қазақия – қазақтың жері болса, Шымкент – қазақтың тарихи қаласы болып табылады. Әрі бұл, қазақ қана емес, күллі әлем білетін тарихи және реал шындық қой.

 

ӘЛІМҒАЗЫ МЫРЗА, ӘУЕЛІ «АЛТЫН ШЕЖІРЕНІ» ПАРАҚТАП КӨРІҢІЗ!

Басқасы басқа, 2008 жылы «Көкпар» пікірсайысында өзіңіз шошаңдатып көтерген «түпнұсқаңыз» бен осы жолы айтқан «Алтын шежіреңізді» де парақтап көрмегенсіз-ау, шамасы. Ендеше біз айтайық. Сол тарихи құжаттарда «қазақ арба» (қазақ терген) деген атау бар. Ол – Шығысхан шыққан халықтың атымен аталып кеткен сәулетті арба. Шыңғысханның аталары да, өздері де сол қазақ арбамен көшкен. Шыңғысханның аналары да, жарлары да сонымен ұзатылып келген. Сіздер айтқандай, Шыңғысхан «моңғол» (монгол) болса, олардың ата-бабасынан бері қолданып келе жатқан ұлттық мүлкі неге «қазақ арба» болады? Неліктен «моңғол арба» болмайды? Сіздерде осындай бастауыштық ұғымды парықтайтын да қабылиет болмағаны ма? Онымен қоймай, «этнология» деп қоясыз. Шынымен «этнолог» болсаңыз, осынша қарапайым этнологиялық мәселелерге қалайша мән бермей жүрсіз? Ойыңызда жүйе, сөзіңізде береке, айтқаныңызда дәйек, уәжіңізде дәнек жоқ. Сонда сіздер  қандай «кәсіпқой тарихшы» едіңіздер? Сөйте тұрып, құндарыңыз қалғандай-ақ бізді дамылсыз ғайбаттайсыздар. Жоқ әлде «осыларды қайтем» деп үндемегенге, «жаптым жала, жақтым күйе» тірліктеріңіз жауапсыз қалады екен деп ойладыңыздар ма? Біз үндемесек, уақытымызды зая қылмайық, әзірше шошаңдай тұрсын дегеніміз шығар.

Әрине бұл да – Шыңғысханды «моңғол» жасаудың кезекті бір айласы. Ол заманда қазақ «жоқ» болса, Шыңғысхан өздігінен-ақ «моңғол» болмақ. Түптеп келгенде мұндай «теория» арқылы қазақтың ұлттық тарихы, Қазақ мемлекеттілігі түбегейлі жоққа шығарылады. Қазақ халқы, моңғолдардың табаны астында пайда болған құл-құтан, эмигрант, босқын тобырлардың қойыртпағы саналмақ. Демек моңғолжанды Әлімғазы Дәулетхан мырзалардың түпкілікті мақсаттары, міне, осы.    

Жә Әлімғазы Дәулетхан мырза, өзгеңіз өзімен болсын, мұндағы: «Сөйтіп, Шыңғыс хан елесі 30 жылдан бері қазақ даласын кезіп жүрген көрінеді» — деген байбаламыңыз, тіптен қисынсыз екен. Керісінше Шыңғысхан қай уақытта қазақ халқының күндіз есінен, түнде түсінен шығып еді? Пәниде өзі, бақида қасиетті рухы Алаш баласымен бірге жасасып келеді ғой. Қоңырат қызы Керім (Өлең) ананың құрсағында пайда болып, жалайыр Есукей ханның отбасында жарық дүниеге келгені қайда. Жалайыр Адамхан батыр тарту еткен жөргекке оралып, жалайыр Жамұқамен ойнап өскені қайда. Арғын Борашы, бәсенті Жебе, сіргелі Ная, үйсін Бөріқұл, уақ Алақұш тегін, алшын Құтқа қатарлы батырлар мен көсемдердің қолдауында билік құрғанын кім жоққа шығара алады. Басқаны қойғанда, Шыңғысхан – керей Оңханның анда баласы еді ғой. Бөрте қатұнның төркінінен келген китті, бұлғын ішікті әкесі ретінде Оңханның иығына жапқаны қайда.

Тұлабойы тұңғышы Жошыдан айрылғанда найман Кетбұқа күймен естіртіп, күймен жұбатқанын кім жоққа шығармақ. Сонда ұлы қаған: «Құлыны өлген құландай – құлынымдан айрылдым, Айырылышқан аққудай – ер ұлымдан айырылдым» — деп таза қазақша шер төккенін сіздер білмесеңіздер де, әлем біледі. Кәсіпқойсымақ мырзалар, бұл арадан қандай «моңғол» көріп тұрсыздар. Жоқ әлде сіздерге найман Кетбұқаның өзі – «моңғол», домбырасы – «моринхур» болып көріне ме? Керісінше еліміз тәуелсіздік алғалы, империялық саясаттың оқпаны бізге кезелуде. Отыз жылдан бері Қазақстанды «антиқазақ» («反对大哈萨克主义») стратегиясының елесі кезіп жүр. Әлімғазы Дәулетхан мырза, әйтеу «көкек» болған екенсіз, өз атыңызды дұрыстап шақырғайсыз. Алаштың ұлы қағанының, қасиетті Шыңғысханның Алатаудай алып тұлғансына арам жыныңызды шашпаңыз. Шын мәнісінде Шыңғысхан сынды әлемдік ұлы қағанда «елес» емес, қайта КИЕЛІ РУХ бар. Ол күллі түрік, тұтас қазақ халқына мәңгілік айбын, қуат беріп келе жатыр. Ал елес сіздер сияқты елбеңдеп ел кезіп, телмеңдеп өсек теріп жүретіндерге тән. Шыңғысхан тақырыбын қаралау, ісжүзінде «антиқазақ» идеологиясының ұлттық тарихтану ғылымына сыналап кіруі болып табылады. Шындығында еліміз тәуелсіздік алғалы, отыз жылдан бері Қазақстанның әр түкпірін «антиқазақшыл» ыбылыстардың елесі тынымсыз кезіп жүр.    

Абай болайық ағайын. Бұндайлар ұлттың болмаса да, рудың «қахарманы» болып көрінуге өте шебер. Біздің екі осал тұсымыз бар. Біріншісі – «рушылдық», екіншісі – «көрсеқызарлық». Бұлар соны жақсы пайдалана біледі. Атамыз Қазақ: «Киімсіз сайтаннан киімді сайтан қатерлі», «іштен шыққан жау жаман» — деп бекер айтпаған.       

Айтып өткеніміздей, қазақ халқы ұлы Шыңғысханын, әз Алашаханын еш уақытта есінен шығарған емес. Қазақтың дулат арысынан шыққан Мұхаммет Қайдар, жалайырдан шыққан Қадырғали сынды ғұлама тарихшылар Шыңғысхан және оның әулеті туралы әлемге әйгілі жылнамалық еңбектер жазып қалдырды. Қазтуған жырау мен Мұрат Мөңкеұлы бабаларымыз: «Мұсылманның баласы, Шыңғыстан туған хандар-ай» — деп жырлады. Абай атамыз: «Ескендір, Темір, Шыңғыстай, Мұсылманда атақты…» — десе, оны Шәкәрім бабамыз: «Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды, Жан-жағын дүниенің түгел алды» — деп қостағаны қайда. Бұл шындықты қай қазақ білмейді? Қайран бабаларым-ай, білмейтіндер де бар екен. Соның бірі – аты «кәсіпқой», заты «кандидат» Әлімғазы Дәулетхан мырза болып шықты.

Мағжан Жұмабаев атамыз Шыңғысханды Түркістанның перзенті дей келіп: «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер. Шыңғыстай арыстанның құр аты да, Адамның жүрегіне жігер берер» — деп мадақтаған жыры әлі де қазақ жадында. Сіздер білмесеңіздер, біз айтайық. Шыңғысхан туралы Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезов қатарлы ғұламаларымыз да қалам тербеген. Өзгесін білмесеңіздер де, Ілияс Есенберлиннің аттай алты томдық эпопея жазғанынан хабарларыңыз бар шығар? Әлде «кәсіпқой тарихшы» әрі «кандидат» Әлімғазы Дәулетхан мырза одан да мақұрым ба? Күн-түні «моңғол», «моңғол» деп ала шапқын болып жүріп, оны да оқи алмай қалдыңыз ба? Әрине мына сөздеріңіз кітәп оқыған, кәсіби тұрғыда ізденген кісінің сыңайына келмей тұр. Тым құрыса Қазақ хандары – Шыңғысханның тұқымы екенін де білмегеніңіз бе? Білсеңіз, «30 жылдан бері» деген сөзді қалай айттыңыз? Ең болмаса «Бес жүз елу жылдан бері» деп айтпадыңыз ба. Әй «кәсіпқой» мырзалар, тым құрығанда дені дұрыс адамның да сөзін айтпадыңыздар-ау. Шошып оянған кісідей, «моңғол», «моңғол» дей бересіздер. Сіздер үшін дәлел, дәйектің ешқандай қадірі болмағаны ма?  

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сембин Марат Қатайұлының дерегі бойынша, 1930 жж. Мәскеуден арнаулы комиссия келіп Қазақстанда Шыңғысхан тақырыбының зерттелуіне ресми түрде тиым салған екен. Мұны басқа дерек көздері де растайды. Қазақстандағы тарихтану ғылымының жағдайы шынымен сондай болған. Алаш, Алашахан, Шыңғысхан деп айтуға, ол тақырыптарда терең зерттеулер жүргізуге мүлдем тиым салынған. Керісінше Россия мен Моңғолияда Шыңғысхан әулетінің тарихын бұрып зеттеу, жалғанпаздық (фальсификация) жасау қауырт жолға қойылады. Сөйтіп XIX ғ. Сергей Михайлович Соловьёв (18201879 жж.) қатарлылар бастаған түрік, қазақ тарихын бұрмалау саясаты мен әдістемесі жалғаса түсеті. Бұл жолы академик тарихшы Сергей Андреевич Козин (18791956 жж.) ағалап алға шыққан-ды. Ол «元朝秘史» («Үйән әулетінің құпия тарихы») деген тарихи құжатты орыс тіліне «Сокровенного сказания монголов» деп, бұрып аударады. Сөйтіп Шыңғысхан әулетінің тарихына «Моңғолдың құпия шежіресі» деген бөтен «құжат», «моңғол» (монгол) деген жасанды «этноним» күштеп кіргізілді. Әрі олар сол күйінде ғылыми айналысқа түсіп кетті.

Бұл саяси науқанға кеңестік жазушылар да атсалысты. Орыс кеңестік жазушы Василий Григорьевич Ян (1874-1954 жж.) мырзаның «Шыңғысхан», «Бату хан» романдары шегара асып қытайға дейін жетті. Онда Шыңғысхан және оның әулеті жауыз, жабайы «көшпенді» етіп көрсетілген. Алайда «көшпенді» қазақтар, алаш баласы бұл шеңбердің сыртында қалдырылды. Яғни қазақтар Шыңғысханнан мақсатты түрде алыстатылды. Ал Исай Калистратович Калашников (1931 – 1980 жж.) мырзаның «Ғасыр жендеті» («Жестокий век» / 1978 ж.) романы Шыңғысхан әулетін тиран, қанішер етіп көрсетумен ғана тынған жоқ. Ең бастысы, ол Шыңғысханды және оны таққа отырғызған жалайыр, қоңырат, керей, найман, меркіт, татар (алшын), қырғыз қатарлы түрік, қазақ ру-арыстарын «таза моңғол» етіп көрсетуге тыраштанды. Шын мәнінде Шыңғысхан алғаш таққа отырғанда, 1206 жж. оның маңында бұлардан басқа ешкім де болған жоқ. Егер осы түрки этностар «моңғол» болмаса, Шыңғысхан да «моңғол» болмақ емес. Олар соны жақсы түсінді. Беу-беу, Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздердің де «моғол» деп жүргендеріңіз осы бауырларымыз ғой. Олардан басқа «моңғол» тапсаңыздар, айта қойыңыздаршы?! Әрине ешкімді де көрсете алмайсыздар. Өйткені ондай «этнос» еш жерде жоқ. Соны біле тұрып, ағайынын жатқа, досын жауға сатқан қандай «кәсіпқой кандидат» едіңіздер. Күллі түрікке, тұтас қазаққа ниетті жат, шовинист, геноцидшілдердің күресінін тарпып, нәжісін шоғығаннан не жиренбейсіздер, не ұялмайсырдар. Ең болмаса түпнұсқа тарихи құжаттарда «моңғол» (монгол), «Моңғолия» деген сөздердің мүлде жоқ екеніне де назар аудармадыңыздар ғой. Әлде сіздерге жалғанпаздық (фальсификаторлық), суайттық дерті жабысқан ба?       

Осынау бұрмалау науқанына кезіндегі ұлтсыз, білімсіз тарихшыларымыз да әупіл қосқаны, ашты да болса – шындық. Сол «әупіл» мен «шәуіл» даңғазаның азаттықтан кейінгі табанды жалғастырушысының бірі – сіздер боласыздар, «кәсіпқой кандидат» Әлімғазы Дәулетхан мырзалар.

Тәуелсіздікке қол жеткізген соң, тәні де, жаны да азат болған қазақ зиялылары ұлттың жоғын түгендеп, елдің еңсесін тіктеуге, қазақтың рухын көтеруге, мемлекеттілігімізді нығайтуға жабал атсалысты. Сонда көтерілген ең үлкен тақырып, Қазақ мемлекеттілігінің, Қазақ хандарының түп атасы, Алаштың Алашаханы – ұлы Шыңғысхан болатын. Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздің: «Шыңғыс хан елесі 30 жылдан бері қазақ даласын кезіп жүр» — сынды күйінішіңізді тудырған осынау рухани жаңғыру ғой. Сіз Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын оқыдыңыз ба? ҚР Президенті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын оқыдыңыз ба? Тым болмаса, екі Президенттің де Ұлытау төсынде, Алашахан мен Жошы хан жатқан киелі жерде зиярат жасап, бағдарламалық мәні бар сұхбат бергенін білетін шығарсыз? Бәлкім «Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын» ұмытпаған боларсыз? Сөйте тұрып «елес» дейтін шірік сөзді қайдан таптыңыз? Әлде «ірігеннің аузынан шіріген сөз шығатынын» дәлелдегіңіз келді ме? Сіздің қазақ үшін қуанбай, моңғол үшін күйінгеніңіз – жұртқа ой салатын әрі елдің жиреніш тудыратын пасық қылық екені даусыз.

Қазақстан мемлекетіндегі осынау рухани жаңғыруға, қазақ халқындағы бұл оянуға кейбір көршілеріміз де қуана қойған жоқ. Әрине империялық саясат өз алдына. Олар Шыңғысханның атын жамылып, саяхатшыларды алдаусыратып әр жыл сайын миллиарттаған доллар пайда тауып отыр. Демек олар біздегі сіз сияқты «кәсіпқойларға» азнаулақ «нәпақа» беру арқылы, отандық Шыңғысханды зерттеу, тану қозғалысына кедергі жасауы мүмкін ғой. Демек Әлімғазы Дәулетхан мырза қатарлылар дәріптеп жүрген «ұят», «елес» ұрандарының қайнар көзі қайда екені енді түсінікті болғандай.

 

З.ҚИНАЯТҰЛЫНЫҢ АТЫН ЖАМЫЛЫП КҮН КӨРУ

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз З. Қинаятұлының атын жамыла: «Тарихқа таласы бар бауырларым менің жазғандарыма қарсы дәлелді уәждері болса, неге атап-атап көрсетіп, мені сөз сайысына шақырмайды?» — деп мөнтөкейсисіз. Бірақ бұл сөзіңіз шындыққа жанаспайды. Бүкілдей өтірік. 2008-жылғы пікірсайысқа бәріңізді атап-атап шақырды, бірақ «Көкпарға» сіз ғана келдіңіз. Қалған екеуі келуге батпады. 2011-жылы «Қазақстан» теле арнасының студиясына тағы да бәріңізді шақырды. Бұл жолы сіз де аттап баса алмадыңыз. Есесіне Тарих Иниституның деректоры, доктор, профессор Саттар Мәжитов, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев, композитор, өнертанушы Қалдыбек Құрманәлі қатарлы кісілер келді. Марал аға, Бексұлтан аға мақала жазып қате көзқарас, өтірік пікірлеріңізді арт-артынан пәш етті. Онда да үндемей құтылдыңыздар. Әрине түпнұсқа құжаттық дәлелге жүгінуден, ашық пікірсайысқа түсуден қорқасыздар. Сөйтіп алып, өз біліксіздіктеріңізді осылай күлегейлейсіздер. Онымен де тынбай, жұртты алдайсыздар. Халыққа өтірік айтасыздар.  

Әлімғазы Дәулетхан мырза, аттарыңыз «кәсіпқой тарихшы» болғанымен, өздеріңізде соған сай білім кемшін. Дегенмен қарап жатқан жоқсыздар. 2013-жылы еліміздегі үлкен гәзеттің Алматыдағы филиалына, Қорғанбек Аманжолов мырзаның кеңсесіне жиналып «әуесқойларды» аластау туралы шу көтердіңіздер. Өйткені біздің «Шыныңа көш, тарих! Шыңғысхан кім?», «Құпия шежіренің құпиясы» (екі томдық), «Түгел тауарихтың түбінде не жатыр» (екі томдық), «Ата жазу алыстан сыр қозғайды» қатарлы кітаптарымыз және көптеген мақалаларымыз зиялы қауым, қалың оқырман арасында қатты аңыс қозғаған-ды. Соған бола сіздердің дегбірлеріңіз әбден кетті. Үйреншікті әдеттеріңізге, арызқойлыққа бастыңыздар.

Алайда нәтиже сіздер ойлағандай болмай қалды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол кездегі Мемлекеттік хатшы Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин мырзаға арнаулы тапсырма берді. Сөйтіп Шыңғысхан тақырыбын жаппай зеттеу туралы Астанада арт-артынан екі рет жиналыс өтті. Ақыры ұлтжанды «әуесқойларды» Құдай қорғады. Бізді өзге емес, Алаштың Ақордасы қолдап шықты. Ал сіздер баяғыдай ғайбат айту, өсек тарату деңгейінде қала бердіңіздер. Әрине сіздейлерге солай ету құп жарасады. Ұлт тарихын қаралап жүргендер үшін, біздей қатардағы қазақтың обалын көтеру сөз болып па. Әлімғазы Дәулетхан мырза, үп-үлкен жасыңызға қарамай, сіз де өрлі-қырлы сүмеңдедіңіз-ау, сүмеңдедіңіз. Тарихтану ғылымына жат, қазақ руханиятына қас, мейілінше пасық мақсат үшін сөйтіп алашапқын, албарынды болғандарыңызға не жорық. Қазақтың тарихтану ғылымы үшін «есектің артын жууға» да жарамадыңыздар ғой тегі. Сөйте тұра, өзгелер үшін «аса арсыздана тілемсектенесіздер». Шамасы, сіздер Абай атаны да бір шолып шықпағансыздар-ау?!  

 

СІЗДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚАРЖЫНЫҢ БУЫ ҰРЫП ЖҮР?

Оу, Әмімғазы Дәулетхан мырза, қазаққа келгенде қолдарыңыз арттарыңызға жетпей қалады да, моңғолға келгенде «жасампаз» болып кетесіздер, ә. Мұндағы: «Шыңғыс ханды түрік, қазақ дегеніміз ұят болады. Ол – моңғол халқының тарихи тұлғасы» — деген сөздеріңізді қайта бір оқып көріңізші. Сонда «ұят» деп нені айтып тұрсыз? Біз керей, найман, қоңырат, жалайыр, т.б. ру-арыстарды қазақ дедік. Сол – «ұят» па? Біз Таянханның хақ мұсылман екенін, оның «Алла!», «Алла!» деп тәгбір айтқанын дәлелдедік. Ол да – «ұят» па? Ал сіздер «христиан», «аң-құсқа табынған» мәжуси дейсіздер. Сіздер ақтық деміне дейін шайқасқан Таянханды – қатын, әкесін жауға тастап қашқан, қайынатасына, жарына опасыздық, қастандық жасаған Күшілік солтанды – батыр дейсіздер. Оны да месе тұтпай, қасиетті ханымыз Таянды кіші шешесін қатын қылған қайуан етіп көрсететін теріс аударманы жабыла қабылдайсыздар – қарсы бір ауыз сөз айтпайсыздар. Онымен де тынбадыңыздар. Қазақтың найман арсынан шыққан ару әйелді мыңдаған халықтың, әке, аға, қайыната, қайынағаларының алдында анадан туғандай шешіндірдіңіздер. Сосын тоңқайтып қойып бәске тігілген тайлақтың бұйдасын тісімен шештірдіңіздер («Көкбөрілердің көз жасы» романынан, авт., Тұрсынхан Зәкөн). Сонда дейміз-ау, қызын шешіндіріп қойып «астын» тамашалап, «мереке» жасап тұрған қалың қазақта не адамшылық қасиет қалды? Болымсыз дүние үшін халықтың алдында етегін ашып, күлін шашқан қазақ қызында қандай абырой, қандай намыс қалды? Сізше, сол – «абырой» ма?  Біз түпнұсқа құжаттық тарихи дәлелдер арқылы сіздер сияқты «кәсіпқойлардың» жапқан сол жалаларын түгел жоққа шығардық. Тарихи шындықты халыққа ашып көрсеттік. Найманның – қазақтың тарихын қорғаған біздің еңбегіміз «ұят» екен де, сіздердің қорлаған жалаларыңыз «абырой» екен ғой?!

Өзіңіз айтыңызшы, Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздің және перде артында тұрған екі-үш «кәсіпқойларыңыздың» қазақ халқында ала алмай жүрген қандай ақыларыңыз, моңғол халқына өтей алмай жүрген қандай борыштарыңыз бар? Сіздер, ешқашан да Қазақстандағы мыңдаған кәсіби, білікті тарихшыларға өкілдік ете алмайсыздар. Керісінше юаньның буына мастанған кәнігі алаяқ, кәсіби арандатушысыздар. «Антиқазақ» идеологиясының қолшқпарысыздар. Ал біздің найман туыстар алдында да, күллі қазақ, тұтас түрік халқы алдында да жүзіміз жарық, көкірегіміз таза. Оны Шерияздан Елеукенов, Қабдеш Жұмаділов, Нұртілеу Иманғали қатарлы абыз ағаларымыздың бізді қолдап жазған мақала, айтқан пікір, жасаған сұхбаттары көрсетіп береді. Оған жүз емес, мың емес, миллиондаған Қазақ аудиториясы мен оқырмандары куә. Қабдеш ағамыз әлем жазушылары алдында біз ғылыми тұрғыда дәлелдеген ақиқатты жария етті. Моңғолия жазушыларына Шыңғысханға енді таласа бермеңіздер, ол – қазақтың қағаны деп бетпе-бет айтып салды. Абыз ағамыздың жаны жаннатта болсын! Алла отбасына сабыр берсін! Ерлігі ел есінде мәңгі қалсын!

Сіздер найман бауырларды ғана емес, қазақтың басқа ру-арыстарын да жымысқылатып, астыртын масқаралаумен шұғылданып жүрсіздер. Шыңғысханды «моңғол» деп көрсету арқылы қоңыратты жауға жақтасқан сатқын, Бөрте ананы «шаманға» шатын төсеген салдақы етіп сыйпаттадыңыздар. Ал біз қоңыраттар ежелгі ғұндардың биологиялық, этникалық жалғасы екенін батыл түрде атап айттық. Олардың аты «құн», яғни күн деген байырғы түрік семантемасынан келіп шыққанын жан-жақтылы дәлелдеп шықтық. Тарихтағы құн (ғұн), құнық, құнғар (венгер), құнғырат этнонимдері бір ғана эносты – қоңырат арысын білдіретінін дәйекті түрде ортаға қойдық. Керісінше сіздер қоңыраттарды Моңғолиядан ауып келген «эмигрант» етіп көрсетесіздер. Біз болсақ, олардың байырғы Жиделібайсын тұрғыны екенін түпнұсқа құжаттық деректер арқылы дәлелдеп бердік. Ал Шығысқа, қазіргі ҚХР жаққа барған мемлекет қайраткерлері, орда ақсүйектері және сардарлар мен сарбаздар Моңғолияда емес, Қарамұран (Хуанхэ) бойындағы шұрайлы, көрікті жерлерде, мұхит жағалауларында тұрғанын тарихи дәйектермен нақтылап бердік. Айтыңызшы, біздің осы еңбегіміздің қай жері «ұят» екен?

Біз Қарақытайлардың Гүрханы, ісжүзінде керейдің Елшітай гүрханы екенін, олар әлемдік империя құрғанын да түпнұсқа деректер арқылы дәлелдеп көрсеткен едік. Ал сіздер болсаңыздар, олар «белгісіз жағдайда» жоғалған деп күллі тарихты бір сөзбен мансұқтай салдыңыздар. Наймандар мен меркіттерді де жырғатпадыңыздар. Оларды да босқын, эмигрант етіп көрсету арқылы қорлап жүрсіздер. Сөйте тұрып, біздің түпнұсқа құжаттық дәлелдерімізді «ұят» санайсыздар.

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз онымен қоймай, «профессор Зардықан Қинаятұлының «Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті» атты екі томдық энциклопедиялық еңбегінде келтірілген 2080 сілтемесі мен талдау, саралауын» көлденең тартасыз. Ол кітәпті біз де оқығамыз. Сосын мақала жазып, оның қазақ тарихы емес, керісінше моңғол халқын жырлауға арналған, қара сөзбен жазылған дастан екенін дәлелдеп көрсеткеміз. Аталмыш «екі томдықта» қазақ, найман, керейт, жалайыр, т.б. түрки этнонимдер бағынушы, құл деген сөздерге орай айтылады. Керісінше бас-аяғы 728 беттік кітапта «моңғол» деген сөз екі мыңнан аса рет қайталанған әрі барлығында билеуші, әмірші деген мағнадағы сөздермен орайластырып айтылады. Сіз «2080 сілтеме» бар дейсіз, «мақалаңызда» айтылған жалғыз шын сөзіңіз – осы ғана. Расымен кітаптың 714-бетіне дейін 2080 сілтеме берілген. Бірақ ғылымға танымал жылнамаларға, түпнұсқа тарихи құжаттарға берілген анық сілтеме өте аз. Әсіресе тырнақшаға алынған, нақты, сөзбе-сөз келтірілген дәйектер жоқтың қасы. Шамамен тоқсан тоғыз пайызында әсіре моңғолшыл, әсіре қытайшыл, әсіре орысшыл, кілең антитүрікшіл, шовинистік бағыттағы авторларға сілтеме жасалған. Сондай-ақ бір авторға жасалған сілтемелер сан мәрте қайталанып отырылады. Әрине «ол түйеде қазақтың жүгі жоқ екені» бесенеден белгілі. Ендеше одан қазақ тарихы не іздесін. Маңдайшалығы «халал» болғанымен, ішінде «тарвага» (суыр) еті самсап-ақ тұр. Кіреріңді-кіріп алсаң да, шыққанша танауыңды басып, лоқсумен боласың. Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз де авторға емешегіңіз езілгеннен емес, құлағын шулатқыңыз келгеннен әдейі қоңырсытып отырған шығарсыз. Әрине сізден ондайды да күтуге болады. Қайткенмен ол кісі сізден әлдеқайда беделді еді ғой.

Біз мархұм автордың жеке басын өте жақсы сыйлаймыз. Жақсы адам еді, бірақ ғылымға сіз-біз, шыж-мыж жүрмейді. Әсіресе қазақтың ұлттық, мемлекеттілік тарихы сынға түсіп тұрған жерде үнсіз қалу, ғылымға жат болумен бірге, азаматтыққа да сын саналмақ. Көре, біле тұрып ұлт тарихы үшін бір ауыз қалыс сөз айтпасақ, несін қазақпыз дейміз? Ондайға жарамасақ, ұлы Отанға, азат Қазақстанға несін келдік?   

«Екі томдық» авторы дерексіз, дәйексіз түрде «моңғол», «моңғол» деп жаза берген. Ешқандай түпнұсқа құжатта жоқ бұл «этнонимді» қайдан тапқанын мүлде айтпайды. Егер шынымен ондай қауым сол кезде бар болса, оны құраған этностар да анық болуы керек қой. Алайда өзі жазып отырған «моңғолдың» кім екені, этникалық құрамы қалай болғаны кітаптың еш жерінде көрсетілмеген. Моңғол, қытай, орыс, т.б. шетел авторлары жалайыр, қоңырат, меркіт, керей, найман, татар (алшын) қатарлы түрки ру-арыстарды «моңғол» (монгол, 蒙古) деп көрсетсе, бұл кісінікі де сол шамада. Өз тарапынан айтылған жаңалығы жоқ дерлік. Анда-санда «аралас-құралас», «ауылы аралас, қойы қоралас» дегендерді қосып қояды. Бірақ кім мен кім «араласқаны», «қораласқаны» ашып айтылмайды. Мысалы, Оңхан – керей, Таянхан – найман, Тайшешен – қоңырат. Ал Шыңғысханның руы кім? Басқа замандастары сияқты, Шыңғысханның да өз руы болуы керек қой. Оған да еш жерде, ешқандай жауап жоқ. Анда-санда «қият», «бөржігін-қият» дейтіні ғана бар. Алайда оларға да ешбір түсінік жасалмаған. Әрине ондай түсінік жаслуы да мүмкін емес. Түпнұсқа тарихи құжаттар бойынша, қияттар – жалайыр, қоңырат қатарлы түрки арыстардан құрам тапқаны анық. Олай болса, Шыңғысхан соның қайсысы? Бұл заңды сұраққа да сіз айтқан «екі томдық энциклопедиядан» ешбір жауап таппадық. Қайсысы болса да, бәрі-бір «моңғол» болмасы анық. Өйткені бұл арыстар – таза қазақ. Ал бөржігін-қият, тек Есукейдің жеке науғысы, өзіне ғана тиесілі титулы. Сондықтан оның да «ру» немесе «ұлт» (моңғол) болуы мүмкін емес. Тек XVII ғғ. кейбір ақсүйектер оны Шығысхан әулетіне оппозицлық тұрғыда ғана қолданған. Яғни олар сол арқылы өздерінің Есукей хан тұқымы екенін дәлелдемек болды. Сіздер сол титулды да моңғол халқының пайдасына шешпек боласыздар. Көпе-көрнеу жалғанпаздыққа (фальсификацияға) жол бердіңіздер.  

Көптеген тұстарда кітап авторы түпнұсқалық тарихи деректен мақсатты түрде қашқақтайды. Өзі айтқандай,  Шыңғысханды қазақ қылу – «ұят», моңғол қылу – мұрат дейтін қағидат бойынша жұмыс істейді. Әйтпесе тарихтану саласындағы маман үшін бәрі де түп-түсінікті. «Тарих-и жаһангушай» Шыңғысханды түрік, оның ішінде қият деп атап көрсеткен. Ал «Жәмиғ ат-тауарих» қияттан жалайыр қатарлы түрки руларды шығарады. Жоғарыда да айтылғандай, Шыңғысханның тегін «Жалайыр руы» тарауынан таратады. Оның үстіне жалайыр Мұқалы, жалайыр Жамұқалар да дәл сол тарауда көрсетілген. Айтып өткенміздей, төре, төлеңгіт, жат деген қазақ, түрік рулары да сонда, жалайыр құрамынан көрсетіледі. Енді бәрі де түп-түсінікті болмақ. Шыңғысхан мен Мұқалы жалайыр арысының ішінде – төре руынан, ал Жамұқа – жат руынан шыққан. Мұқалының кейде хан руынан деп айтылатыны да содан. Яғни одан ханның – Шыңғысханның туысы деген мағна шығады.

Осылардың ішінде төлеңгіттердің құрамы үздіксіз өзгеріп отыратын. Өйткені олардың арасына орда қызметкерлері қосылып тұрғаны, тарихи шындық. Мысалы Алтай төрелерінде найманның матай руынан шыққан Басығара төлеңгіттің ұрпақтары бар. Олар қазір «төрематай» деп аталады. Міне, бұл – сонау ертеден басталып, дәл бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық, мемлекеттілік тарихы. Оған сіздер «мұрат» тұтқан, «абырой» санаған моңғол (монгол) халқының қылдай да қатысы жоқ. Бұрыннан айтып келе жатқанымыздай, Шыңғысхан – түрік, қазақ, жалайыр, оның ішінде төре.

 

ШЫҢҒЫСХАН ҰРПАҚТАРЫ ӨЗДЕРІН ЖАЛАЙЫР ДЕП КӨРСЕТКЕН

Басқаны былай қойғанда, өздерінің төл ұлттық тарихшылары да қазіргі моңғолдарда рулық жүйе де, ру туралы түсінік те жоқ екенін мойындайды. Тек мамандары ғана бүгінгі моңғолдар чахар (察哈尔), түмет (土默特), керчин (科尔沁) қатарлы засахтардан келіп шыққан деп санауда («蒙古三大部» («Моңғолдың үш үлкен руы»), Ішкі Моңғолия, «Халық баспасы», 2012 ж.). Әрине олардағы «засах» (жасақ), «хошун» (қосын) деген атаулардан да түркизім анық байқалып тұрады. Яғни бұл атаулар руды емес, керісінше әскери, әкімшілік бірлікті меңзейді. Өйткені XVI – XVII ғғ. Солтүстікте шаруашылық ашқан хан, солтандар жерлік этностарды осындай әскери, әкімшілік бірліктер бойынша ұйымдастырған. Сәйкесінше тұрғылықты жұрт та өз қарастылықтарын солай көрсетуге дағдыланып кетеді. Әлімғазы Дәулетхан мырза, тек сіздер ғана «моңғолда да ру бар» дейтін жалған дақпырт таратып жүрсіздер.

Мұны кейінгі тарихи құжаттар да растайды. Сол заманда, XIII ғасырда қазіргі МХР жерінде Шыңғысхан әулеті де, аталған түрки ру-арыстар да мүлде болмаған. Тек XVI – XVII ғғ. ғана Қалқа, Саян қатарлы жерлерге Құбылай ұрқынан шыққан бір-екі ханзада барғаны жөнінде тарихи деректер бар. Өйткені Миң әулеті (明朝) Оңтүстіктегі шұрайлы өңірлерді тартып әкетті. Ал Шығыста шүршіттер күшейе бастады. Сөйтіп Құбылай әулеті климаты қатал Солтүстік аймақтарда шаруашылық ұйымдастыруға мәжбүр болады. Олар онда жалайыр, уақ (оңғыт), керей, найман, алшын, үйсін, қоңырат, шанышқылы, қайы, қыпшақ, меркіт қатарлы түрік, қазақ ру-арыстарынан құрам тапқан бір бөлім жасақтарын да орналастырды. Әрине бұл түрки рулардың ең басты міндеті, ондағы кіші хандардың ордаларын қорғау болды. Сонымен қабат жерлік жұртты, әсіресе қалқаларды ұжымдасқан шаруашылыққа, кешенді өндіріске жұмылдырды. Алайда бұл түрки этностар өздерін сондағы жерлік тұрғындардан үнемі дара ұстай білді. Сондай-ақ өздерін шыққан тектерімен, руларымен атауды дәстүрге айналдырды. Бәрінен де кереметі – сол, онда барған Шыңғысхан ұрпақтары өз тектерін, руларын ЖАЛАЙЫР деп көрсетті. Міне, бұл дерек, Шыңғысханның шыққан тегі түрік, қазақ, жалайыр екенінің тағы бір бұлтартпас тарихи дәлелі болып табылады.

Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер ешбір дәлелсіз түрде Шыңғысхан және оның әулетін «шаман», «тәңіршіл»  деп жазасыздар. Алайда тарихи шындық мүлде басқаша. Олардың хақ мұсылман болғанын дәлелдейтін түпнұсқа құжаттық дәйектер ондап, жүздеп табылады. Мысалы, Шыңғысхан әулетінің, уәзірлердің, басқа да орда ұлықтарының есімдері Мұхаммет, Ахмет, Ибраһим, Ілияс, Есентемір, Тобықты, Тоқан, Атығай, Айұп дегендей, кіл мұсылманша, түрікше болып келеді. Әрі бүкіл тарихи құжаттарда бірде-бір моңғол есімді адам кездеспейді.  Басқасын тағы қойдық, моңғол ғалымдары да мойындаған осынау тарихи шындық Зардыхан ағамыздың кітабынан тырнақтай да орын таппапты. Өз кезінде Қоңыр патша (弘历皇帝 / Цяньлун) да қалқалардың (халхалардың) Шыңғысхан шыққан халықпен ешқандай биологиялық қатысы жоқтығын, мүлде басқа тектен екенін анықтатқан болатын. Шындығын айтсақ, біздің «ұятшыл» ағамыз одан да бейхабар болып шықты.

Ол кісі ең аянышты тарихи шындық туралы бір ауыз сөз жазуға да жарамады. Атап айтқанда, 1923 жылы МХР қызыл билігі Кеңес одағының ықпалымен өз территориясындағы барлық мұсылман түріктерге, соның ішінде Шыңғысхан ұрпақтарына да ауыр геноцид жүргізді. Барлығын дерлік тып-типыл қырып салды. Қазір ол жақта кейін барған қазақтар болмаса, ислам дінді, түрік текті этностардан ешкім де қалған жоқ. Олардың сонда болғанын қазір, тек жер-су, т.б. ономастикалық атаулардан ғана білуге болады. Осынау тарихи шындықты көре-біле тұрып, Шыңғысханды қалай ғана «моңғол ханы» деуге болады? Қандай дәлел, дәйекке сүйеніп керей, найман, қоңырат қатарлы байырғы түрік, қазақ руларын Моңғолия жерінен келіп шықты дейсіздер? Сіздердің «екі томдық» тек «Шыңғысханды қазақ деу – ұят» дейтін қағидатқа ғана сүйеніп жазылған. Айтып өтеніміздей, автор орда жылнамаларына, түпнұсқалық тарихи құжаттарға жүгінуден қашқалақтаған.

Оу Әлімғазы Дәулетхан мырза, егерде жалақор болмай, еңбекқор болғаныңызда, біз айтқан тарихи шындықты сіз де білер едіңіз ғой. Амал қанша, «әуесқойлар» түнғатып дерек іздеп отырғанда, сіздер тімтініп өсек теріп жүрдіңіздер. Енді келіп: «Мен өз зерттеулеріме сүйене отырып, Шыңғыс хан қазақ немесе моңғол деп кесіп айтуға болмайды деп ойлаймын» — деген «өкім» шығарасыз. Сосын өз сөзіңізді қас қағым сәтте ұмытып: «моңғол Темучин» — сынды «тұжырымыңызды» шыт-жаңа ортаға қоясыз. Жоқ әлде «Темучин» дегеніңіз, Шыңғысхан емес, басқа біреу ме? Есіңізге салып қояйын, «Трих-и жаһангушайда» Шыңғысханның аты ТЕМІРЖАН (Temurjan) деп анық жазылған. Яғни ұлы қағанның азан шақырып қойған есімі нағыз түрікше, қазақша болғаны, түпнұсқа құжаттардан белгілі тарихи шындық. Ал Шыңғысхан сынды титул таза түрік, қазақ сөзі болып, түпнұсқада ол: «шың» (чың) – әрі биік, әрі берік деген қос мағнаға ие, «-ғыс» (-ғыз) – жұрнақ, «хан» – хан, шах сынды ұғым береді деп түсіндірілген («Жәмиғ ат-тауарих», 1-дәптер, 1, 2-кітәп).

Есіңізде болсын, Шыңғысханға қатысты деректердің барлығы түрік тілінде түсіндіріледі. Оған моңғол (монгол) тілінің ешқандай да қатысы жоқ. Ұлы Шыңғысханның өзі де: «Деңіз баштан бұлғанса, Тұндұрар ұлұм Жошы-дұр, Бәйтерек түптен жықылса, Тұрғұзар ұлұм Жошы-дұр» — деп таза түрік, қазақ тілінде сөйлегені, Кетбұқа шерткен күйді түсінгені көпке аян тарихи шындық. Ең маңыздысы, мұнда Шыңғысханның Жошыны тақ мұрагері етіп белгілегені, оған шын сеніп, зор үміт артатыны да анық көрініс табуда. Ал Жошы ханның астанасы Қазақ жерінде, Қойлықта болғанына жоғарыда да тоқталғамыз. Сондай-ақ Шыңғысхан құрған мемлекеттің аты Алаш болғанын, соған орай Жошы хан да Алаш іде (Алаш иесі) атанғанын да сонда баян еттік. Демек Қазақ хандығы – Шыңғысхан құрған Алаш ұлысының тікелей жалғасы. Шыңғысханға моңғол халқының ешқашан, еш жерде этникалық, территориялық қатысы болған емес. Түпнұсқа құжаттарда ТҮРІК, АЛАШ, моғол деген атаулар анық, көп қайтара жазылған. Ал «моңғол» (монгол) деген сөз ешбір түпнұсқа құжатта кездеспейді. Тіпті ол кезде моңғол (монгол) атты ұлт та болмаған. Айтып өткеніміздей, «моңғол» деген атаудың өмірге келуіне, айналысқа түсуіне Соловьев, Козин қатарлы антитүрікшіл тарихшылар мен идеологтар фальсификациялық негіз қалады. Ал Сталин олардың идеясын зорлықты күш, геноцид арқылы түбегейлі жүзеге асырды. Сөйте тұрып, «екі томдықта» моңғол сөзі екі мыңнан аса рет қайталанған. Яғни қазақ халқына қарсы дәлелсіз, дәйексіз «тарих» жазуда әлемдік рекорд жасалған. Бізше, моңғол халқының өз патриоттары да олай етпеген болар.    

Барлық отаршыл, антитүрікшіл, антиқазақшыл, шовинист тарихшылар секілді, Әлімғазы Дәулетхан мырзалар да Шыңғысхан тарихына «моңғол», «Моңғолия» деген сөздерді аярлықпен, жолсыздықпен тықпалап жүр. Олай дейтініміз, Шыңғысхан еш уақытта қазір «Моңғлия» делініп жүрген аймаққа аяқ басып көрмеген. Оған ұлы қағанның алғашқы кездегі, ел ішіндегі шайқасқан жерлері туралы деректер нақты дәлел болмақ. Мысалы, найман Бұйрықхан мен арадағы соғыс Ертістің оңтүстік жағында, Сауыр тауының шығыс сілемі тірелген маңда, Үліңгір көлі бойында болады. Ол жақ, бұрын да, қазір де қазақтардың, яғни керей арысына жататын жәдік, жәнтекей тайпаларының атамекені.

Ал Шыңғысхан, Оңхан, Таянхан үшеуі арасындағы шайқас қазіргі ШҚО өңірінде, Сауыр, Қаратал, Тұғыл, Тақыр, Қалжыр, Қалғұты, Теректі жерлерінде өткен. Сосын Оңхан Теректіні өрлеп Өр Алтайға қарай кетеді. Ал Шыңғысхан батысқа қарай ойысып, Ұлытау (Ұлықтақ) жеріне келеді. Сол арада Бұйрықханның ордасын шауып, оның билігін түбегейлі құлатады. Бәрінен де кереметі – сол, жоғарыда аталған Жайсаң, Күршім аудандарының жерін де, Ұлытау өңірін де күні бүгінге дейін найман арысының тайпалары мекендейді. Ал Сауыр тауының күңгейінде керей арысының меркіт тайпасы әлі отыр. Сондай-ақ меркіт Тоқтабекпен болған шайқас та Қазақ жерінде, Бұқтырма бойында болғаны, көпке аян тарихи шындық.

Одан сәл бұрынғы Жамұқа шешенмен болған ру ішілік шайқас Қапшағай бойында, жаныс тайпасының қонысында өтеді. Яғни Шыңғысханның АТАМЕКЕНІ осы аймақта болғаны анық. Мұны басқа түпнұсқалық тарихи құжаттар да растай түседі. Жоғарыда айтылғандай, П. Карпини мен У. (Г.) Рубрук екеуі де Шыңғысханның атамекені Балқаш көлінің оңтүстік жағында, Алатаудың баурайында екенін толық сыйпаттап көрсеткен-ді. Айтып өткеніміздей, бұл «Тарих-и жаһангушай», «Жәмиғ ат-тауарих», «Тарих-и рашиди», «Құпия шежіре», «Үйән тарихы», «Жаңа Үйән тарихы» қатарлы жылнамалық, энциклопедиялық құжаттар берген деректерге толықтай сәйкес келуде. Демек Шыңғысханның өз атамекені Моғолстанда – Жетісу жерінде болумен берге, оның алғашқы, ұлысты бірлікке келтіру бағытындағы шайқастары түгелімен Қазақ даласында өткен болатын.

 

ӘЛІМҒАЗЫ ДӘУЛЕТХАННЫҢ «ШАЛҚЫМАСЫ»

Оу, Әлімғазы Дәулетхан мырза, осынша көп және түгел түпнұсқалық тарихи құжат деректерін қайырып тастап, Алаштың Шыңғысханын қалай ғана Моңғолияға сүйреуге тыраштанып жүрсіздер? Сөйте тұрып, «ұят» деп қоясыздар. «Ұяттан садаға» деп айтайын десек, оған да жарамайсыздар-ау. Өйкені сіздер қазақ үшін емес, моңғол үшін «ұяласыздар». Қысқасы, «кәсіпқой тарихшы» болып кісімсіне сөйлеу – не теңдеріңіз?! Әуелі қарапайым ақылақты, элементарлық этиканы біліп алғайсыздар. Атам Қазақтың: «Ит жаманы бөрімен бірге шабады» — дегені рас екен-ау. Сіздердің бөгенайларыңыз да тарихшыға ұқсамайды. Егер бола қалсаңыздар, қазақтың емес, моңғолдың тарихшысы шығарсыздар. Өйткені жазғандарыңызда қазаққа қатысты нәрсе тым аз, тек «моңғол», «моңғол» деп мантырайсыздар.       

Пай-пай, Әлімғазы Дәулетхан мырза, мұндағы: «Әбенаев деген оралман агроном жазған бірнеше кітап, «Шыңғыс хан» журналын сағалаған Б.Нұржекеев қатарлы жазушылар мен журналистер жазған мақалалар…» — деген «шалқымаңыздан» да өзгенің емес, өз шанағыңыз көрініп тұрғандай.

Біріншіден, «Шыңғысхан» жұрналы өкіметтің заңды лицензиясымен, Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед қатарлы білікті мемлекет қайраткерлерінің қолдауымен ашылғанын білгейсіз. Ол тарихтану ғылымына арналған, «Республикалық жұрнал» деген заңды статусы бар еліміздегі тұңғыш және бірден-бір жұрнал. Ал жұрналға қызмет етіп жүрген Әміре Әрін, Елхан Рамазан, Наурыз Қылышбаев, Шыңғыс Болатбек, Сайын Жарас, Андрей Косинский, Дулат Әміреұлы, Аңсар Адай, Розалия Штоппель, Гүлбаршын Әрін қатарлылардың барлығы білікті мамандар, оған оқырман куә. Әрі бірсыпырасы, жоғары лауазымды мемлекет қызметкерлері. «Шыңғысхан» жұрналында ҚР президенттері мен Мемлекеттік хатшылардан тартып, әр сала ғалым, мамандарына дейін, барлық зиялы тұлғалардың мақалалары мен еңбектері жарияланып келеді.

Екіншіден, Шыңғысхан туралы зерттеулер бір ғана жұрналда емес, «Егеменді Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Алаш» қатарлы басылымдарда да үздіксіз жариялануда.

Үшіншіден, Бексұлтан аға Нұржеке-ұлы «сағалаған» емес, еліміздегі ұлы жазушылардың бірі, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері, әйгілі өлкетанушы, тарихшы ғалым.

Мемлекет және Қоғам қайраткері Марал аға Ысқақбайұлына келсек, ол кісі аса талантты, ұлы жазушы екенін онсыз да дүниежүзі қазақтары жақсы біледі. Кеңес одағы күшінде тұрған кезде Әмір Темірді түрік, мұсылман деп роман жазған ұлтжанды, қахарман тұлға. Әдебиеттанушы, сыншы ғалым. Танымал өлкетанушы, білгір шежіреші. Сондықтан болар, ол кісінің атынан именіп, айналып өтіп кетіпсіз.  

Ал менің аты-жөнім – Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын. Ешқашан да «-ев» жұрнағын қолданып көрген жоқпын, соны біліп алғайсыз. Елге оралмай тұрғанда, мен қызмет еткен аймақтың агрономиялық жағдайы өте жақсы болғаны рас. Бірақ өзім агроном емеспін. Бірінші мамандығым, құрылыс инженері. Сосын тарих пен заңгерліктен бағымды сынап, екеуінен де жоғары ғылыми атақ алдым. Тарих ғылымдарының Докторымын, заңды құжатым – кітапшам әлі сақтаулы тұр. Бірақ мен көтерген Шыңғысхан тақырыбы бойынша ол жақта теріс пікір қалыптаса бастаған соң, компьютерге тіркетуге үлгермедім. Отанға тездетіп оралуыма байланысты ол іс аяқсыз қалды. Жоғарыда айтылғандай, 2014-жылы Шыңғысхантану, шығыстану және аудармашылық жағындағы отандық ғылымға қосқан еңбектерім үшін ҚР ҰҒА Құрметті академигі сынды аса жоғары ғылыми атаққа ие болдым. Демек сіз «әуесқой» деп қағыта салатындай, бұл арада жеңіл-желпі ешкім де жоқ. Әрқайсымыздың отанға, ұлтқа сіңірген еңбектеріміз сізді неше орайды. Арбаның көлеңкесіне кіріп алып әркімге тісін ақситпас болар. Өйкені көш көсемдікі, сөз шешендікі, ал керуенді алға жүргізу – алма мойын арғымақтар мен нән тұлғалы нарлардың ісі. Көлеңке сағалағыштар әр жерде бұралқыланбай, көшке түзу еріп күнін көрсе, сол да жеткілікті.

Алашахан туралы айтқан «ұятшыл» сөздеріңізден сіздің шиырыңыздың сорабы көрініп қалды. Әлімғазы Дәулетхан мырза, өзіңіз көрсеткен «екі жылдың» алдында бізге қаржылық қиянат жасаған біреумен бірге сол жақта жетпіс жасыңызды тойлағансыз. Демек О.Н. мырзаны жақсы танисыз. Ол кісінің мекенжайын, мансабын өте қанық білуіңіз де соған дәлел. Бәлкім ұлы қағанды балшықтың арасынан «қазып алып» жатқандар мен адай баруырларымызға тықпалап жүргендерді де «мүлде танымайтын» шығарсыз. Қазақ атамның: «бір күні туырлық, бір күні ши жасырады, ақыры ұрының арты ашылады» — дегені осындайда ойға оралады. Сіздер сценарийді қанша мінсіз жазып, «қойлымды» қалай ұйымдастырсаңыздар да, бәрі-бір театр сыншыларының қырағы көздерінен қағыс қала алмайсыздар. Кезінде О.Н. мырза да біздің «Алаша хан күмбезі» туралы пікірімізді қайталап алып, керісінше Тілеуберді Сайдулдин деген кісіге «сілтеме» жасағаны бар еді, жаңылыс шығар дедік. Сол Сайдулдин мырзаның керей ішіндегі жәнтекейге жататын құлтайболат руын «найман» қылып, оны тағы да шимойын тайпасымен шатыстырған бір мақаласын оқып едім. Сонда байқағаным, бұл кісінің әуені де сіздердегі «антиқазақтың» партитурасына үйлес келетін сияқты. Айтайын дегенім, сіздер бір рудың тарихы туралы жап-жақсы сөз бастап аласыздар да, соңыра бір жеріне нәжістеріңізді жұқтырып кетесіздер. Бұны кейбір монтаны дағуатшылардың секталық алауыздық тудыратын екіжүзді, арандатушы тірлігіне ұқсатуға болады. Әлімғазы Дәулетхан мырза, бұл тұрғыда да сіздердің мақсаттарыңыз мәлім:

Біріншіден, өздеріңіз «әуесқой» деп қарайтын тарихшылардың адал еңбегін басқаларға тартып әперу;

Екіншіден, ілікке алғысыз дақпырттарды ақпарат беттеріне көптеп шығару арқылы Шыңғысхантану ғылымына халықтың жиренішін тудырмақсыздар. Ылғида түпнұсқа құжаттарда жоқ, ойдырма өтірікті қоқсытып жүресіздер. Қазақты төл тарихынан бездіруді, ұлттық жадынан жаңылдыруды мақсат етіп алғансыздар.  

Өзіңіз «мүлде танымайтын» О.Н. мырзаны: «аудандық газеттің қызметкері, ауылдық округтің әкімі қызметін атқарған» — деп жап-жақсы таныстыруыңызға қарағанда, біздің ойымыз шындыққа шығайын деп тұр-ау. Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіздер бұл құйтырқылықты біздің Алашахан мен Шыңғысхан бір адам, оның мәңгілік мекені – Ұлытаудағы «Алаша хан күмбезі» деген тұжырымымыз толықтай дұрыс екенін іштей мойындаған соң жасап отырсыздар. Яғни басқа амалдарыңыз қалмағандықтан, бұл тұжырымның зияткерлік құқын бізден тартып алмақсыздар. Оларыңыз бола қоймас. Тасқа басылған ғылыми дәлелімізді – том-том кітап болып шыққан, басылымдар мен көрілімдерде көп қайтара жарияланған еңбектерімізді, біздің заңды авторлық құқымызды ешкім де жоққа шығара алмақ емес!

Оқырманға түсінікті болуы үшін айта кетейік. Біз оншақты жылдан бері Алашахан – Шыңғысхан, «Алаша хан күбезі» – Шыңғысханның мәңгілік мекені екенін жазып та, айтып та дәлелдеп келеміз. Оған тарихи құжаттық дәйектер жеткілікті. Әрі бұл тақырып бүгін ғана емес, елімізде ұзақ уақыттан бері көтеріліп келеді.

Әуелі бертінгі деректерге тоқталалық. 1897-жылы «Дала ұлаяты» гәзетінің 13, 14 және 18-сандарында «Алаша хан және оның баласы Жошы хан туралы қазақ арасында ежелден бар аңыз» (О. Әлжанов) деген мақала жарияланғаны тарихшы қауымға жақсы мәлім. Оның авторы, Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер, этногров ғалым Отыншы Әлжанұлы Сақау немересі (1873 – 1918 жж.) болатын. Мақалада Алашахан – Жошы ханның әкесі, яғни Шыңғысхан екені анық айтылған. Сондай-ақ Жошы хан құлан айғырының шабуылы салдарынан мерт болғаны, соған байланысты бірнеше жер-су аттары қалыптасқаны нақты көрсетіледі. Бұл құнды тарихи мақалаға академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904 – 1985 жж.) атамыз да сілтеме жасаған еді («Қаракеңгір өзені бойындағы архитектуралық ескерткіштер», «Вестник АН КазССР», 1947, №11). Үшбу ғылыми, тарихи тұжырымды өз кезінде (1950 жж.) Георгий Герасимович Герасимов (1897 – 1972 жж.) қатарлы орыс ғалымдары да қуаттаған.

Бұл тарихи шындықты Мәшһүр Жүсіп Көпеев атамыз да растайды. Ол да Алашахан – Жошы ханның әкесі екенін атап көрсетеді. Яғни екі деректе де Алашахан мен Шыңғысхан бір адам екені ап-анық баян етілген. Әлкей Марғұлан зеттеулерінен сырт, Қаныш Сәтбаев қатарлы академик ғалымдарымыз да тарихи құжаттар мен жергілікті халық деректеріне сүйене отырып «Алаша хан күмбезі» Шыңғысхандікі екені туралы мақалалар жазған-ды. Дәл осындай дерек «Қазақ совет энциклопедиясының» «Алаша хан күмбезі» және «Жошы хан күмбезі» мақалаларында да бар («ҚСЭ», 1 және 4-томдар). Қорта айтқанда, «Алаша хан күмбезі» ұлы Шыңғысханның киелі кесенесі екені туралы дерек бұрыннан бар және оны кеңестік тарихшылар да жоққа шығара алмаған.

Енді орда тарихшыларының деректеріне жүгінелік. Шыңғысхан Жәлелден солтанды Синд өзенінен қуып өткізген соң, 1222 жж. артқа қайтады. Жолшыбай Бұхара қаласына арнаулы тоқтап, Меккеден келген Қағба имамдарынан пәтуә сұрайды. Сосын Самарқант арқылы Қожант (Худжанд) кентіне жетіп, одан Тәшкент қаласы тұрған аймақта ерулеген. Қаған сол арада, Шыршық өзені бойындағы бір тауда сейіл құрып жүріп аттан жығылады да, ауыр жарақат алады. Бұл, 1223-жылдың ерте көктемі еді, Шыңғысхан сол жарақаттан жүз күн бойы төсектартып жатып қалған. Сосын Шыңғысханның шатыры «Сары өзен» (Са ли хы / 萨里河), яғни Сарысу жаққа қарай көшеді.

Осы заманғы тарихшылар дәл осы тұста қателесіп, түпнұсқадағы «Сары өзенді», қазіргі Хуаңхы (Хуанхэ) деп теріс түсініп жүр. Алайда Орта Азияда аттан жығылған Шыңғысхан, қас қағым сәтте Шығыс Азияға қалай жетіп бара қоймақ? Ал шындығында, Шыңғысхан Сарысу бойынан шығысқа қарай көшіп, 1224-жылы қыс басында Моғолстан жеріне жетеді. Тап осы арада бертінгі тарихшылар тағы да жаңылады немесе жұртты мақсатты түрде алжастырады. Атап айтқанда, мұндағы Моғолстанды, олар «Моңғолия» деп қате түсіндіреді. Әрине жоғарыдағы Сарысуды «Хуаңхы» екен деп жаңылыс түсінген жұрт бұған оңай сене салмақ. Бірақ бұл арада уақыттан сырт, тағы бір тарихи дәлел бар. Ол – түпнұсқадағы «蒙兀兒斯坦» сынды топоним болып табылады. Бес иероглифтен құралған бұл атау, тек қана Моғолстанды, яғни қазіргі Жетісу өлкесін көрсетеді. XIV ғғ. Шағатай ұлысы екіге бөлінген сон, оның басқару аймағы Ферғана, Памир арқылы Қашқарияға дейін кеңейгені рас. Бірақ топоним ретінде, бәрі-бір Балқаштың оңтүстігін, Іле, Шу алқаптарын меңзеп қала берді («Тарих-и рәшиди», М. Д., 2-том, 68-тарау). Бұл тарихи жағрапиялық шындықты төменде айтылатын деректер тіпті де айқындай түспек.

Шыңғысхан 1225-жылы көктемде, Моғолстанда құрылтай ашып соңғы Таңғытия жорығына орналастыру жасайды. Ең бастысы, мұнда Жошы ханның ауыр науқас екені ұлысқа жария етіліп, оның орнына Үкітай солтан ресми түрде тақ мұрагері етіп тағайындалады. Құрылтай қаулысы бойынша, Үкітәй, Шағатай, Төле үшеуі сол жылы жаз соңында Таңғытияға шеру тартқан. Атап айтқанда, үш қағанзада бастаған қосындар жеке-жеке: Шығу (Есік), Бұғысу (Бұғыты), Шарын бойларынан аттанады. Ал Шыңғысхан елде қалады. Осы тұста тарихшылар тағы да жаңылады немесе жұртты әдейі жаңылтады. Олар жылнамалардағы «Қаған» («皇帝») деп көрсетілген тұлғаны Шыңғысханның өзі деп қарауда.

Ісжүзінде, бұл – жылнамаларда, әсіресе пішік (иероглиф) жазуында көп кездесетін күңгірттік. Түпнұсқада алдыңғы қаған немесе соңғы қаған айтылып тұрғанын парықтау қиынға соғатыны рас. Бірақ оны да уақыт пен кеңістік және қасындағы адамдар сияқты дәйектер арқылы парықтауға әбден болады. Сол кезде Шыңғысханның қасында ірі тұлғалардан Есімке атты немересі мен Төлен деген қолбасы ғана қалған-ды. Ұзын сөздің қысқасы, сол жылдың соңында немесе 1226-жылдың басында көптен бері науқас жатқан, ауыр жарақаттың дерті әбден меңдеткен Жошы хан қайтыс болады. «Жәмиғ ат-тауарих» дерегі  «қырық жасында» деп көрсетуіне қарағанда, 1186-жылы туған Жошы хан, 1226-жылдың басында бақилық болса керек. Түпнұсқа құжаттарда әжірия немесе шығыс күнтізбелері көрсетілгендіктен, ондағы ай мезгілін миләдиге дәл түсіру қиынға соғуда.  

Ұлы Шыңғысханның соңғы Таңғытия жорығына аттанбауына үш түрлі жағдай себеп болған: біріншісі, тұңғыш ұлы Жошы ханның денсаулығы өте нашар болуы; екіншісі, өзінің денсаулығы; үшіншісі, өзі айтқандай, қалған өмірін ғибадатқа арнауды мақсат еткендігі.

Қысқасы, Шыңғысханның бұл жолғы жорыққа өзі аттанбағаны анық. Арада біраз уақыт өткенде, шамамен 1226-жылдың көктемінде майдандағы Үкітай мен Төлеге шақырушы аттандырады. Соған орай екеуі де артқа қайтып әкесінің құзырына келген-ді. Шыңғысхан оларға, Жошым болса арамызда жоқ, ал Шағатайым алыста жүр. Менің жарлығымды оған сендер жеткізіңдер. Үкітай, сен Ұлыстың ісін қолыңа ал. Төле, сен Ұлық ептің (бас орданың), яғни қарашаңырақтың ханы бол деп өсиет айтады. Сосын екеуін де қол ишарасымен арттарына қайтарып жібереді.

Сөйтіп Жошы хан қазасынан бір жарым жылдай кейін, 1227-жылы 18-тамыз күні ұлы Шыңғысхан да әлемнен озады («Тарих-и жаһангушай» дерегі бойынша). Түпнұсқа тарихи құжаттарда Шыңғысханның киелі мәйті Сарықыр (撒阿里客额兒) өлкесіндегі Кеңгір (Кеңгүр / 起輦谷 / Kei ngin gu\r\) деген жерге қойылғаны туралы анық деректер бар («Жәмиғ ат-тарих», «Құпия шежіре», «Үйән тарихы», «Жаңа Үйән тарихы»). Алайда оның алдыңғысы «Саари-кэхэрэ» деп мүлде бұзып, ал соңғысы «Чи нян гу» (Qi nian gu) деп жаңа қытайша оқылғандықтан, түпнұсқа дерек мүлде бұзылып, адам түсінбестей өзгеріп кетуде. Ал өз заманындағысындай дұрыстап оқылса, одан Сарықырдағы, яғни Сарыарқадағы Кеңір деген ап-анық мағына келіп шықпақ. Атап айтқанда, ұлы Шыңғысханның қасиетті тәні Сарыарқадағы Кеңгір деген жерге қойылғаны тарихи ақиқат.

Ал «Алаша хан күмбезі» дәл сол арада, Ұлытаудың етегінде әлі еңсе көтеріп тұр. Әрине «Жошы хан күмбезі» де сонда екені көпке аян. Сондай-ақ онда Шыңғысханның кіші ханымы, меркіт қызы Құлан ана, шөбере келіні, байұлы (баяут) қызы Болған ана кесенесі де бар. Осынау тарихи және археологиялық дәйек, фактілердің барлығы Алашахан мен Шыңғысхан бір адам екенін әрі оның Сарыарқадағы Ұлытау баурайында, КЕҢГІР жерінде мәңгілік мекен тапқанын толық дәлелдеп береді.

Алашахан титулы – Алаштың ханы, Алаша (Алашия) ұлысының ханы деген мағна береді. Өйткені Шыңғысхан – Алаш (Алаша, Алашия) ұлысының құрушысы болатын. Ал Жошы хан – Алаш іде, яғни Алаш иесі деп аталып, алғашқы тақ мұрагері болып тағайындалған. Алайда ол ауыр науқас болуына байланысты, мұрагерлік орын 1225-жылы көктемде Үкітәй солтанға беріледі. Бұл туралы жоғарыда да тоқталып өттік.  

Деректің негізіне қарағанда, «Жошы хан күмбезін» Шыңғысхан өзі салдырса керек. Ал Шыңғысхан күмбезінің орны өз өсиеті бойынша талданғаны тарихи құжаттардан белгілі. Қазіргі кейбір тарихшылар Шыңғысханның жерленген орны белгісіз дейтін, өте сорақы, негізсіз өсек таратып жүр. Тарихи құжаттардың барлығында Шыңғысханның киелі мәйті, асыл сүйегі қойылған жер «Қорық» («Қорұқ») деп аталатыны, оның басында арнаулы шырақшы, қорықшылар болғаны көп қайтара айтылады. Оны әйгілі пірәдар У. Рубрук көзекі көргенін әрі ондағы әрбір тал бұтаға дейін мұқият қорғалатынын егжей-тегжейлі жазып қалдырған. Демек Шыңғысханның моласы «белгісіз» емес. Қайта ол – Шығыс пен Батысқа, күллі әлемге әйгілі, жұрт зияраттап тұратын киелі нысан болған. Егер олай болмаса, батыстық пірәдарлар онда бармас та, ол туралы көзекі куәгерлік жазба қалдырмас та еді ғой. Қайталап айтайын, «кәсіпқой тарихшы» Әлімғазы Дәулетхан мырза, осынау тарихи шындықты және біздің осы жолдағы таза ғылыми еңбектерімізді, сіз де, сіздің «антиқазақшыл» тобырыңыз да ешқашан жоққа шығара алмайды. Құлағыңызға жақсылап құйып алыңыз. АЛАШАХАН мен ШЫҢҒЫСХАН бір адам, оның мәңгілік мекені – «Алаша хан күмбезі». Ерте ме, кеш пе, оған әлем саяхатшылары толассыз ағылатын болады. Сөйтіп аруақ разы болатын, адал кәсіпкерлер, ұлттық туркомпаниялар миллиардер болып байитын заман келеді.                                                     

Кезінде, 2008 жылғы «Көкпарда» бұл тақырып туралы жоспарымды айтпағаным дұрыс болғанын уақыт көрсетті. Олай дейтінім, дәл сол себепті Зардыхан Қинаятұлы ағамыз «Құпия шежіренің» түпнұсқасын кім аударса, соның сөзі дұрыс деген пікірді еміс-еміс айтып жүрді. Өйткені ол кісі өз қасындағы «қытайтанушылардың» білімсіз, қырпусыз сыйқына қарап, бұл тақырыпқа ешкімнің де тісі батпайды деп ойлап қалды. Әрине олардай «антиқазақшыл», алаяқ тобырдың қолынан өсек пен арандатудан басқа ештеңе де келмейтіні ақиқат болатын.

Ал біз үнсіз күйде жұмысымызды жасай бердік. Сөйтіп «Құпия жешіренің» түпнұсқасын толық аударып, «Асар-Құрылыс» компаниясының қайтарымсыз қаржысымен дереу бастырып шығардық. Оның әрбір пішігін (иероглифін) егжей-тегжейлі талдап, түсіндіріп, бастан-ақыр комментарий жасап шыққанымды көріп, Марал аға, Бексұлтан аға, Ибраһим Мұрат аға қатарлы білікті зиялылар жабал қолдады. Абзал ағаларымыз арт-артынан мақалалар жазды, сұхбаттар берді. Бірақ Зардыхан аға да, басқасы да жұмған ауыздарын ашпаған күйі қалды. Одан менің ештеңем де кеткен жоқ. Қайта кітәбім жұртқа тез таралды («Құпия шіжіренің құпиясы», Т.Ә., Алматы, «Нұрлы әлем» баспасы,  2009 ж.). Кейін орысшаға да аударылды, фасимилесімен де басылды (Алматы, «Шапағат-Нұр», 2013 ж.). Оразхан, Әсет деген ағайынды кәсіпкерлер Алатау батырға (1560 – 1640 жж.) арналған жиын кезінде көп тиражбен бастырып жұртқа тегін таратты (Алматы, «Нұрлы-Әлем», 2015 ж.). Осы орайда бірнеше кітәбімді орыс тіліне аударған Мырзахан Тынымов, Мәлік Кішібаев, Асқар Селеубаев мырзаларға шынайы алғыс айтамын!

Әлгі кісілер кейін де үнсіз қалды. Естімеген шығар дейін десем, оған да келіңкіремейді. Тарих иниститутының бұрынғы деректорлары Саттар Мәжитов пен Хангелді Әбіжанов екеуі де мені кеңсесіне шақыртты әрі «Шыныңа көш, тарих! Шыңғысхан кім?», «Құпия шежіренің құпиясы», «Түгел тарихтың түбінде не жатыр», «Ата жазу алыстан сыр қозғайды» қатарлы кітаптарымды алып қалды. Бір қызығы, екеуі де Зардыхан Қинаятұлы, Нәбижан Мұхаметжанұлы қатарлыларға оқытып пікірлерін сұрайтынын айтқан-ды. Бірақ нәтиже деректор мырзалардың көңіліндегідей болмай шыққан тәрізді?! Бәрі керісінше болды, өтірікші, арандатушы кісілердің өсегі жиілеп кетті. Осы Әлімғазы Дәулетхан мырза «Қазақстан авторларының», тағы біреулер «Заман Қазақстан» гәзетінің кеңселеріне дейін барып, ондағы азаматтарға маған қолдау көрсетпеу туралы «өтініш» білдірген екен. Соның бәрін де естіп, біліп жүрдім. Олардың өзіне қылдай қиянаты жоқ, жазықсыз адамға сондай қаскөйлік жасағаны, әрине ақылға сиымсыз іс. Нағыз пасықтық.

 

ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН 20 ТОМНАН АРТЫҚ КІТАП ЖАЗДЫМ

Әлімғазы Дәулетхан мырза, басқаңыз аз болғандай: «Ал біздің әуейі-әуесқой тарихшылар ешбір тарихи дерек көздеріне сүйенбей-ақ, дастархан басында…» — дейтін тағы бір арандатушы жалаңызды басылым бетіне шығарыпсыз. Жоғарыда да айтып өттік қой. Біз жел сөздің де, эмоцияның да адамы емеспіз. Бәрі де алдал еңбектің, көп жыл бойы жұмсалған қажыр-қайраттың, жүйелі ізденістің жемісі.

Баста атап өтілгендерден сырт, «Жәмиғ ат-тауарихтың» (авторы, Рәшид әд-Дін / 1247 – 1318 жж.) бірінші кітәбін толық аударып, қалған үш кітәбіне бастан ақыр комментарий жасап шықтым (Алматы, «Нұрлы-Әлем», 2011 ж.). «Тарих-и жаһангушайдың» (Атамәлік Жувейни / 1226 – 1283 жж.) екі томдығын толық аударып, оған да тұтастай комментарий жасадым («Әлем әміршісінің тарихы», «Шыңғысхан» жұрналы). Плано Карпинидің бір томдығын, Уиллиам Рубруктің бір томдығын толық аударып, оларға да бастан-ақыр комментарий жасадым (Алматы, «Шапағат-Нұр», 2013 ж.). Марко Полоның саяхат естелігін талдап көлемді мақала жарияладым (Алматы, «Шапағат-Нұр», 2013 ж.). Әйгілі Сы-ма Чянның (司马迁) «史记» («Шы жи») деген еңбегінің бірінші бөлімін аударып, оған да жүйелі комментарий жасап шықтым (Алматы, «Шапағат-Нұр», 2016 ж.). «Жаңа Үйән тарихы» атты әйгілі жылнаманың «Әулет тарихы» («本纪») бөлігін аудару, салыстырмалы және эпиграфикалық талдау, сондай-ақ комментарий жасау арқылы төрт томдық еңбек жаздым. Сондай-ақ әрқайсысы ондаған томнан тұратын қытайдың «Жиырма алты жылнамасына» («二十六史») бастан-ақыр комментарий, таныстыру жасап шықтым («Шыңғысхан» жұрналында жариялануда). Күлтегін мәңгітасындағы көне қытайша, көне түрікше жазуларды аудару, талдау арқылы бір томдық кітәп жазжым («Ата жазу алыстан сыр қозғайды», Алматы, «Нұрлы-Әлем», 2008 ж.). Осылардың барлығы бұрын-соңды қазақшаға аударылмаған, Қазақстанда жарияланбаған аса құнды тарихи құжаттар. Сондықтан олардың тарихи деректік маңызы, ғылыми құны аса жоғары екені көпке аян. Баста да айтылғандай, осы еңбектерім үшін 2014-жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ҚР ҰҒА Құрметті академигі деген аса жоғары ғылыми атақ берді. Кітапша мен төсбелгіні Академияның президенті, қазақ ғылымының корифейі Мұрат Жұрынов мырза өз қолымен табыстады. Әрине, Әлімғазы Дәулетхан мырза, сіз ол жиналысқа қатынаспаған соң білмейсіз ғой. Өйткені онда болған Серік Қирабаев, Сұлтан Сартаев, Аманжол Қошанов, Надир Надиров, Уахит Шәлекенов, Мәмбет Қойгелдиев, Қойшығара Салғараұлы, т.б. кіл абыздардың бақайынан да келмейсіз. Сіз ғайбатқа таланты болғаныңызбен, ғылымға қырсыз екеніңіз белгілі.

Қайталап айтайын, жарияланған мақалаларым мен жасаған аудармаларымды қоса есептегенде, қазірге дейін жиырма томнан аса кітап жаздым. Еңбектерім Президент кітапханасының, Президенттік мәдениет орталығының қасиетті сөрелерінде тұр. Сол үшін Елбасымыз, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан алғыс хат алдым. Хатқа ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков мырзаның қолы қойылып, мөрі басылған. Еңбектерім сондай-ақ ҚР ҰҒА, Қаз МҰУ кітапханаларының киелі сөрелеріненде де орын алды. Астанадағы орталық кітәпхана, Алматыдағы мемлекеттік кітәпхана, Әл-Фараби атындағы кітәпханалардың да киелі сөрелері еңбектерімді оқырман назарына ұсынуда. Кітаптарыма Мұрат Жұрынов, Қойшығара Салғараұлы қатарлы ұлт мақтанышы болған ұлы ғалымдар, білікті қаламгерлер алғы сөз жазды, сонымен бірге өте жоғары бағаларын берді.

Ал жылдар бойы қолдап келе жатқан Марал Ысқақбайұлы, Бексұлтан Нұржеке-ұлы, Ибрагим Мұрат, Шәміл Әбілтай қатарлы ағаларыма алғысым шексіз. Еңбектерімді түрлі басылымдарда жариялаған Дулат Исабеков («Мәдениет»), Мұхтар Мағауин («Жұлдыз»), Жұмабай Шаштайұлы («Қазақ әдебиеті»), Марат Тоқашбаев («Президент және халық»), Ертай Айғалиов («Заман Қазақстан»), Ахмет Аляз (Түркия), Абай Мауқара, Хайрулла Ғабжәлелов («Алаш»), Дәулетбек Байтұрсынұлы («Әдебиет айдыны»), Ұлықбек Есдәулетов (Одақ төрағасы), Ғалым Жайлыбаев («Жұлдыз»), Нұртөре Жүсіп («Айқын»), Төреғали Тәшенов, Жанарбек Әшімжан («Ана тілі»), Қали Сәрсенбай («Алматы ақшамы»), Қазыбек Иса («Қазақ үні») қатарлы азаматтарға шынайы алғыс айтамыз (адам аттары еңбектерімнің жариялану уақытына қарай жазылды). Әрине «Шыңғысхан» жұрналы мен «Жетісу» гәзеті ұжымына да мың мәрте алғыс. Олар Шыңғысхантану ғылымына бұрын-соңды болмаған үлкен мінбер жасап берді. Сондай-ақ «Жетісу» телеарнасындағы Жұмахымет Жайлаубаев қатарлы азаматтарға ерекше алғыс айтамын. «Қазақстан», «Мәдениет», «Алматы», «Рахат» («СТВ»), «Жетісу» телеарналары мен «Қазақ радиосы» да біз туралы деректі фильм түсірді немесе сұхбат жасады. Ондағы мамандарға да шынайы алғыс айтамыз. Қазақфильмдегі Болат Ысқақов мырзаға «Тлеуберды Абенайулы о Чингисхане» деректі фильмі үшін ерекше алғыс айтамыз.

Мемлекет және ғылым қайраткерлерінен Әбіш Кекілбаев, Махсұт Нәрікбаев, Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижан, Оразалы Сәбден, Қайрат Закарьянов, Тұрсын Жұртбаев, Дихан Қамзабекұлы, Шәкір Ибраев, Қамбар Атабаев, Болат Көмеков, Қаржаубай Сартқожаұлы қатарлы азаматтар кітәптарымды арнаулы алдыртты және алғыс білдірді. Алашқа танымал ел ағалары Шерияздан Елеукенов, Қабдеш Жұмаділов, Нұртілеу Иманғали қатарлы ағаларымыз арт-артынан мақала жазып, сұхбат жасап көп қолдау көрсеті.

Ал «Асар-Құрылыс» компаниясы мен Қажымұрат Қантбайұлы Үсенов ағамыз көп жылдардан бері қаржылық және рухани жақтан үздіксіз қолдау көзсетіп келеді. Ол кісілерді Алла қолдасын! «Ар & Жан» (Жандарбек мырзаға) компаниясына, «Айғаным» баспасына, «Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы», сондай-ақ Ибрагим Мұрат, Қайнолла Зейнолла ағаларымызға қаржылай көмектері үшін мың алғыс айтамыз.

Әлімғазы Дәулетхан мырза, өзге арандатуларыңыз аз болғандай: «күні өткен рушылдық пен жүзшілдіктің ұнамсыз мүңкімесі…» — дейтін арсыз жаланы қандай қысастықпен жаптыңыз? Осыншама мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақ ғылымының корифей, абыздары, қазақ әдебиетінің алыптары, қазақ ақпаратының майталмандары, қазақ өнерінің саңлақтары, дін ғұламалары, кіл зиялылар, ұлтжанды, жомарт пейілді кәсіпкерлер түгел «рушыл», «жүзшіл» ме? Олар Қазақстанның шығыс, батыс, орталық, күнгей, теріскей сынды әр түкпірінен ғой. Біразының ұлты да басқа. Тіпті араларында шетелдік азаматтар да бар. Еңбектерім жарияланудан, кітаптарым шығудан бұрын ол кісілерді жүзбе-жүз көрген де емеспін. Әрине оны сіздер де өте жақсы білесіздер. Мақсаттарыңыз біреу, халық арасындағы «рушыл», «жүзшіл» деген сөздерге болған стереотип пен фобиядан пайдаланып Шыңғысханды зерттеу, тану ісіне кедергі жасау, бұл саладағы жетістіктерді жоққа шағару. Басты қағидаттарыңыз, Шыңғысханды түрік, қазақ деу – «ұят», моңғол (монгол) деу – «абырой» сынды ұлтқа қарсы пасық ұстаным.

Сонда сіздер, неткен қатерлі, қандай жиренішті тобырсыздар? Түрік, қазақ халқында нелеріңіздің құны бар? Қазақ халқына осынша арсыздана, құтырына қарсы шабатындай – ұлтымызды өз тарихи құндылығынан айыруға тараштанатындай, сіздердің арам құлқындарыңыздан олардың қандай нәжісі өтіп кетіп еді? Ар-ұяттарыңыз, жаратылыстарыңыз соны қалап тұрса, қолдарыңыздан келгенін істерсіздер. Алайда соны біліп қойғайсыздар. Қазақ халқын өз тарихи тамырынан, ұлы Шыңғысханынан ешқашан да ажырата алмайсыздар. Оған сіздейлердің қарымдары да, дарындары да жетпек емес. Ит үреді, керуен көшеді! Әлдеріңізді біліңіздер, Әлімғазы «мырзалар»!

Аса құрметті оқырман, XIX – XX ғғ. патшалық, кеңестік шовинистер Алаш, Шыңғысхан сынды тарихи, рухани құндылықтарымызды қазақ халқының жадынан жоюға бар күштерін салды. Сөйтіп олар «алашордашыл», «хандық феодалдық дәуірді көксеуші», «пантүркизмшіл» дейтін қылмыс түрлерін ойлап тапты. Олар сондай айыптаулар арқылы ұлт зиялыларын, ел азаматтарын жаппай қудалағаны, қырғындағаны қалың қазақтың тарихи жадында әлі сақтаулы тұр. Енді мына «сәйкестікке» назар аударыңыз. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы кезде, 1990 жж. сол сүркейлі ұрандар мен айыптаулар шығыстағы «көршімізде» де әйні-қатесіз қайталанды. Бәрінен де қатерлісі, «зор қазақшылдыққа қарсы тұрайық» («反对大哈萨克主义») дейтін саяси науқан көтерілді. Соның ең негізгі бір мазмұны, қазақ тарихын жоққа шығару болған. Әйтеуір сондағы қазақ зиялы қауымның табанды, жүйелі наразылығына орай бұл науқан бір мезетке болса да саябырсыды. Алайда қазақтың тарихын, тілін, дінін мансұхтау саясаты сол күйінде қалды. Бұл тақырыпта қалам тербегендер қудалауға ұшырады. Керісінше қазаққа, Шыңғысханға қарсы жазғандардың жолдары болды. Ондайларға әртүрлі арналар арқылы жан-жақтылы қолдау жасалуда. Қорта айтқанда, түрік бірлігіне, Қазақ мемлекеттілігіне қарсы саясат жүргізуші империялық күштердің ең негізгі бір нысанасы – Шыңғысхан тақырыбы болып табылады. Өйткені олар Шыңғысхан – түрік, қазақ екенін жақсы түсінеді. Қазіргі қазақ халқының саны онша көп емес екенін біле тұра, «зор қазақшылдық» сынды терминнің саяси айналысқа түсуі де дәл соны көрсетеді. Яғни олар аталмыш саяси термин арқылы қазақ – Шыңғысхан құрған Алаш ұлысының титулдық халқы екенін меңзеуде. Түптеп келгенде, Шыңғысхан тақырыбына қарсылық – Қазақ мемлекеттілігіне бағытталған жаулық саясаты болып табылады. Сондықтан оған әсте сәл қарауға болмайды.            

Алашахан мен Шыңғысхан бір адам, оның мәңгілік орны – Ұлытаудағы «Алаша хан күмбезі». Шыңғысхан – түрік, қазақтың жалайыр арысынан, оның ішінде асыл текті төре тайпасынан. Шыңғысхан және оның әулетінің діні – хақ исламның қанафи бағыты.

Шыңғысхан, әсте тиран емес, қайта тирандарды аластаушы. Күллі адам баласын ортағасырлық түнектен азат етуші. Ол – тұтас азамзатты құқықтық, зайырлы қоғамға, нарықтық экономикаға, ренессанс дәуіріне бастап кірген ұлы реформатор. Шыңғысханның «Жосық» заңында – Алаш ұлысының атазаңында: «Барлық адам баласы дүниелік және рухани игілікке кенелуге тең құқылы» — деп анық көрсетілген. Атап айтқанда, Шыңғысхан – заңға АДАМ ҚҰҚЫҒЫ нормасын кіргізген тұңғыш саясаткер. Шыңғысхан – Әлем әміршісі.  

Алаш ұлысы, Қазақ мемлекеттілігі мәңгі жасайды!!!

 

 

 

 

ПІКІРЛЕР5
Аноним 12.05.2021 | 23:22

Өте керемет!
Шын таланыт деген осы болар?

Аноним 13.05.2021 | 13:55

!!!

Аноним 14.05.2021 | 14:01

Қаржаубай Сартқожаұл: ШЫҢҒЫС ХАННАН ҚАЗАҚ ЖАСАУҒА ТЫРЫСҚАН «АКАДЕМИККЕ» ЖАУАП НЕМЕСЕ «ТАРИХ — ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ ЕМЕС» /үзінді/
«Тілеуберді Әбенайұлы! Сенің бірлі-жарым дүниелеріңмен таныс едім..Сенсация жасауға тым құмар азамат екеніңді ұқтым. Сенің бұл еңбектерің сын көтеретіндей дүние де емес екен. Тарих ғылымы еріккеннің ермегі емес. Оның зерттеу нысаны, әдіс-тәсілі, теориясы деген сияқты мың қыртысы бар. Сол қыртыстарын меңгеріп, тарих мектебінен өтпей тұрып, өзім білемдікке салынып, дауыс көтеріп байбалам салып, айғайлаумен ештеңе шешілмейді. (Ит екеш ит те сүйекті жұтарда артына қарайды-ғой).Тағы бір қитұрқысы, арнайы білімі жоқ адам тарихқа құмартып «сәбилік сырқатқа» шалдығады.. Ол өзі бір ағым.Өкініштісі, сен тіл білімі, тарих мектебінен өтпегенсің. Өзіңді осы салада дайындамай, жаңағы сырқат бойыңа жайылып дендеп алған. Біз Қазақ ақын халықпыз. Егер Шыңғыс хан қазақ болса қазақтар сол дәуірде ол жайлы эпос, жырды айтпағанда 4 жол өлең қалдырар еді-ғой. 1224-1360 жылдар арлығында моңғолдар Шыңғыс хан туралы 100-ден астам жазба қалдырып, атын ұрпағына ұлықтатыпты. Шыңғыс неге түрікпін демей, «моңғолмын» деп жар салған. Түркілік керейдің Тоғрул (уаң) ханмен неге «моңғолша ант берісіп едік-қой» деп реніш білдіреді. (Құпия шежіре 5 бөлім, 175-185 тарау). Шыңғыс әулеті билеген бүгінгі Ауғанстан, Иран, Ирак, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Татар, башқұрттардың барлығы сенің түсінігіңше қазақ болғаны ма? Олай лағып кету ғылымға томпақ келеді.Әбенайұлы, Сен «Құпия шежіренің ақиқи түпнұсқасы түрікше жазылған» деп таудан тас құлағандай періп кеп жібересің. Сонан кейін: «… Ол (шежіре) түрікше түпнұсқадан бұрмалап жасалған. Олар (кімдер?), ақиқи түпнұсқаны түрікше-моңғолша аудармалардың көмегімен әуелі моңғолшалап алған.Моңғолшалаудағы себеп, .. Шыңғыс ханды кірістіру арқылы түрік халқын ел мен жерге иелік ету ұқықтан түбегейлі мақрұм ету пиғылы болған» дейсің. Құпия шежіре ту баста түрікше жазылғанын дәлелдейтін тарихи құжатты көрсетші. Сенікі болжам, көне мәтіндерді шемішкедей шағып, түпнұсқасын өз тілдеріне аударған ондаған деректанушылар бар. Әлде әлемнің осынау ұлы ғалымдары түркі халқын жек көріп, түркілердің рухани мұрасын құртып, моңғолдарға алып беру үшін сөз байласып, бір ауыздан келісіп, кесіп-пішіп алған демексің бе? Құпия шежіренің қытайша мағыналық аудармасын 1866 жылы ұсынды. 150 жыл бойы Орта және Орталық Азия тарихының алып арқауына айналып отыр. Сен «Ақиқи түпнұсқа» деген атау беріпсің. Бұл ізі де, көлеңкесі де жоқ сенің армандаған түрікше түпнұсқаң..сенің еңбегіңде түпнұсқа жоқ..» Ал Тілеубердінікі дұбаралықтың шыңы екен.

Аноним 14.05.2021 | 14:08

Ит құтырса – иесін /ұлтын/ қабады Абай кз-дан
Қазақ деген халық 15-16 ғасырларда жергілікті түрік тайпалары негізінде, Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Алдымен қарапайым тарихты оқып алған жөн. Тілеуберді Әбенайұлының ұлты үшін отқа түсіп, азаматтығын істерімен дәлелдеген, тарихшы ғалымдар Әлімғазы Дәулетхан мен Қаржаубай Сартқожаұлы жайлы бейәдеп, ғайбат, жала сөздерінен-ақ кім екені көрініп тұр. Хакім Абайдың: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген қағидасын ұстанбаған жанның қазаққа жаны ашымайды

Аноним 14.05.2021 | 14:43

Козьма Прутков: «Зри в корень!» Абай кз-ден.
Қарахан өркениеті мен Қарахандықтар әулетінің мемілекеті, бұл екі бөлек нәрсе. З.Қинаятұлы: «Қазақ заңдарына әсіресе Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңының тікелей әсерін атап өткен жөн… «Ұлы жасақ» бойынша «Моңғол билігіне өткен қауым тек әскери-көшпенді жағдайда өмір сүруі тиіс» болды. Ал қазақ хандары Жошы ханның ұрпақтары. Мұндай династиялық билік қашанда өзіндік алғаш бастау алған ежелгі салтын сақтамай қоймайды». Яғни, «әскери-көшпенді жағдай» көшпелі елде ХХ-ғасырға дейін сақталды.Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Яғни, көшпелі мал шаруашылығы негізгі жүйе саналып, отырықшылық, қалалар дамыған жоқ. қазақ хандары салған бір қала не оқу орнын, ғылым мен білімге тигізген көмегін айталамыз ба? Мұның бір ұшы Шыңғысханның авторитеті мен заңдар жинағындағы «»Моңғол билігіне өткен қауым тек әскери-көшпенді жағдайда өмір сүруі тиіс»тен аса алмауында.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір