«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН» ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
09.05.2020
248
0

 Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын облыс тұрғындарына барлық этностардың рухани бай әлемін насихаттауға бағытталған іргелі іс-шаралар өткізеді. Сол із бойынша ел ішінде қалыптасқан төтенше жағдай кезінде онлайн түрінде «Бірлігіміз жарасқан» атты вокалдық конкурс өткізілді.

  Байқау барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері ұлттық тағамдар дайындау, салт-дәстүрлерді көрсету, ұлттық ойындар өткізу ерекшеліктерін аша түсетін шеберлік сабақтары топтамасының түсіріліміне қатысты. Бұл бейнеролик облыстық телеарналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Әбішев этномәдени бірлестіктер белсенділерін жеке құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Байқау отбасылық вокалдық ұжымдардың, жеке орындаушылардың шығармашылығын көтермелеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтары арасында рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталды. Шараға СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, облыс аудандары этномәдени орталықтарының өкілдері, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер қатысты. Қатысушылар патриоттық, достық және махаббат туралы әндер орындады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Городецкийлер әулеті 1-орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ҚОСУ