Тәуелсіздік – аманаты елімнің!
11.12.2020
844
1

Желбіретіп төрімізге ту тіккен,
Тәуелсіздік – бабаларым арманы.
Бейбіт пенен татулықты, достықты,
Ата-бабам ұрпақтарға арнады.

Көк байрағым аспанымда желбіреп,
Қыран құстай биіктерде самғады.
Көтеретін аспан түстес жалауын,
Ұлы болам ұланғайыр даланың.

Айбарлы жастары бар жан алысқан,
Айырылып қалды елім сан арыстан.
Азаттықтың жолында арпалысқан,
Сол ерлерді ешқашан ұмытпайық.

Тәуелсіздік – еркіндігің, елдігің,
Туған елім басқа елдермен тең бүгін.
Тәуелсіздік – бейбітшілік жанары,
Тәуелсіздік – аманаты елімнің!

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
 «№104 жалпы білім беретін мектеп» КММ
7 «А» сынып оқушысы  Мағжан ЖУМАНОВ
Жетекшісі:   ОРАЗАХЫНОВА Майгүл Батырхановна

ПІКІРЛЕР1
Аноним 08.04.2021 | 09:30

5сынып

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір