АЙНАЛАҢ МЕН ӨЗ ЖАНЫҢНЫН ҮНДЕСТІГІН ТАПСАҢ – СОЛ БАҚЫТ
«Пруст сауалнамасы» vs «Қазақ әдебиеті»
Сауалнама қонағы – ақын Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
– Адамның басты қасиеті не деп
ойлайсыз?
– Адалдық пен кәсібилік шығар…
– Ер-азаматтың басты қасиеті ше?
– Бірсөзділік және қайсарлық деп ойлаймын.
– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?
– Айналаң мен өз жаныңнын үндестігін тапсаң – сол бақыт!
– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?
– Шығармада да, өмірде де Оспан батырдың тұлғасына бас иемін.
– Ең басты кемшілігіңіз қандай?
– Ұрымтал сәтте ұмтылдырмайтын жігерсіздік…
– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
– Диванда жатып, теледидар тамашалаймын.
– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды
қалар едіңіз?
– Маған өз мамандығым ұнайды. Дегенмен таңдау берілсе, конструктор болуды қалар едім.
– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?
– Халқы – бақ-қуатты, патшасы – қанағатшыл, ерлері – ұлтжанды елде тұрғым келеді.
– Қандай ерекше қасиетке ие болғыңыз
келеді?
– Адамдарды жақсылыққа үндейтін, сөзіме иландыра алатын болсам ғой…
– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?
– Көнтері жандарға кездесіп, ақиқатты айту қолымнан келмей қалғанда…
– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай
түсінесіз?
– Егер ерік-жігеріңді бір мақсатқа жұмылдырсаң, ғайыптың өзі шындыққа айналуы ғажап емес!
– Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені
ойлап табар едіңіз?
– Һарам пиғылды адамдарды бірден анықтап, елге енгізбей қоятын қондырғы жасар едім.
– Неден жиіркенесіз?
– Екіжүзділік пен ұятсыздықтан!
– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?
– Голощекин.
– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?
– «Білгеніңді айта берме, айтарыңды біліп отыр».
– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?
– Жалпы, өте көңілшекпін.
– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың
бір сөзі?
– «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңді бірің сөйле сөзің тосып».
Біріңді ғиззәт, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып!»
– Қазіргі адамдардың бойынан қандай
қасиеттер жоғалып барады?
– Жанашырлық, ізгілік, бекзаттық.
– Біздің заманымыздың мықты ақыны
кім? Мықты жазушысы ше?
– Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Өздерін «классик» санап жүргендерді өкпелетіп алармын. Дегенмен әдебиетте оза шауып жүрген оғландарымыз баршылық.
– Жас қаламгерлердің бойынан қандай
артықшылықтар мен кемшіліктерді
көріп жүрсіз?
– Білімділік пен ізденімпаздық – артықшылығы. Жайдақтық пен қиялилық – кемшілігі!
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.