Алматыда Абайдың жаңа мүсіні бой көтерді
07.02.2020
576
0

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Алматының Жетісу ауданында ұлы ойшылдың мүсіні ашылды. Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.

Ескерткіштің ашылу салтанатына танымал қаламгерлер мен ақын мұрасын зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оқырман қауым қатысты.

«Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындардың бәрі үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның философтың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналып отыр. Әр адам үшін ақын шығармаларының, ізгі өсиеттерінің берері мол», – деді қала әкімі Б. Сағынтаев.

Мүсін Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы «Гүлдер» скверіне қойылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір