«Күй тыңдайық»: Ардаби Мәулеттің орындауында Әшімнің күйі «Салықшы»
10.04.2020
1857
0

«Қазақ әдебиеті» газеті «Күй тыңдайық» жобасын жалғастырған танымал күйші Жанғали Жүзбай Қыздарбектің «Сылқым қызын» орындап, эстафетаны шәкірті, Шығыс күйлерін зерттеуші Ардаби Мәулетке жолдаған еді. Ардаби Мәулет Әшім Дүңшіұлының ел арасында көп орындала бермейтін «Салықшы» күйін орындап, күй сәлемді белгілі күйші Біләл Ысқақ пен сыбызғышы Талғат Мұқышевке ұсынып отыр.

Маулет Ардаби – ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. Екі монографияның және 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Маулет Ардаби соңғы 12 жыл көлемінде қазақтың музыкалық мұрасы күйшілік өнер туралы іргелі жинау, зерттеу жұмыстарына қатысқан. Оның ішінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі 100 күйі» (2009 ж) атты музыкалық антологияға жеке қорынан 100-ден астам белгісіз күйлерді қосқан. 2012-2015 жылдар аралығындағы Қазақ радиосының эфирінен «Ұлт мұрасы», «Күй құдіреті» атты рухани мұраларды насихаттау мақсатында арнайы бағдарламалар жасады. 2019 жылы «Өнертнау» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін қорғады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір