«Күй тыңдайық»: Мұрат Әбуғазының орындауында Боранқұлдың күйі «Жұртта қалған»
27.04.2020
2237
2

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын күйші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаевтан қабыл алған күйші, ғалым Мұрат Әбуғазы жалғастырады. Ар қарай күйші, зерттеуші, Өнер университетінің ұстазы Жұмабек Қадырқұлов жалғастырады.

Мұрат Әбуғазы – ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші. 1974 жылы 5-желтоқсанда Тарбағатай ауданы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін Қазақстан Респуликасыныц «Білім беру ісінің үздігі», ұстаз Қ. Рақышеваның класында оқыған. 1994-1999 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, профессор А.Тоқтағанның класынан дәріс алған. Республикалық конкурстардың лауреаты. Бірнеше оқу-методикалық кітаптардың авторы. «Құрманғазы» (2005), «Тәттімбет және Арқа күйлері» (2005), «Сүгір. Қаратау шертпесі» (2006), «Сарыарқа әндері» (2008), «Шығыстың шыңырау күйлері» (2010) ноталар жинақтарын құрастырып шығарған. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, «Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай күйшілік өнері» жөнінде оқыған баяндамалары ғылыми мақалалар жинағында жарық көрген. Күйші-орындаушы ретінде дәстүрлі музыка фестивальдері, республикалық телеарналар арқылы күйшілік өнерді насихаттап, еңбек етіп келеді. Орындаған күйлері қазақ радиосының алтын қорына енген. ҚР білім беру ісінің үздігі.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 17.06.2020 | 19:42

Тамаша

Аноним 24.06.2020 | 00:23

Керемет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір