Парижде таныстырылған трилогия
15.12.2025
114
0

Жақында Қазақстанның Франциядағы елшілігі жанындағы Абай атындағы мәдениет және әде­биет орталығында француз тілінде басылып шыққан «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік (Қазақы нұсқа)» трилогиясының тұсаукесері өтті.

Шараға арнайы келген Қазақстанның Франциядағы елшілігінің екінші хатшысы Болат Өтеген, Қазақстанның Франциядағы елшілігінің Париждегі консулы Марат Бақтияров Франция еліндегі Қазақ қауымдастығының төрағасы Реджеп Қанай, Абай атындағы мәдениет және әдебиет орталығының төрайымы Баян Жанбауова, Парижде тұратын ақын Төлеген Айбергеновтің қызы Айнар Айбергенова, тәрбие және білім саласының ардагері Надин Пеарьа, Париждегі «ALEM» ассоциациясының вице-президенті Майра Ысқақова, Сорбонна университетінің студенті Тома Кетарлар туындының құндылығына тоқталып, ойларын ортаға салды. Сонымен қатар жергілікті зиялы қауым өкілдері, студенттер, Париждегі қазақ қауымдастығының өкілдері қатысты.
Туынды авторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті жазушысы Жалғасқали Дүтмағанбетов: «Біз Наполеонның әскерін өкшелеп қуып, Парижге дейін барған орыс әскерінің құрамында шайқасқан қазақтар ерекше ерлік жасағанын француз тарихшыларының айтуы бойынша білдік. Кітаптарда екі жүз жылдық тағдырымыз нақты дерек көздеріне сүйене отырып баяндалды. Архивтік материалдар пайдаланылды», — деп «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік (Қазақы нұсқа)» трилогиясының жазылу барысы турасында айтып берді.
Аударма сапасына ерекше мән берген автор Абылай хан атындағы Әлем тілдері университетінің ұстаздар ұжымымен берік байланыста болып, аудамашылармен де шығармашылық тұрғыда жұмыс істеген. Соның нәтижесінде кітаптың Франция еліндегі француз тіліндегі нұсқасының таныстырылымы Париж жұртшылығының қызығушылығын тудырды.

Салтанат ӘБДІҒАЛИ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір