Үнсіз музыка
30.07.2020
817
0

Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы. Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР БҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Көркем академиясының толық корреспондент-мүшесі. Суретші, педагог.

1962 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген.

КСРО Суретшілер одағының жастар бірлестігінің мүшесі (1989).

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (1995).

Марапаттары: Жамбыл атындағы халықаралық (1996), «Дарын» мемлекеттік жастар (1998), М.Мақатаев атындағы сыйлықтардың лауреаты (2008), «Үздік Ұстаз» төсбелгісі (2008), ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы (2009), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісі (2016 ж.), Райымбек ауданының құрметті азаматы (2017 ж.), «Ұлы ел тарандысы» (2019 ж.), «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» (2019), ҚазҰПУ-нің 90 жылдығына арналған (2018) және Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдығына арналған (2019)  медалдармен марапатталған.

Көптеген республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. «Үнсіз музыка» жеке көрмесі Алматы (2017), Гейдельберг, Германия (2019) және Кахраманмараш, Түркия (2020) халықаралық көрмелері.

Шығармалары Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мұражайларында, сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Балтық жағалауы елдерінде, АҚШ, Түркия, Германия, Жапония елдерінің жеке коллекцияларында сақталған.

***

Тоққожа өзіне тән реалистік мәнерде әрбір ұсақ детальге тоқталып, формасына ерекше өміршеңдік, шындық сипатта, өз кейіпкерлерін сезімдерімен әлдилей отырып жазады. Тоққожа суреттерінің пластикасы қарапайым әрі күрделі, өйткені ол сезімге толы эмоциялық сәттерден тұрады. Міне, осы «Сәл-пәлден» басталатын үн сомдалған бейненің ішкі әлеміне әдемілік, ерекше өміршеңдік сыйлайды. Бұл жерде суретші Жаратушыға ұқсас. Пайғамбарымыз: «Алла – көркем және ол сұлулықты сүйеді, жүзіне қол жеткізсе де ішкі мәніне қол жеткізе алмаса – ол мақсатына жетпегені» деген. Тоққожа композициялары аяқталғандығымен де ерекшеленеді, ол бейнелеген адамның сыртқы ұқсастығымен рухани дүниесінің үйлесімін табуында, адам болмысының ішкі мәнінің тереңдігіне бойлауында жатыр. Бұл шығармашылық ізденістегі соңғы мақсаттың орындалуы.

Болат Байжігітов, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР әлеуметтану ғылымдарының корреспондент-мүшесі

***

Т.Қожағұловтын шығармашылығы — сыртқы көрінісі мен ішкі әсерлердің шынайылық нүктесінде тоғысады. Суретші шығармалары ешкімге ұқсамайды, өзіндік қолтаңбасымен толықтырылған, тұлғалардың көркем образын мәтін астарындағы қат-қабат мазмұндардан жинақтайды. Түстердін қатысынан дүниенің шынайы сырын іздейді. Тұлғалар бейнелерін сомдаумен тарихи жадыны қайта қозғайды. Т.Қожағұловтын шығармашылығы қазақ болмысын ірі тұлғалар бейнесі арқылы ашуға бағытталған.

Қалдыгүл Оразғұлова,

философия ғылымдарының кандидаты, өнертанушы

 

***

Т.Қожағұлов портрет жанрымен тиянақты айналысады. Мұнда суретші адамдар образының көпқырлылығын, ойларын, жан-дүниесінің байлығын және өмірін ашып көрсетуге тырысады. Ол өте карапайым және табиғи түрде қосымша эффектілерді қоспай-ақ өзінің образдарын тартымды процесс ретінде керерменмен диалогқа түсіреді. Ал мұның артында шебер суретшінін, психологтың, колористтің шеберлігі көрінеді. Т.Қожағұлов портреттерінің галереясы көпқырлы және олардан барлығы образды ішкі бірлестігімен байланысады.

                                    Сахи Романов

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір