Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасына 85 жыл: ғылым мен білімнің сабақтастығы және тарихи бастаулары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 85-жылдығына арналған «ЗАМАНАУИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: ТАРИХЫ, БОЛАШАҒЫ» атты 2025 жылдың 31 қаңтарында өткен халықаралық ғылыми конференция педагог мамандарды дайындайтын іргелі кафедраның қалыптасуы, өткені және даму болашағына арналды. Философия және саясаттану факультетінің құрамындағы озық кафедраларының бірі болып табылатын бұл ұжымның тарихи тамыры тереңде жатыр.

Факультет деканы Б.Б. Мейірбаев кафедраның қалыптасуы мен даму тарихына кеңінен тоқталып, Қазақстанның педагогика, психология ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымдар мен оқытушылардың әрқайсысын зор ілтипатпен еске алып, кафедраға әр жылдары басшылық жасаған тұлғалар: Кокымбаев Шакир Кокымбаевич, Тәжібаев Төлеген Тажібайұлы, Сембаев Абдыхамит Ибнеевич, Бержанов Қартбай Бекенович, Аргынов Хасен Қуандыкович, Садыков Борис Жаркенович, Ахметова Гульназ Кенжетайқызы, Исаева Зауреш Абдразаковна, Мынбаева Айгерім Казыевна, Булатбаева Айгүл Әбдімәжітқызы, Сәрсенбаева Гульнара Молдрахмановаларға зор құрметін білдірді. Сонымен бірге кафедрада педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Р. Баширова, А.Т. Табылдиев, Н.А. Асанов және т.б. жұмыс істегенін мақтанышпен еске алып, әр жылдары педагогика және білім беру менеджменті кафедрасына белгілі педагогтер мен атақты ғалымдар шақырылған, Н.Д. Хмель, К.Ж. Қожахметова, А.Қ. Құсайынов, Ш.Т. Таубаева, И.Р. Халитова және т.б. ғалымдардың еңбек еткенін атап өтті.

Мерейлі тойға арналған халықаралық ғылыми конференцияға ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Тойбаев Әділет Жүнісұлы бейне құттықтауларын жолдап, кафедраның педагогика саласындағы елеулі табыстарын атап өтті.
Конференцияның ашылу салтанатында университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алтай Ғабдрахманұлы Қазмағамбетов Басқарма төрағасы – Ректор, филология ғылымдарының докторы Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының құттықтау сөзін оқып берді. Құттықтау сөзде: ғылыми білім беру әлеуеті жоғары, әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды мақсат тұтқан, зерттеу университеті мәртебесі (25.07. 2022) бар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы негізгі басымдықтарды, мақсаттарды, бағыттар мен қағидаттарды, нысандары мен әдістерін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізінде ғылым мен зерттеу жүргізеді. Ондағы ғылыми-техникалық қызметтің басымдығы мен субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі тәжірибеде өз оң нәтижелерін беруде. Атап айтсақ, үстіміздегі жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS World University Rankings 2025 (QS WUR) халықаралық рейтингінде әлемдегі ТОП-200 ЖОО қатарына қосылғанын, кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, бүгінде түлектердің еліміздің әр түрлі түкпірлері мен шет елдерде жұмыс жасап жүргенін, кафедра еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми-педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылатынын тілге тиек етті.
Набережночелнинск мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры Галиакберова Альфинур Азатовна, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Басқарма төрағасы-Ректор Сыдыков Ерлан Батташевич, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Басқарма төрағасы-Ректор Шакешев Бекбулат Темержанович, Моңғолия мемлекеттік Білім университетінің Баян-Өлгей аймағы бөлімшесінің директоры Хиналган Жылқайдарқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Басқарма Төрағасы – Ректор Каримова Бейбіткүл Сарсемханқызы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Басқарма төрағасы-Ректор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы, Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Басқарма Төрағасы – Ректор Бурибаев Ермек Абильтаевич, Халел Досмұхаметов атындағы Атырау университеті Басқарма төрағасы-Ректор Идрисов Саламат Нұрмұханұлы, Атырау қаласының №12 гимназия директоры, маслихат депутаты, кафедра түлегі Нұрқалиев Болатбай Серікұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Басқарма төрағасы-Ректор Болат Анапияұлы Тілеп, Амирхановна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Басқарма төрағасы-Ректор Канай Гулмира, «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ төрағасы Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы бейне құттықтау жолдады.
Ташкент фармакология институтының ректоры (Өзбекстан) Ризаев Камал Саидакбарович, Гүлістан педагогикалық институты ректоры (Өзбекстан) Каршибоев Жахонгир Хазраткулович, «Өрлеу» филиалы (Алматы қаласы) Мелдебеков Ержан Турганбайұлы құттықтау сөздерін сөйледі. Конференция соңында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Н.С.Әлқожаева кафедраның қалыптасуы мен даму тарихына сабақтастық пен ынтымақтастықты сақтау өткеннің өнегесін сақтап, қазіргі мен болашақ арасында ізгілікті байланыс орнату, ұрпақтан-ұрпаққа қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтар, мәдени қатынастардың берілуінің маңызы мен мәніне тоқталды.
Кафедраның құрметті демалыстағы ардагерлері Жантекеева Злиман Урбосиновна, Баширова Жамал Рахимовна, Есенжолова Сауле Дүйсебаевна, Ахметова Гульнас Кенжетаевна, Жолтаева Күлпаш Жолтаевна, Мамырбекова Гүлсан Ариповна сынды оқытушы-профессорлар шақырылып, конференцияға қатысқан оқытушыларымызға жас ғалымдар естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстап, ұрпақтар сабақтастығының, ғылыми ортаның бір әдемі үйлесімі көрініс тапты .
Конференцияның секциялық отырысында Қазақстанның жоғары білім берудегі проблемалары мен даму тенденциялары, қазіргі кездегі педагогика және психология саласындағы инновациялар:цифрлық педагогика, жасанды интеллект және ұлттық құндылықтар, инклюзивті білім беру жағдайында мектеп пен жоғары мектеп сабақтастығы тақырыптары бойынша қазіргі уақыттағы ғылым мен білім тоғыусындағы өзекті мәселелер талқыланып, ғалымдар, магистрантар мен докторанттар өз ойларын ортаға салып, ғылыми ізденістерімен бөлісті.
Қорыта айтқанда, Қазақ ұлттық университеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция ғылым мен білімнің сабақтастығын және педагогикалық ой-пікірлердің тарихи бастауларынан бүгінгі күнге дейінгі даму үдерісіне терең талдау жасалған, тағылымы мен танымы мол іс-шара болды. Қызу талқылау мен жылы естеліктерге толы конференция жұмысын қатысушылар жоғары бағалап, ізгі ниетпен ұйымдастырылған шараның жемісті жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Әрінова Б.А.,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Педагогика және білім беру
менеджменті кафедрасының доценті, п.ғ.к
Акимбаева Ж.Ж.,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Педагогика және білім беру
менеджменті кафедрасының докторанты