«Күй тыңдайық»: Қайрат Айтбаевтың орындауында Тәттімбеттің күйі «Секіртпе»
07.04.2020
2331
2

«Қазақ әдебиеті» газеті «Күй тыңдайық» жобасын қолға алды. Бүкіл әлем қазір коронавирустың салдарынан карантиндік режимде өмір сүріп жатыр. Миллиардтаған халық үйде отыруға мәжбүр. Елімізде мектеп, балабақша, жоғары оқу орындары қашықтан оқу режиміне көшті. Үлкен қалаларымыз карантинге жабылды. Бұл індеттен тек қана сақтық, жауапкершілік құтқарады. «Үйден шықпаңыз»! 

Бұл мезгіл – өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылықпен айналысатын адамдар үшін орайлы сәт десек те болады. Қазір елдің бәрі ютубтан кино көріп, ән тыңдап, түрлі жанрдағы дүниелерді қарап отыр. Ендеше, қазақтың шежірелі тарихын күй тілінде өрнектеген асыл қазынамызды бір уақ тыңдасақ, жас ұрпақ ұлттық күйді тыңдау мәдениетін үйренсе деген ниетпен күйшілерге дұғай сәлем жолдадық. Әлеуметтік желілерде түрлі эстафета-челлендж көбейген тұста, ұлт руханиятының ұйтқысы «Қазақ әдебиетінің» бастамасын оқырман қауым жақсы қабылдар деген ниеттеміз.

Күйші Қайрат Айтбаев Тәттімбеттің «Секіртпесін» орындап, күй сәлемді дәулескер күйші Жанғали Жүзбаевқа жолдады.

Күйші Қайрат Хамитұлы Айтбаев 1982 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл-Жайылма ауылында дүниеге келген. Ақкөл-Жайылма ауылындағы 9 класстық орта мектепті бітірген соң Павлодар музыка колледжін тәмамдаған. 2001-2005 жылдары Астана қаласының Ұлттық музыка академиясында күйші Жанғали Жүзбайдың классында оқыған. 2007 жылы Англиядан, 2010 жылы Франциядан шықққан күй табаққа күйлері енген. 2008 жылы Тәттімбет атындағы үшінші Республикалық конкурстың Гран При иегері.  2005 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар музыка колледжінде ұстаздық етті. 2010 жылдан осы кезге дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы.

«Күйші Жанғали», «Бір мысқал», «Сыр сандық» кітаптарының авторы.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 20.04.2020 | 16:12

Жасыңнан өнерге ұмтылысың жақсы еді. Кенжебай бауырым сені мама сенің туысың деп әс көтеріп бауыр тартып жүрушееді. Қабарласпай жүрсің ғой бауырым. Өнерің арта берсін. Тілеуқор әпкең Баян. 👍🙋‍♀️

Аноним 19.10.2023 | 10:08

қотақпкс

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір