«ИДИКУТ»ӘЗІРБАЙЖАНДА ЖАРЫҚ КӨРДІ
05.06.2020
603
0

Ұйғыр әдебиеті өкілдерінің Қазақстанның бірлік пен ынтымағын сақтап, түркітілдес елдердің мәдениет және өнер саласындағы байланыстарын нығайту жолында сіңірген еңбектерін атап өтеді. Сондай-ақ кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған Қазақстан халқы Ассамблеясының белді мүшесі, қоғам қайраткері Ахметжан Шардиновқа, Әзірбайжандағы Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының төрағасы Акбар Қошалыға ризашылық білдіреді.

Ал Бакуде тұратын өнертанушы-ғалым Сәнубәр Хаджиева-Ілияслы кітаптың сүйінші данасын оқып шығып: «Идикут» – Әзірбайжан тіліне аударылған ең алғашқы ұйғыр романы», – дей келе, шығарма өзегіне түсініктеме береді.

Кітапты қызықты ететін бір әсерлі жайт, сол кездегі тарихи көрініске негізделген ақпарат көп кездеседі. Туындыны оқи отырып, ұйғырлардың тарихымен қоса, моңғолдардың да тарихына, мәдениетіне, киім кию дәстүріне, наным-сенімдеріне және басқа нақты деректерге куә боламыз. Сондықтан тарихи шындыққа негізделген «Идикут» романы Әзірбайжан мемлекетінде де өз оқырманын табады деп сенеміз», – дейді.

Жинақтың таныстырылымы алдағы уақытта Бакуде және Алматы қаласында өтетін болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір