ҚОРДАЙДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
15.03.2021
363
0

Қордай аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орайластырылған славян этносы күні өтті. Қордай ауданының «Отечество» славян этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл толды.
Іс-шараға аталмыш этномәдени орталықтың және аудандық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, орыс этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Отечество» этномәдени орталығының шеберлері Наталья Пронникова, Лариса Бабешко мен Валентина Шакулдың туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара «Соседушки» халықтық ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жиын соңында этномәдени бірлестік мүшелеріне мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір