«Күй тыңдайық»: Ерболат Мұстафаевтың орындауында халық күйі «Ақсақ құла»
15.04.2020
1557
2

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын белгілі күйші, қобызшы, өнертанушы Саян Ақмолдадан қабыл алған Ерболат Мұстафаев халық күйі «Ақсақ құланы» орындап, күй сәлемді Талғат Орынтаевқа жолдап отыр.

Ерболат Мұстафаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана» медалінің иегері, «Өнертану» саласының қауымдастық профессоры. Көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы.

Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Марокко, Гвинея, Гвинея-Бисау, Конго, Гана, Сьерра-Леона, Ангола, Ресей, Белоруссия, Украина, Литва, Латвия, Эстония, Молдавия, Грузия, Армения, Азербайджан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді елдерде қазақ күй өнерін дәріптеген. Репертуарында 400-ден астам күй бар. 

 Мичурин ауылындағы музыка мектебінің оқытушысы, Құрманғазы атындағы академиялық оркестрінің әртісі, Қазақ Мемлекеттік ән-би ансамблінің жеке орындаушысы және оркестр жетекшісі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде оқытушы және бөлім меңгерушісі болып әр жылдары қызмет атқарған.

«Күйші, композитор, ұлағатты ұстаз», «Домбыраға арналған ансамбльдер», «Мақам-мәңгілік мәйегі», «Көне құлақ, ескі жад», «Күй өнері және тәрбие» секілді кітаптардың авторы.

 

ПІКІРЛЕР2
Аноним 15.04.2020 | 20:21

Керемет!

Аноним 16.04.2020 | 12:12

Керемет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір