Туған жеріне кеуде мүсіні қойылды
15.07.2025
218
0

Түркістан облысы, Шардара қаласының орталық саябағына белгілі ақын, сыншы, әдебиетшi-ғалым, мәдениет­танушы Әмірхан Балқыбектің кеуде мүсіні орнатылды.

Игілікті іске бастамашы болған ақынның досы, ақын Маралтай Райымбекұлы. Ескерткіш-бюст­тің авторы танымал мүсінші Алтай Бейсенов.
Өткен ғасырдың 90 жылдары әдебиетке келген Әмірхан Балқыбек әр жылдары маңдайалды республикалық басылымдарда қызмет атқарды. Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын әдеби сынның дамуына да ерекше үлес қосты. Ол 45 жыл сүрген қысқа ғұмырында артына «Метаморфоза», «Сынған сәуленің шағылысуы» және «Қасқыр құдай болған кез» сынды кітаптар қалдырды. Өмірден озған соң ақынның «Ақын апологиясы» кітабы жарық көрді.
Айта кетейік, 2019 жылы Алматыда Әмірхан Балқыбек тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған болатын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір