Парижде өлеңдер өлмейді…
20.11.2015
1700
0
981791_1794229187___________-eiffel-______________-paris-1374528Лувр жабылды.
Изида үнсіз.
Венера мұңды.
Парижде готикалық мәнер.
Елітерсің кімді,
Оқ дәрі иісі әтірден күштірек, Шанель!?
Елисей алқабын Бодлер гүлдері жапты –
Зұлымдық гүлдері…
Эйфель оттарын жақты –
Джаконда күлмеді.
Жабылса – жаңғақ,
Апельсин секілді ашылған терезең,
О, күзде неліктен өлеңдер тоңғақ,
Неліктен кебеді кенезең?!
Мен халқым секілді тұп-тұнық аспанды сүйем,
Адамдар неліктен аспанға сенбейді?
…Қайғыңа ортақпын, Гийом,
Парижде  өлеңдер өлмейді!
Ақындар өлсе де…
Ерлан ЖҮНІС.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір