ТӘУЕЛСІЗДІК РОМАНЫ
12.03.2021
3887
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?» деген сауалды қойған еді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы әр сала бойынша не таптық, қандай жетістікке жеттік деп сараптайтын мезгіл екенін де қадап айтты. Тәуелсіздік жылдары шығармашылық иелері үшін жемісті болды деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, ой еркіндігі берілді. Бұрын жабық тақырыптар, жазуға тиым салынған тарихи жағдаяттар ашылды. Қаламгер үшін ең басты керегі де сол еді. Алайда, біз сол еркіндік ұғымын қалай түсіндік? Оңды пайдалана алдық па? Бұл сұрақтарға әркім өз әлінше жауап іздері анық. Қазақ әдебиетінде осы жылдар аралығында 100-ден астам роман жазылыпты. Сол романдардың көтерер жүгі, тақырыбы, көркемдік деңгейі қалай? Осы жылдары жазылған романдардың өзгешелігі мен артықшылығы неде? Кемшін тұсы қайсы? Әдебиеттанушылар қай романды оқуға кеңес береді? «Желқазық» айдары осы сауалдарға жауап іздеп көрген еді.

Әлмира ҚАЛИ,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты

 «АЙ МЕН АЙША», «ТАЛТҮС»

 Бүгінгі таңда классикалық мағынадағы роман поэтикасы едәуір өзгеріске ұшыраған. Әдеби үдерістегі мұндай құбылыстарға рецептивтік эстетика, оқырман талғамы да әсер етпей қоймайды. Заман ағымы, күн сайын жаңару үстіндегі технологиялар әдеби шығарманы оқу мәдениетіне де өз үкімін өткізіп бағады.
Мәтін философиясы жаңғырды: ойды нығыздап өру, оқырманмен коммуникацияға көбірек көңіл аудару сынды талаптар көркем туындының мазмұнына да, пішініне де әсер етпей қоймайды. Мәселен, батыс елдерінде бүгінде графикалық романдардың дәурені жүріп тұр. Қытай, жапон қаламгерлері арасында «смартфондық роман» жазушылар да ұшырасады. Мына тұрған Ресей постмодернистерінің кибер-роман үлгісіндегі туындыларын да көрдік. Ес білген жанның есіл дертіне айналып бара жатқан гаджеттер әлемінен әдебиет өзіне орын іздегендей күйде. Қайсыбір көркемдік эксперименттер сәтті шығып жатады, кейде үйлесімсіз жасандылық менмұндалап тұрады. Пішін тұрғысындағы осындай көркемдік құбылыстармен қатар мазмұндық, стильдік жаңашылдықтар да баршылық. Магиялық реализм мәнерінде жазу әдеби трендке айналды.

Әлемдік әдеби үдерістегі көркемдік-эстетикалық жаңалықтар түрлі деңгейде қазақ сөз өнерінде де көрініс тауып келеді. Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ романдарының бет-бағдарын шартты түрде дәстүрлі (реалистік), жаңашыл (модернистік, постмодернистік) деп екі арнада қарастыруға болады. Қазақ тарихының түрлі кезеңдерін арқау ете отырып, дәуір мен тұлға, жалған мен ақиқат, махаббат пен зұлымдық сынды мәңгілік тақырыптарды қаузаған туындылар легі әлі де жалғасын тауып келеді. Әдебиеттанушы ретінде сан қилы мәтінді саралауға міндеттіміз. Ал оқырман ретінде сүйсініп оқитын, айрықша әсер қалдыратын кітаптар көп бола бермейді.

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романымен алғаш 2008 жылдары оқыған едім. Мемуарлық романдағы автордың баяндау үлгісі, стильдік мәнері, шұрайлы тілі ерекше ұнаған еді. Ш.Мұртаза поэтикасы дегенде ойға келетін көркемдік өлшемдері: өмірді бейнелеудегі моральдық ұстаным мен суреткерлік дәлдік, мінез бен болмыс шынайығы. Алыста қалған балалық шақ естеліктерін жаңғыртатын әсерлі баяндау стилі оқырманды сол бір балдай тәтті әрі кермек күндерге жетелейді. Оқырман ой жетегімен жазықсыз жазаланған Мұртазаның, жесір Айшаның, еріксіз ерте есейген Барсханның әлеміне енеді. Дәуір тынысы, кейіпкердің өсіп-жетілу жолы әсіре пафоссыз суреттеліп, байсалды леппен баяндалады. 

Жеке тоқталғым келетін тағы бір туынды – Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы. Шығармада суреттелетін ауыл тұрмысының көріністері қарапайым, шынайы, сонысымен де тартымды. Оқырман роман беттерінен күнделікті қайталана беретін күйбең тіршіліктің таптаурын сүрлеуін емес, әр атқан таңы мен батқан күнінен мән таба білетін қыр халқының мағыналы өмір өріміне куә болады. Ауыл кештерінде дастархан үстінде айтылар тарихтың бел-белестері, айтулы өнерпаздар мен сал-серілердің өмірі, әйгілі күйлердің туу тарихы жайлы салиқалы әңгімелер оқырманды жалықтырмайды. Керісінше қолы қалт еткенде кешегі өткен игі жақсыларды еске алып, естелік айтуды дәстүрге балаған көкірегі қазыналы қарттардың әңгімесі бұрын-соңды айтыла қоймаған деректермен баурап әкетеді.

Қаламгер қалыпты түсініктегі бірыңғай жағымды я жағымсыз бейне сомдауға тырыспайды. Шығармадағы әрқилы тағдыр иелерінің бейнелері бір-біріне ұқсамайды. Олар адамгершілік-моральдық сын-сапасы жағынан да, мінез-құлық табиғаты жағынан да әртүрлі. Автор қайсыбір кейіпкерлерінің ағаттығына бола жазғыру немесе болмашы жақсылығы үшін аспандата көтермелеу сынды алып-ұшпа эмоцияларға жол бермейді. Мәселен, бауырына салған баласына мейірлі ана бола алмаған Күлбағила мен уақ-уақ отбасында ойран салуды әдетке айналдырған беймаза Баймұқан алдымен адамгершілік ізгі қасиеттері үшін бағаланады. Автордың дүниені ақ пен қараға ғана бөлетін біржақты көзқарастар бас тартқаны, адам болмысын барша күрделілігімен қабылдайтын толеранттылығы ұнады. Жалпы «кейіпкер жазушының зияткерлік деңгейімен өрелес келеді» деген шығармашылық қағиданы романдағы шешендігі мен көпті көрген көрегендігі жағынан бірінен-бірі асып түсетін, дүниенің парқын білетін Сабыт, Шерім, Жұмға сынды азаматтардың бейнелері дәлелдей түседі.

 

Айнұр АХМЕТОВА, әдебиеттанушы, PhD

«Қараөзек» пен «Әй, дүние-ай»

Қазақ әдебиетінің даму тарихында қазақ халқының КСРО-дан Тәуелсіздік алған кезеңінен басталатын әдебиетті «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті» деп арнайы зерттейтін тенденция қалыптасты. Соңғы отыз жылдағы жарық көрген туындыларға көз жүгіртсек, шын мәнінде, постколониалды қазақ әдебиетінде жақсы үлгілердің дүниеге келгенін байқаймыз. «Колониалды» деген термин қолданысын кейбір зерттеушілер құп көрмей жатады, бірақ қазақ елінің отарланушы елге айналғандығын тарихи деректер дәлелдеп көрсетті. «Отарлаушы» деген қазақша баламасы мәдени кеңістігімізде орнығып та қалған. Тіпті, бұл тақырыптың өзі ірі арнайы зерттеуге айналуы қажет деп білеміз. Өйткені қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы және қазіргі үлгілерін осы қырынан салыстырып зерттер болсақ, ерекше мәдени құбылыстарды байқауымыз мүмкін.

Посткеңестік кеңістіктегі қазақ әдебиеті жан-жақты дамып жатыр. Прозаның өзін алатын болсақ, әдетте, әңгіме жанры жылдам дамығандай көрінгенімен, роман да көп жазылған. 2018 жылы жеке диссертация жұмысы аясында 1991 жылдан бүгінге дейінгі аралықта жарық көрген романдардың тізімін жасап шықтық. Сонда бұл аралықта 100-ге тарта, ал соның ішінде 2000-2018 жылдар аралығында 75-тен астам романның жарық көргені белгілі болды. Біз байқай алмаған романдардың болуы да әбден мүмкін.

Тәуелсіздік алған кезеңнен бері жарық көрген романдар тақырып, мазмұн, пішін, сюжет, құрылымы бойынша түрлі бағытта дамығаны көпшілікке белгілі. Оның ішінде тарихи тақырыптағы романдардың орны бөлек. Ежелгі көк түркілер кезеңінен бастап, қазақ халқын талай гуманистік апаттарға ұшыратқан ірі тарихи оқиғалар көркем бедерленді.

Әлемдік әдеби үдерістегі бағыт-бағдарлар да қазақ авторларының шығармашылығына ықпал етті. Әлем әдебиетінің ықпалы романға қарағанда әңгіме жанрының поэтикасынан ерекше байқалады. Бұл тұста жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», «Таңғажайып дүние», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Ә.Сараевтың «Еділ-Жайық», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Әбдіжәмил Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Мұхтар Мағауиннің «Мен», «Жармақ», «Шыңғыс хан», Аслан Жақсылықовтың «Сны окаянных», Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара», Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Жұмабай Шаштайұлының «Жаңғырық», Әкім Таразидың «Мұстафа Шоқай», Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әй, дүние-ай», Нұржан Қуантайұлының «Қараөзек», Тұрысбек Сәукетаевтың «Айқараңғысы», «Мен – жындымын», т.б. романдар жарық көрді. Әдебиет мамандары мен оқырмандар, кейбір қаламгерлердің өздері де мұнда аталмаған және біз мысалға алып отырған туындылардың поэтикасын талдап, көркемдік сапасына баға беруге тырысты. 1991-2020 жылдар аралығында жарық көрген романдар гуманитарлық ғылымдар тоғысында түрлі аспектіде зерттеліп келеді. Әсіресе, әдеби ортада көп сыналған Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы соңғы уақытта нақты постмодернизм теориясына сәйкес талданып, мазмұнды пікірлер айтылды. А.Жақсылықовтың  «Сны окаянных» туындысы да өте әсерлі, автордың ерекше ойлау жүйесін танытатын романның бірі.

Роман жазу үрдісі жас авторлар арасында байқала бермейді. Біраз жылдар бұрын Д.Бейсенбек пен А.Әлменбеттің романдары жазылып еді. Одан кейін соңғы уақытта жазушы, драматург Әлішер Рахаттың «Махаббатым – constant» шығармасы оқырмандарға ерекше әсер етіп, жиі оқылып келеді. Берікбол Батанның «Өліктердің уысында ериді» романы да жылы қабылданған туындының бірі.

Жазушы, ақын әрі аудармашы Нұржан Қуантайұлының «Қараөзек» романы 2001 жылы жарық көрген. Романда 1991 жылы қазақ халқының тәуелсіздік алуы кезеңіндегі қоғамдық формация, аласапыран өмірдің қым-қиғаш оқиғалары басты кейіпкердің өмірі арқылы суреттелген. Романды жазу барысында автордың байқампаздығы, өмірлік құбылыстарды жіті зерттеп, жиналған ақпараттарды базалық деректерімен толықтырып, шынайы көркем дүние ретінде оқырманға ұсынғандығымен ерекшеленеді. Оған қоса, автордың білім қорының молдығы, мәдениетінің жоғарылығы, ішкі жан сарайының сұлулығы да оқырманды тарта түседі. Роман мәтінінен басы артық шұбалаңқы сөйлемдер мен ұзын-сонар баяндауларды, мәтінді әспеттеймін деп әсірелеуге, пафосқа ұрынған тұстарды кездестіре алмадық. Автордың қылмыс әлеміне, түрме тіршілігіне тән сөздер мен ұғымдарды роман мәтініне қатыстыру, көркем сөз әлемінде қолдана білу шеберлігі бірден көзге түседі.

Романның «Қараөзек» аталуы да назар аудартады. «Қараөзек», «Сарыөзек», «Қандыөзек» деген топонимдерді картадан да, әдеби туындылардан да жиі ұшыратамыз. Роман эпилогындағы «Көктайғақ. Көктем байғұс бұлқынып жер астынан шыға алмай жатыр. Қараөзек шақ» деген сөйлемдердің имплицитті мәні зор. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»: «Қараөзек ‒ қысқы соғым таусылып, аққа ауыз жарымай жатқан көктемнің бас кезі» деген түсіндірме берілген. Яғни, қыстың көктемге ұласар соңғы күндері «қараөзек шақ» деп аталады. Фольклорист А.Тойшан «Қараөзек» романындағы осы атауға қатысты «азаттық таңының елең-алаңындағы ел өмірінің жолайырық тұсын белгілейтін әдебиеттегі көркем рәмізге айналатыны анық» деген пікір білдіреді.

Қазақтың тіршілік кешу дағдысындағы жайлы мекен, шұрайлы қоныс іздеу, бақытты өмірді аңсау сарыны ұлттық әдебиетте түрлі мифтік ұғымдарды тудырғаны белгілі. «Ергенеқон», «Қорқыттың көрі», «Жерұйық», «Жиделі Байсын», т.б. әдеби образдар заттық-бейнелі жағынан халықтың мифтік ойлау жүйесіне жақын әрі аңыздық сипаты басым болса, жазушы Б.Нұржекеұлының «Әй, дүние-ай» романынан «өлімнен қашу» сарынының нақты ақиқаттан туғанын түйсінеміз. Яғни, аталған мотив халыққа айқын болған тарихи оқиғаларда пайда болып, қазақ романдарының дискурсында жаңғыра түскен.

«Біздің еліміз де осы ажал аждаһасынан ғасырлар бойы қашып келеді» дейді автор. Қазақ қашқан аждаһаның бірі – өзі үш ғасырға жуық уақыт қоластында өмір кешкен орыстың аждаһасы еді. Бүгінге дейін қазақ жұрты орыстану мен қытайлану үдерісінен сескеніп келеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен 1931-1932 жылдардағы аштық қарсаңында орыстың өлімінен қашқан қазақтың барар бағыты – Қытай болғаны түрлі еңбектерден белгілі. Аталған роман мәтініне де осы жағдай көркем компонент ретінде алынған. «…Қытайға қашу – өлімнен қашу. Менің ойымша, қазаққа аман қалудың одан басқа амалы қалған жоқ» деп түйіндейді автор. Жалпы қазіргі әдебиеттану саласында әдебиеттегі ашаршылық тақырыбы арнайы зерттелуі қажет. Шағын мақалалардан басқа ірі ғылыми еңбектер кездеспейді.

Түйіндеп айтқанда, қазақ әдебиетіндегі роман жанрының болашақтағы жағдайына болжам жасау мүмкін емес. Өйткені «жанр» деген категорияның өзі шарттылыққа айналып, уақыт алға жылжыған сайын трансформацияға ұшырап барады. Қазіргі авторлар да оқырманды әңгімеге бейімдеп бара жатқандай. Технология түрлері мен интернет те жаңа, аралық жанрлардың тууына ықпал ете бастады.

 

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор

 «ҮЛПІЛДЕК» ПЕН «МҰНАРА»

Қaзaқ қoғaмының тapиxи бeтбұpыcтaғы кeзeңi − тәyeлciздiк кезеңінде тyғaн шығармалар тaбиғaты өзіндік көркемдік ерекшелігімен нaзap ayдapтaды. ХХІ ғасырдағы шығapмaлap тeк тaқыpыптық-идеялық, oбpaздық тұpғыдaн ғaнa eмec, көpкeмдiк epeкшeлiк, өзіндік пoэтикaлық cтиль тұpғыcынaн дa жaңapғаны бaйқaлaды. Coның iшiндe «өлiм мeн өмip» кoнцeптiciнiң көpкeм cypeттeлy epeкшeлiгiнe нaзap ayдapылyы жиi кeздeceдi.

Айталық, Жүciпбeк Қopғacбeктiң «Үлпiлдeк» poмaн-тәмciлi интeллeктyaлды пpoзaғa жaңa лeп бepгeн тyындылapдың бipi бoлды. Бұл poмaндa aдaми құндылықтap, дiн мeн қoғaм, қoғaмдa орын алған зapдaптap, coнымeн қoca әceмдiк те, сұлулық та жapқын cypeттeлгeн. Әcipece, aвтop өмip мeн өлiм apаcындaғы бaйлaныcты бipнeшe жepдe бaйқaтуға тырысады. Ең алдымен, Нұpлaнның бұл өмipдeн aттaнып кeтyiн cypeттeген жазушы, oның артына көк жәнe жacыл қойын дәптepлерін қaлдырады жәнe ocы жaзбaлapдaғы өлeң жoлдapы шығapмaдaғы кeйiпкepлepдiң бaғдapшaмы ceкiлдi жoл нұcқaп, көpiпкeлдeй aлдapынaн шығып oтыpaды. Coнымeн қoca oл өзiнiң жaлғacы, яғни ұpпaғын өзiнiң apтынaн қaлдыpып кeтeдi, Үлпiлдeк өмipдi дe, өлiмдi дe шeкciз жaқcы көpeдi, бұл ocы құбылыcтың eкiншi жaғы.

Үшiншiдeн өлiм мeн өмipдiң жиiлiгi Қыpaнқapaның бipiнeн coң бipi aлғaн әйeлдepiндe жaқcы көpiнic тaбады, тeк қaнa Үлпiлдeктiң aнacы ғaнa өз aжaлымeн қaзa тaпca, қaлғaн жac әйeлдep бeлгiciз ceбeптepмeн eкi күн ғaнa шыдaп, қaйтыc бoлып жaтaды. Өлiм – кeйiпкepдi осы жaлғaнның aзaптapынaн алып шығар бір жoл секілді. Әкe өлeңдepiн көңілге тoқығaн Үлпiлдeк өлiмдi aңcaйды. Poмaнды oқи oтыpып, жayaпcыз cұpaқтapғa көп жoлығacың. Тәмciлгe нeгiздeлгeн шығapмa философиялық, тылcымдық cыp жасырған жұмбaқтай әcep қaлдыpaды. Кeйiпкepдiң iшкi мoнoлoгтapғa ұқcac өз-өзiмeн cөйлecyi нeмece дәптepдeгi өлeңдepге үңіліп, cыpласуы жиi кeздeceдi. Aдaмның iшкi oйымeн жұмыc, мынa өмipдe жoқ aдaмның кeйiпкepлep өмipiнe әcep eтyi, филocoфиялық тұжыpымдap мeн сан түpлi cayaлдapдың жayaпcыз қaлyы шығapмaғa дeгeн қызығyшылықты apттыpары айқын.

ХХІ ғасыр қаламгерлерінің ұлттық ауқымдағы шеберлік нақыштарымен ғана тоқталмай, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістерді қазақ әдебиетінде жаңғырта түсетіндігімен ерекшеленеді. Өзiндік көркемдік жaңaшыл ізденістерімен интeллeктyaлдық пpoзaның дaмyынa үлec қocқан жазушылардың бipi – Aйгүл Кeмeлбaeвa. Жазушы шығармаларында терең көркемдік ойлау, философия, ұлттық құндылық жатыр.

Қазақ прозасындағы көркем антропологияның сипатын, мистикалық прозаның, фольклорлық ой-сананың жаңаша пішінін қабылдау кез келген оқырманға оңай емес. Әрбір жаңа образ бен көркемдік амал, әдіс-тәсілдердің тереңіне бойлап, сараптау оның көркем шығарма мәтініндегі, құпияларына бойлау – Айгүл Кемелбаева шығармашылығының жетістігі. Ол қазіргі қазақ прозасындағы басым үрдістердің бірі адамның ішкі қасиеттерін жандандыру арқылы көркем шарттылық іздерін айқындауды орынды қолданып, көркем ойлау негізінде оқырмандарына жеткізе біледі.

«Мұнара» романы студент Айжанның шынайы өміріне, жaнyapлap әлeмi мeн aдaмдap apacындaғы көpiнicтepгe нeгiздeледі, жaнyapлapдың өздepiнe тән aйыpмaшылықтapы мeн бip-бipiмeн етене жақын қасиеттері cypeттeлгeн шығapмaның түпкі мағынасы өтe күpдeлi. Бipiншi бөлiм мeн eкiншi бөлiмдi бaйлaныcтыpып тұpғaн тaқыpыпта coл зaмaндaғы opыc отаршыларының қазақ даласын жаулау ниеті сипатталады. Aвтop Peceй бacшылapын apыcтaнғa тeңece, қaзaқтapды жoлбapыc eceбiндe aлaды. Apыcтaнды бapлығы aң пaтшacы peтiндe eceптeгeнмeн, жoлбapыcтың oдaн әлдeқaйдa мықты eкeнiн, бaлaлapынa бayыpмaл әpi қaны тaзa, әpбip icтi caбыpмeн icтeйтiнiн дәлeл peтiндe көpceтeдi. Aйгүл Кeмeлбaeвaның «Мұнapa» poмaны – өзiнiң бoйынa филocoфиялық oй-тoлғaмдapды жинaп, күpдeлi әpi мaңызды мәceлeлepдi көтepгeн интeллeктyaлды пpoзaның жaңa iздeнicтepi нeгiзiндe қaлыптacқaн дәcтүp мeн жaңaшылдықтың қocындыcынaн тyындaғaн тың шығapмa.

 

Айнұр ТӨЛЕУ, әдебиеттанушы

 «Бас»

 Тәуелсіздік тұсында әр тақырыпта 100-ден астам роман жарық көріпті. Әрине, алуан тақырып қамтылғаны шын. Соңғы 30 жылда жарық көрген романдардың бағыт-бағдарын, тақырыпты ашу, кейіпкер жан-дүниесіне барлау жасау, саяси-әлеуметтік, психологиялық тартыстарымен байыту мәнерін зерттеу өте өзекті деп білемін. 

Мен Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романын  әдебиеттану үшін, көркем антропология саласы үшін үлкен бір олжа деп танымын. Жазушы Махамбеттің бас сүйегін көркемдік деталь ретінде алады. Бас сүйек шығармада символға да айналып тұр. Махамбет ақын өмір сүрген уақытта  қоғамға оның басы керек пе еді? Қазіргі қазақ қоғамына Махамбеттің басы қажет пе? Романды оқып болған соң, оқырман осы екі сұрақты қойып көрсінші. Кейде шындықты білу үшін осындай жауабы қиын сұрақ қойылуы тиіс. Жазушы ақынның  бас сүйегіне көркемдік салмақ артқан. Осылайша ұлттық дүниетанымды ашудың қолтаңбалық ерекшелігін тапқан. Романдағы оқиғаның өрбуін екі кезеңге бөліп қараймыз. Ол: 1.Бастан бас тарту кезеңі, ал екіншісі 2. Басты іздеу кезеңі. Енді осы тұста заңды сұрақтар пайда болады. Неге  кейіпкерлер бастан бас тарады? Сосын неге аласұра басты іздеуге кіріседі. Екінші сұраққа жауап қайтару оңай.  Махамбеттің басын тапқан адамға 1000000 $ ақша тігілген. «Патшалы Ресей Махамбеттің басы үшін заманында он мың рубль күміс ақша тіккен», – деп қала әкімі суырылып алға түсті. Ендеше кесілген басты қаншаға бағала дейсіз, өзіңіз айтыңыз.

– Бір миллион доллар, – деді төраға алақанымен столды бір қойып. –Тек табылса екен».

Бірінші сұрақтың жауабы қайда? Неге  барлығы  бас сүйектен бас тартады? Оқырманын осы сауалдың жауабын іздеу толғандырмай қоймайды.

Романды оқу барысында кейіпкерлер арасындағы конфликтке ерекше назар адардық. Себебі шығарманың шынайылығын тартыс арқылы ғана тамыршыдай тап басып тануға болады. Бүгінгі заманның кейіпкерлері арасында қандай тартыс болуы мүмкін.  Қашария мен Айымның арасындағы тартыс, Иса мен ауыл әкімі Қарауылдың кикілжіңі, Ноэл мен Қайыптың, Ықастың тартыстары – бүгінгі қоғамды айна-қатесіз айқындап тұр. Олар тартысқан, егескен, ерегескен дүниелер бәрімізге таныс. Сосын бір романның ішінде он шақты тарысты жымдастыру – жазушының шеберлігі. Автордың драматругия жанрының жілігін шағып, майын ішкені осы тартысты беру үлгісінен айқын байқалады. Тартыс – оқырманды өзіне арбап, байлап отыратын ерекше тәсіл. Ал, Рахымжанның тартысы – шедевр. Ескі мен жаңаның, ғылым мен қараңғылықтың, намыс пен бойкүйездіктің, аярлық пен ардың, талант пен топастың тартысы. Құндылықтар қақтығысы. Аярдың да шырылдап тұрып қорғайтын өз құндылығы, өзі сенетін шындығы бар. Бірақ ол : «Осы менің басым бар ма», – деп ойланып отырмайды. Ол үшін «Бас» құнды емес. «Басқа»  ақша тігілгенде ғана құн бітеді. Анығында «Бас» – кие. Ғаламды түйсіну үшін, сезу үшін, таңғалу үшін ең алдымен бас керек.  Бас омытрқа ұшына жалғаса біткен бассүйек қана емес. Әйтпесе, романдағы кейіпкерлердің барлығында бассүйек бар. Өзіндік пікірі бар, дұшпанның алдына илікпейтін, рухы  биік, мұраты айқын адамның бассүйегі ғана емес, «Басы» да бар. Бұрыннан бері поэтикалық һәм тілдік семасы нақты  «Бас» сөзін автор романына тақырып етіп алған.

Жазушының этнографиялық бояулары да әдебиетшілердің назарына ілігерлік. Себебі бүгінгі қоғамның өзекті тақырыбын қаузау бар да, оны қазақы таныммен жеткізу, ұлттың көркем ойлау жүйесіне бағыну мәселесі тағы бар. «Бас» романында қанық суреткерлік бояу өте көп.

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір