Мұрат БЕКЕЙ, ақын: СҮЙІКТІ ӘДЕБИ КЕЙІПКЕРІМ – МЕҢТАЙ

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?
– Адалдық.
– Ер адамның басты қасиеті не?
– Арлылық.
– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?
– Амандық, жан-дүниеңмен
келісімде жасау.
– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?
– Меңтай.
– Ең басты кемшілігіңіз қандай?
– Асықпау.
– Бос уақытыңызда немен
айналысасыз?
– Бау-бақшамен.
– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?
– Алдымен адам.
– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?
– Зияны бірінші орынға қоятын
елде.
– Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?
– Мықты жад иесі.
– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?
– Түсіністік таппағанда.
– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?
– Құдайға сену деп түсінемін.
– Егер өнертапқыш болсаңыз, нені ойлап табар едіңіз?
– Сөйлейтін оқулық.
– Неден жиіркенесіз?
– Екіжүзділіктен.
– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи
тұлға кім?
– Н.С.Хрущев.
– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?
– «Сабақты ине – сәтімен».
– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?
– Жоқ.
– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі?
– «Сағаттың шықылдағы
емес ермек».
– Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиет жоғалып барады?
– Тектілік. Сөзге тоқтау.
– Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?
– Екеуі де бар. Бөле-жара атау қиын.
– Жас қаламгерлердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?
– Артықшылықтары – ізденгіштігі.
Кемшіліктері – өзімшілдігі.