ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ ІЗДЕРІ: ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС
13.11.2015
1986
0
381646_1802374855_jpegБатыс ойшылдары өз рухани қазынасын сақтаған Шығыстың оянып келе жатқанын, бұл елдердің бо­лашақта өркениет үлгісіне айналуы мүмкіндігін мойындайды. Белгілі географиялық аймақта пайда бол­ған, әлемдік өрке­ниеттер дамуының алғы ше­бінде, ізашар ретінде кейінгіге өшпес мұра, үлгі қал­дырған Шығыс елдерінің аңызбен астасқан ма­териалдық игіліктерді өн­діру, жасау жолдары мен діни, адами ұста­нымдары, рухани құндылықтары Қалас Жамаловтың «Сөздік-Словарь» бас­пасынан жарық көрген «Әлемдік өр­ке­ниет іздері: Ежелгі Шығыс» кітабына ар­қау болған. Адамзат дамуының әрбір сатысында өзіндік орны бар мәдениеттің, соның ішінде көшпенділер мәдениеті дамуының әлі де болса ашылмаған сыр­лары көп. Еуразия кеңістігінде ор­­наласқан Ұлы Дала сан ғасырға со­зыл­ған күрделі тарихымен, өзіндік ерекшелігімен қалыптасқан көшпенді және отырықшы мәдениетімен көзге түседі.  
Кітаптан шығыстық ұстаным, әлеуметтік болмыс туралы түпнұсқалық мәліметтерді, мамандардың зерттеу жұмыстарын табуға болады.
ПІКІР ҚОСУ