«Кешіккен кездесу» кітабы оқырманға жол тартты
11 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде грузин ақыны Маквала Гонашвилидің «Кешіккен кездесу» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.
Кітап Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қазақ тілінде жарық көрді. Іс-шараға қазақтың қабырғалы ақыны және кітаптың аудармашысы, Ғалым Жайлыбай, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚХА және Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Белгілі грузин ақыны, Грузияның еңбек сіңірген қайраткері Маквала Гонашвили шығармаларының қазақ оқырмандарымен таныстырылымы онлайн, офлайн режимде және ZOOM платформасы арқылы өтті. Сонымен бірге Грузиямен онлайн режимде байланыс орнатылды.